Өзбекстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығында № 22 сайлау учаскесі құрылды. Енді Өзбекстан азаматтары конституциялық құқығын пайдаланып, президенттік сайлауда дауыс бере алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Dunyo news агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау кодексіне сәйкес сайлау жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Осыған байланысты Бас консулдық ғимараты қажетті құрал-жабдықтармен, оның ішінде жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен жабдықталған.
Бас консулдық азаматтарды консулдық тіркеу мәліметтері мен консулдық округ аумағында тұратын немесе уақытша тұратын отандастарының өтініштері негізінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары аумағында тұратын сайлаушылардың тізімін жасады.
Консулдық мекеме алдағы президенттік сайлау туралы өңірдегі Өзбекстан азаматтарына хабардар ету жұмыстарын жалғастыруда.
Дуыс беру орындары қазақстандық тараппен келесі тәртіпте әзірленіп, келісілді:
14 қазан, Атырау қаласы:
1. Құлманов көшесі, 129 мекенжайындағы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында;
2. «Дина» базарында: Сұлтан Бейбарыс көшесі, 45;
3. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде: Студенттер даңғылы 212;
4. «Имени Амангелді» ЖШС ғимаратында, Оңтүстік, 29 индустриалды аймағы.
16 қазан, Орал қаласы:
1. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында: Астана ықшам ауданы;
2. Әбілқайырхан даңғылы, 141 мекенжайындағы «Гранд Хаус» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісі;
3. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университетінде Жәңгір хан көшесі, 51.
18 қазан, Ақтөбе қаласы:
1. Сәңкібай батыр даңғылы, 20А мекенжайы бойынша Ақтөбе облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында;
Ақтау қаласы:
15 қазан, «Интерьер Строй Ақтау» ЖШС объектісі: 16 шағынауданы;
17 қазан күні «Ақтау Б.С. Строй» ЖШС объектісі: 18А ықшам ауданы;
19 қазанында «Интер Строй Групп» ЖШС объектісі: 19А ықшам ауданы;
20 қазан күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде: 32 шағын аудан (университет ғимараты)
Қолданыстағы ережеге сәйкес, сайлау 24 қазан күні сағат 08: 00-ден 20:00 -ге дейін өтеді. Өзбекстан азаматтары сайлауға қатысып, дауыс беру үшін Бас консулдыққа төлқұжатымен келуі қажет. Ақтау қаласындағы Бас консулдық 30 шағынаудан, коттедж 83/1 мекенжайы бойынша орналасқан.
Бас консулдық президенттік сайлауға Өзбекстанда жұмыс істейтін саяси партиялардың 5 кандидаты қатысатынын еске салады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы қосымша ақпарат алу үшін https://saylov2021.uz/ ақпараттық порталына және Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының https://saylov.uz/ сайтына кірген жөн. Өзбекстан азаматтарының Ақтау қаласындағы Өзбекстанның Бас консулдығында ұйымдастырылатын сайлауға қатысу туралы толық ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +77292777117, +77775990051, +77775990052, e-mail: kz.uzconsulate.akt@mfa.uz немесе https://uzconsulate-aktau.kz/category/elections2021/ сілтемесі бойынша дипломатиялық миссияның веб-сайтына өтіңіз.