Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев дүниеден өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 мамырда сағат 09.00-де Мұратбаев 48 мекенжайында жаназасы, 10.00-да Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында қоштасу рәсімі өтеді.
«Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз», — дейді театр ұжымы.