29-қараша күні Ш. Есенов университетінде өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінде баяндаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар талқыланды.
Отырысқа «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Әбілов, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Ө. Озғанбаев, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде облыстық партия филиалы тарапынан Елубай Жақайұлы, қоғам қайраткері, профессор Өмірзақ Озғанбайұлы «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын пысықтады. Сонымен қатар, университеттің «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ә. Көшімова «Ел болашағына арналған «Жеті тұғыр» және «Шет тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Д. Жұмажан «Тәуелсіз елдің тұғырын бекіту бүгінгі жастардың болашақ алдындағы парызы» тақырыбында сөз сөйледі.
Бұл дөңгелек үстелге ұстаздар мен студент жастарды қатыстырудың мақсаты - Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғырын» әрі қарай дамыту, жастарға жеткізу.