Ақтау қаласын көгалдандыру бойынша 2022-2027 жылдарға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (ГЧП) аясында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Ақтау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімі бірігіп жұмыс жасайды.
Жобаның басты мақсаты - Ақтау қаласын жасылдандыру, ағаштар, бұталар, гүлдерді отырғызуды және кейіннен күтіп-баптауды, жасыл аумақтар мен ағаштарды күту бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету.-
Жобаны іске асыру шеңберінде жеке серіктес 5,2 млрд. теңгеге жұмыстарды орындауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде қаланың жасыл қоры кеңейіп, отырғызылған ағаштар саны 25 000, бұталардың аумағы- 7 000 метрге, көкгазондар - 5 000 шаршы метрге, сондай-ақ 787 500 гүл мен 40 000 раушан гүлге жететін болды. Сонымен қатар, қазір қалада өсіп тұрған жапырақты ағаштар – 67 783, қылқан жапырақты ағаштар -4602 , дара бұталар – 6 221 , бұталар – 27 932 ш.м., гүлзарлар (цветники) – 7 251 , раушан гүлдері - 10 515 дана, көкгазондар – 134 647 ш.м күтіп ұстайтын болады,- деді Дүйсен Құсбеков.
Қазіргі кезде жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (ГЧП) арқылы іске асыру үшін конкурстық құжаттамалары әзірленуде.