Былтыр желтоқсан айында жол апатына ұшыраған бойжеткен қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Зардап шегуші бір айдан аса комада жатып, ес жимастан қайтыс болды. Екатерина Панасянның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, жол апаты 2 желтоқсанда болған. Көлік жолдан шығып кетіп, жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан 28 жастағы қызды қағып кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Облыстық аурухана зардап шегушінің көптеген дене жарақатын алып, үшінші дәрежелі комаға түскенін хабарлаған еді.