Каспий теңізіне қара сұйықтықты (смола)э ағызу дерегі бойынша талдау жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдау нәтижесінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-мен ЖЭО-1 су жинау арнасында механикалық жолмен, яғни жер снаряды көмегімен теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүргізілгені анықталған.
— Аталған жұмыстар су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының келісімінсіз істелген. Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының актісі негізінде ЖШС ӘҚБтҚРК-нің 141-бабына сәйкес (суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген прокуратура хабарламасында.