• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.37 ₸
  • EUR: 492.66 ₸
  • RUB: 5.97 ₸

«Атамекен» ҚР ҰКП жиынында маңғыстаулық кәсіпкерлердің мәселесі талқыланды

19 наурыз, 10:32  |  Маңғыстау жаңалықтары

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Т. Құлыбаевпен онлайн кездесуде маңғыстаулық кәсіпкерлер бірнеше мәселені көтерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО Атамекен кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу, тариф қалыптастыру, үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге субсидиялар бөлу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Алдымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сонан соң кәсіпкерлер сөз алды. «Маңғыстау облысының интерьер дизайнерлері және декораторлары» қауымдастығының президенті, Өңірлік кеңес мүшесі Сәуле Салихова:

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарифтері сараланбаған, шағын және орта бизнес үшін қымбат. Атап айтқанда, есептеу кезінде қызметтің барлық ұйымдық-құқықтық нысандары «заңды тұлғалар» деген бір ұғымға біріктірілген, яғни ЖК тұлғасындағы шағын бизнеске орта және ірі бизнес тарифтері қолданылады. Бұл соңында өндіруші кәсіпкерлердің тауарының бағасына әсер етеді. Шағын және орта бизнес субъектілерін «заңды тұлғалар» тұтынушылар тобынан жеке топқа шығару, ол үшін орташа рұқсаттан жоғары болмайтын деңгейде тарифтер бекітілсе екен. Бұл ретте тарифтерді тоғыспалы субсидиялауда туындайтын айырма «тұрмыстық тұтынушылар» тобына ауыстыруды ұсынамын, - деді.

Ал, «AQSA» ЖШС директоры, ӨК мүшесі Бауыржан Сарыев болса, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидаларын өзгертуді сұрады. Құс фабрикасы үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілерінің тізбесіне енгізілген. Алайда, осы құрамға кіру үшін электронды пошта арқылы төтенше бронды қамтамасыз ету қажет. Объектінің сыртқы электрмен жабдықтау сызбасы қағидалардың талаптарына сәйкес сенімділік санаты бойынша сәйкестігін тексеру керек. Талаптардың сәйкестігін тексеру айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді. Бұл бүгінгі күні азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдері үшін мүмкін емес екенін атап өтті.

Мәселен, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына құс фабрикасының иесі және отандық тауар өндіруші болып табылатын «Тұман-Шах» ЖШС басшысы жүгінді. Электр қуатына 48 мың теңге мөлшеріндегі қарызға байланысты «AllianceEnergoSnab-Aktau» ЖШС-і кәсіпорынның электр энергиясын өшіріп тастайды. Сол кезеңде кәсіпкердің жеке дизель-генераторы баламалы қуат көзі ретінде істен шығып, нәтижесінде балапандар мен инкубациялық жұмыртқалар қырылып қалған. Келтірілген шығын 2 314 тонна тауық еті. Ал авариялық бронь болған жағдайда, бұл нысан үздіксіз электрмен жабдықтау объектілерінің тізбесіне енгізілетін болады. Осы кезеңде кәсіпкер өз міндеттемелерін орындау бойынша барлық мәселелерді шеше алар еді.

"Техникалық талаптарды орындауға қаржылық мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлік субъектілері үшін «авариялық броні бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен шарттары» қағидаларында көзделген бизнес субъектілерінің бронь алуына мемлекеттік субсидия бөлу мүмкіндігі қарастырылса", - дейді кәсіпкер.

"Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңы арқылы саудалаудың елеулі проблемалары бар. 2018 жылғы 6 желтоқсандағы «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына» сәйкес сатып алу жасырын жүргізіледі. Яғни сол тұлғалар газдың барлық көлемін сатып ала алады. Бұдан басқа, бір сатып алушыға республикалық жоспардың жалпы көлемінің 10% мөлшерінде жоғары лимит белгіленген. Сонда бекітілген талап бойынша бір кәсіпкер кем дегенде 3146 тонна өнім сатып ала алады. Егер газдың барлық көлемі 100% қолданыстағы ережелер бойынша электронды сатылатын болса, онда Маңғыстау облысының барлық 316 газ бекеті банкротқа ұшырауы ықтимал. Бұл автокөлік иелері үшін қиын. Бағаның өсуі тоқтамайды. Бекеттердегі 1500 адам жұмыссыз қалады. Газды делдалмен қайта сату және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығымен бекітілген «Электронды сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына» өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобы құрылсын. Атап айтқанда: кәсіпкердің БСН/ЖСН және басқа да деректерін көрсете отырып, өңір сатып алушылары арасында қосарланған қарсы анонимдік сауда-саттықтың түрін ашық сауда-саттыққа өзгерту қажет; бір сатып алушыға сұйық отын көлемінің ең жоғары мөлшерін азайту жағын қайта қарауды ұсынамын", - деді Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Тәжімұрат Найзабеков.

Босқосуда қозғалған барлық мәселелер бойынша Үкімет деңгейінде талқыланып, тиісті шешім қабылдауға, бизнестің мүддесін қорғайтын қадам жасауға ықпал болатыны айтылды.

5557
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары экономика
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтаулық ұстаз - «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы - 2021» құрметті атағына ие болды

Келесі жаңалық

Ақтаулық оқушы «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері атанды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы 17,7%-ға төмендеген

    [ 2017 ] 11 желтоқсан, 06:56
    1466

    Премьер-Министр көпбағытты емхананың жұмысымен танысты

    [ 2017 ] 26 қазан, 09:22
    1140

    Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын тас жолды жаңғырту жұмыстары басталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 11 шілде, 10:59
    1186

    Ақтаудан Ыстамбұлға тұрақты рейс ашылды

    [ 2017 ] 27 наурыз, 11:35
    1182

    Жыл басынан бері облыстағы кәсіпорындар 2 трлн. теңгеге жуық өнім өндірді

    15 қазан, 10:05
    242

    Маңғыстауда 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

    5 қазан, 10:25
    532

    Рубрикалар

      ДенсаулықЖарнамаРедакцияРухани жаңғыруБейнеуСаясатҚарақияҚазақстан жаңалықтарыанонсEXPO - 2017Редакция туралыФото

    Автордың басқа да жазбалары

    Қоқыс өрті: Ақтауда ауадағы көмірсутегі 18 есе ұлғайған

    Бүгін 12:36
    103

    Баяу мина: Қызылтөбе ауылында тозған газ құбырын ауыстыру жоспарланып отыр

    13 қазан, 18:34
    416

    «Кезби» ЖШС жұмысшылары басшылыққа талап қойды

    12 қазан, 20:40
    522

    Бейнеулік спортшылар «NFC 34» халықаралық турнирінен олжалы оралды

    12 қазан, 13:19
    191

    Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу

    8 қазан, 16:33
    1088

    Бес жыл ішінде Маңғыстауда 26 мектеп салынады

    7 қазан, 18:03
    233

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»