© Фото скриншот
Ақтау-Жетібай тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен екі тұрғын үйге шығарылды. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккен балалар 2010 және 2017 жылы туған. Бұған дейін олар облыстық балалар ауруханасында болған. Бүгін Жаңаөзенге, яғни үйіне қайтарылды.
«Жол апатынан зардап шеккен екі бала Жаңаөзен қалалық №3 емханаға қарайды. Емхана дәрігерлері балалардың үйіне барып, денсаулығын тексерген. Жағдайлары жақсы», - деді басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 14 қаңтар күні Ақтау-Жетібай жолында жол апаты болды. Оқиға орнында 3 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданы ПБ-да тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА