Бүгін, 6 желтоқсанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен ҚР прокуратурасының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға облыстың бас прокуроры Ерлан Абаев, жергілікті атқарушы және прокуратура органдарының өкілдері, сала ардагерлері қатысты.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келген ҚР прокуратурасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, заң үстемдігін қадағалауға қосқан үлестері үшін алғысын жеткізді.
⁃ Еліміздегі заң үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қатаң сақталуын, қоғамның барлық саласындағы жұмыстарын заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайтын прокуратура органдарының маңызы аса зор. Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым ЖомартТоқаевтың саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қамтамассыз ету, қабылданған заңдардың орндалуы туралы берген тапсырмалары жоғары дәрежеде орындалып келеді. Осы ретте прокуратура органдарына жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүддесін қорғаудағы абыройлы қызметтеріне алғысымызды білдіреміз,-деді Нұрлан Ноғаев.
Жиын соңында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, заңдылықпен құқықтық тәртіпті нығайтуға еңбек сіңірген бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерекелік медалімен, «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.