Таңертең Приморск тұрғындары үйде газдың жоқ екенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы филиалының мәлімдеуінше, газды өшіруге бақылау пунктінің (ЖӨӨ) істен шығуы себеп болған.
«Қазір клапандар іске қосылды. Жақын арада газ береміз. Сондай-ақ клапандардың не үшін істен шыққанын анықтаймыз», - дейді компания өкілдері.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА