Ақтауда көп балалы аналар «Алтын», «Күміс» алқамен марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай ҚР-ның Президентінің 2021 жылғы 1 қарашадағы №684 Жарлығына сәйкес 10 көп балалы ананы «Алтын» алқамен марапаттады. Сонымен қатар 22 көп балалы анаға «Күміс» алқаны табыстады.
«Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан – барлық мақтауға лайық. Өңірдің дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін Алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай.