Облыста 21 емхана ревакциналауды бастаған. Осы уақытқа дейін 12 257 адам қайта екпе алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайта егілгендердің ішінде 3 164 медицина қызметкері, 246 мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органдарының 2 655 қызметкері, 169 өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкері, вахталық әдіспен жұмыс істейтін 171 адам, 1 120 педагог, 9 адам медициналық-әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ ХҚКО-ның 32 қызметкері, әуежай мен әуе компанияларының 14 қызметкері, 15 теміржолшы, 2 ас үй қызметкері, сауда кәсіпорындарының 21 жұмысшысы, 17 БАҚ қызметкері, «Д» есепте тұрған 37 науқас, 9 мүгедек, 89 студент, 61 жүкті әйел, 4 бала емізетін әйел, 30 учаскелік полиция және басқа да 4 367 тұрғын бар.
Облысқа жеткізілген 698 685 вакцина дозасының (Sputnik V – 150 095, Sputnik V (екінші компонент) – 152 640, QazVac – 62 860, HayatVac – 27 000, CoronaVac – 20 000, Sinovak Verocell – 129 480, Pfizer – 93 600 доза) 380 327 дозасы салынды.
«Қазір тұрғындар ресейлік Sputnik V, отандық QazVac, Sinovak Verocell, CoronaVac, Pfizer вакциналарын салдыра алады. Екпе салдырғаннан бері облыс бойынша бірінші компонентпен 200 427 (51,6%) адам, екінші компонентпен 179 900 (46,3%) адам егілді. Облысқа Pfizer вакцинасының 156 610 дозасы келді. Қазіргі уақытта I кезең бойынша 5 949 адам егілді, оның ішінде 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер 3 256 доза, лактация кезіндегі әйелдер 1 668 доза - босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң (бала 2 жасқа толғанға дейін 42 күн бұрын) және жүкті әйелдердің 1 025 дозасы (жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін) ревакциналаудан өтеді. Ал 2-кезең бойынша 2 618 адам, оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 1 690 доза, 618 доза әйелдер лактация кезінде - босанғаннан кейінгі кезең (бала 2 жасқа толғанға дейін 42 күн бұрын) және жүкті әйелдерге 310 доза (жүктіліктің 16-37 аптасы) аяқталғаннан кейін», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.
Айта кетейік, елде ревакциналау 22 қараша күні басталды. Алдымен екпені тәуекел топқа кіретін медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, жабық балалар мекемелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Содан соң халықтың осал топтары екпе салдырады.