Оқиға орнында жарақат алған тұрғын өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«1993 жылы туған науқас Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында, үшінші дәрежелі комада жатыр. Жәбірленушінің миы шайқалған, сол жақ жамбас сүйегінің сынуы, жабық кеуде жарақаттары, мықын сүйегінің жабық сынуы және басқа да көптеген жарақат алған», - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ақтауда 2 желтоқсан күні сағат 21:53 шамасында 12-шағын аудандағы 70-үйдің артында жол-көлік оқиғасы болған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА