Өзбекстанның Ақтау қаласындағы бас консулы Атабек Тұрсынбеков «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дутбаевамен кездесу өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атабек Тұрсынбеков 24 қазанда өтетін Өзбекстандағы президенттік сайлаудың дайындығы айтты. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы Бас консулдық аумағында № 22 сайлау учаскесін құру, сондай-ақ 14-20 қазан аралығында Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларында мерзімінен бұрын дауыс береді.
Айсұлу Дутбаева бүгінде өзі басқаратын серіктестікте аймақтық «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Жаңаөзен», «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттері және «mangystaumedia.kz» сайты бар екенін атап өтті. Аталған ақпараттық ресурсқа дауыс беру орындары мен күндері туралы хабарламаларды орналастыруға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар кездесу барысында екі тараптың туризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Өзбекстанның Ақтау қаласындағы бас консулы Атабек Тұрсынбеков өз кезегінде Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы ақпарат пен бейне материалдарды, сондай-ақ журналистика саласындағы «Олтин Калам» халықаралық байқауын ұсынды.