Ақтауда ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-дастан» науқаны өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Ассамблеяның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараны Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізді.
Шара аясында перинаталдық орталықта жатқан аналар мен олардың нәрестелеріне қазақтың қара домбырасы сыйға берілді.
Оған облыстық Ассамблеяның қоғамдық орынбасары, әзербайжан ЭМБ төрағасы Шамсадин Гусейнов, МО ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Тангиев Джамбулат, аналар кеңесінің төрағасы Аманкүл Джайлханова, МО ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары, аналар кеңесінің мүшесі Зарета Фаталиева, ҚХА ардагерлер кеңесінің мүшесі Раиса Маденова, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер Медет пен Индира қатысты.
Ұйымдастырушылар домбыра, балаларға арналған киім, кондитерлік және сүт өнімдерін табыс етті.
Сондай-ақ Ақтау қалалық перинаталдық орталығының қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан естелік сыйлықтар берді.
Айта кетейік, еліміз шілденің бірінші жексенбісінде домбыра күнін атап өтеді.