Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Зина Ноғаева, «Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Шамшадинова №6656 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.
—Тәуелсіз мемлекет атану арқылы ұлан-ғайыр қазақ елінде ата-балалардың мақсат-мұраты салтанат құрды. Бүгінде біз халқымыздың сан ғасырлар бойғы аңсаған арманы Мәңгілік елге жол тартқан мемлекетке айналдық. Тәуелсіздікке жету жолындағы қазақ жастарының тарихта, тарихта ғана емес, халық жүрегінде қалған қадамы - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бүгінде 35 жыл бұрынғы Алматы алаңына теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының ерлігін, елдігіне қол жеткеніне тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толып отыр, - деп «Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Шамшадинова сөзді Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатымен жалғады.
Облыстық мәслихат депутаты Зина Орысбайқызы:
— 30 жылдың ғасырға бергісіз жетістігі төрткүл дүниені таң қалдырды. Елбасының сарабдал саясаты арқылы осы ширек ғасырда шекарамызды шегендеп алдық. Ел ордасы болып арқа төсінде жаңа қала - Астана бой көтерді. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мəртебе алды, тұңғыш төл теңгеміз нарыққа шықты. Бүгін тәуелсіздік тарихы тағы бір сараланды. Еліміздің батыс өңіріндегі өндірісі қуатты, өнері мен мәдениеті, экономикасы өркендеген, келешегі зор мемлекетке айналып келеміз, - деді.
Жиында партия төрағасы, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жолдаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатында жастарға көп сенім арқанын, келешек білімді, білікті, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтай білетін, туған жерін сүйетін жастардың қолында екенін айтылды.