«Эко Маңғыстау» ҮЕҰ ауа сапасының мониторингі үшін датчиктерді орнату жалғасып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Былтыр датчиктер Ақтау, Шетпе, Жетібай, Басқұдық және Маңғышлаққа қондырылған болатын. Ал қазір Форт-Шевченко мен Құрыққа орнатылды. Енді аймақ тұрғындары ауа сапасын бақылап, денсаулыққа тигізер теріс әсерді азайта алады.
Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта Жаңаөзен мен Бейнеуге аталған қондырғы орнатылады.
«Жақында Маңғыстау облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп, Ақтаудағы барлық датчикті AirKZ мобильді қосымшасы арқылы «Қазгидромет» РМК қосуды жоспарлар отырмыз», - дейді «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ өкілдері.
Аталған қондырғылар Қазақстандағы АҚШ Елшілігі қолдайтын әлеуметтік жоба аясында орнатылып жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ алынды