© Сурет интернеттен алынды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады. Тізімде заңсыз 121 компания, оның ішінде 56 қаржы пирамидасы ұйымы және 65 заңсыз инвестициялық делдал бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаржы нарығындағы заңсыз қатысушылар интернеттегі жарнамалар, блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу бойынша анықталған. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде белгілі болған.
Айта кетейік, жыл басынан бері агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түсті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Ақтау қаласы әкімдігінен алынды