2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, «Каракалпакия» – «Бейнеу» бағытындағы теміржол қатынасы да тоқтатыла тұруы мүмкін.
Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтардан сапарларын алдын ала жоспарлауы сұралады.