Маңғыстау облысында 20 мал ұрлығы қылмысы тіркелді, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 ай ішінде облыс көлемінде 20 мал ұрлығы қылмысы тіркеліп, барлығы да ашылған.
Нақтырақ айтқанда, 29 мал ұрланса, оның ішінде бір жылқы, бір мүйізді ірі қара, 31 ұсақ мүйізді мал және бір түйе.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 5 миллион 650 мың теңгені құрады оның ішінде 5 миллион 435 мың тенге қайтарылды. Мал ұрлығы қылмысымен 25 адам ұсталды.
Қазіргі есеппен облыс көлеміндегі шамамен барлық мал басы 624 244, оның ішінде мүйізді ірі қара 24 155, 440 994 ұсақ мал, 85 582 жылқы, 73 513 түйе, оның ішінде 37 780 мал басы чиптелді.
Чиптелгеннің барлығы да жылқы. Маңғыстау облысы ПД КПБ қызметкерлерімен бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.