Партия ардагері Есберген Іңірбайұлытөрағалық еткен кеңес отырысының күн тәртібінде Маңғыстау облысы бойынша туризмді дамыту мәселелері және Маңғыстаудағы туристік орындардың тартымдылығын артыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру мәселелері қаралып, 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасының «Тарих пен мәдениетке бай аймақ» бағыты бойынша қорытынды есебін тыңдалды.
Сондай-ақ, «Miras» қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қорытындыланып, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқыланды.
Сонымен қатар саяси кеңестің кеңейтілген оырысында жарияланған Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын түсіндірілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының басшысы Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов, Маңғыстау облыстық мәдениет,тілдерді дамыту және архив басқармасының басшысы Пания Сармурзина баяндама жасап, кеңес төрағасы кеңестің 2021 жылы жасаған жұмыстары жөнінде қорытынды жасады.
«Miras» қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар жинақталып, «2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасындағы «Тарих пен мәдениетке бай аймақ» бағыты бойынша жасалған жұмыстар кеңес қадағалауында болмақ.