«Ынтымақ» алаңында орналасқан бас шыршаның шамы жағылды. Шыршаның биіктігі – 15 метр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бас шырша жарықиодты шамдармен, жаңажылдық түрлі ойыншықтармен безендірілген. Шырша шамы жағылғаннан кейін тұрғындар аяз ата мен қарша қыздың қатысуымен өткен концертті тамашалады. Сонымен қатар өнерлі қала жастары «Жұлдызды аспан» сәндік жарықтандыру инсталляциясы маңында ән айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, биыл қалада екі шырша безендірілді. Бірі 12 шағынаудандағы «Ынтымақ» алаңында болса, екіншісі 15 шағынауданда теңіз жағалауында құрылған. Аталған шыршалар жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН