©
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына сапары барысында «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған «СофиМедГрупп» көпсалалы емханасында болып, жұмысымен танысты. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған медициналық мекеме білікті кадрлармен қамтылып, замануи медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған. – Халықаралық стандартқа сәйкес салынған емханада 236 адам жұмыс жасайды. Оның 51-і дәрігер, 85-і орта медициналық қызметкер. Білікті мамандарымыз Астана, Алматы, Ресей, Грузия, Литва мемлекеттерінен шақырылған. Мұнда 63 тәуліктік, 4 жан сақтау және интенсивті терапия, 3 күндізгі станционар кереуеті бар. Емханада зертханалық, ультрадыбыстық зерттеу, рентген, компьютерлік томография, магнитті- резонансты томография, массаж жасау, эндоскопиялық тексеру, физиологиялық емдеу жүргізіледі. Осы жылдың 9 айында стационарда 864 науқас емделді. Осы мерзім ішінде амбулаторлық- емханалық департаментте 21 мың 500 қаралушыға 51300 медициналық қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде 456 науқасқа мемлекет қаржысымен ота жасалды. Алдағы уақытта емхана аумағын кеңейтіп, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, озық үлгідегі құрал- жабдықтарды толықтыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде халықаралық аккредитациядан өтуге дайындық үстіндеміз, – деді «СофиМедГрупп» ЖШС құрылтайшысы Маржан Орманова. Жеке медициналық орталықта Үкімет басшысына мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында құны 100 млрд. теңге болатын 5 шағынауданда көпбағытта жаңа аурухана салу жобасы таныстырылып, медицина саласының әлеуеті баяндалды.Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген С. МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="40073,40074,40078,40077,40076,40072"]