Маңғыстау облысының 101 квазимемлекеттік сектор субъектісінде адалдық стандарттарының сақталуына бақылау жасайтын комплаенс қызметтері ашылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және еңбек ұжымдары арасында жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатқан департамент комплаенс қызметінің маңыздылығы туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарымен де айналысып келеді. Атап айтсақ, облыстағы түрлі салаға қатысты мамандармен 52 мекемеге комплаенс қызметінің артықшылықтары түсіндіріліп, семинар өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда өркениетті мәдениет ірі мұнай компаниялары да атсалысып, комплаенс бағдарламасына қолдау білдіріп отыр», - деді Қуаныш Мырзағали.
МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі миссиясы – ұйымның және ұйым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Аталған қызмет адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.