Ақтауда тротуарда көлік қағып кеткен қыз әлі комада жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық ауруханасы анестезиология, реанимация және реанимация бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Қойбековтың айтуынша, жол апатынан зардап шеккен 28 жастағы қыздың жағдайын айтып берді.
«Кеше науқасқа тағы бір операция жасалды. Науқастың денсаулығы өте қиын, ол үшінші дәрежелі комада жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деді Бақытжан Қойбеков.
Еске сала кетейік, жол көлік апаты 2 желтоқсан күні сағат 21:53 шамасында 12 шағынаудан 70 үйдің артында болған. Оқиғадан зардап шеккен тұрғын ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА