• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    [ 2018 ] 5 шілде, 12:54  |  Қоғам

    Дарқан даланың көкжиегіндегі көрмедей көз тартатын сұлу жер, Қаратаудың етегіндегі Шайыр ауылы – шайырлардың бесігі, мықтылардың мекені. Мұнда мәдениет пен спорттың, шығармашылықтың нәрі, дүлдүлдердің үні қалған. Асқақ рухтың қайнары да, айбары да осында. Осындай қасиетті топырақта туған ұлдар қалай текті болмасын? Шайыр – Қашаған Күржіманұлы, Медет Жылкелді, Аралбай жыраулардың, қазақ боксының негізін қалаған Шоқыр Бөлтекұлының, бертінде желаяқ Әмин Тұяқов, суретші Бірғали Байекеев, ақын, сазгер Қыдырбай Тұрмағанбетұлы, журналист, ақын Талғат Атшыбаев, ақын, сынды жақсылар мен жайсаңдардың өскен ордасы.

    Осы топырақта 1958 жылдың мау­сымында дүниеге келген ке­йіпкеріміз Серік Еңсегенов: «Өткен өмір – ескі жылдардың естелігіне толы. Еңбек жолымда қоғамның әртүрлі салаларында еңбек етіп, қал­-қадірімше, шама­ шарқымша ел дамуына үлес қосып келемін, – деп бастады әңгімесін. Бүгінде 60 жастың асқарын бағындырған ел азаматының өмірбаяны өнегелі әрі өрнекті.

    Мақаламызға арқау болып отырған кейіпкері­міз – «Правда» кеңшарында (қазіргі Шайыр ауы­лы) ауылдың есепшісі Нұрғазы мен қарапайым жұмысшы Сұлудың отбасында өмір есігін ашқан бесінші ұл. Өнегемен өркендеп, ұлағатпен сусын­ даған отбасындағы балалардың барлығы жастайы­нан қолына қазақтың қара домбырасын ұстады. 4­-5 жасқа келген бала Серік те ағаларына қарап бой  түзеп,  алғаш  болып Дәулеткерей Кәпұлының «Қосалқа» күйін үйренді. Мектепте оқып жүрген­ де аудандық көркемөнерпаздар фестиваліне қаты­сып, Құрманғазы Сағырбайұлының «Алатау» күйін орындап, жүлдегер атанды. Облыстық «Маңғыстау» телеарнасы ашылып, арнайы хабар дайындалғанда Шетпедегі №2 Берекет Жұмалиев атындағы орта мектептің 9­сынып оқушылары Серік Еңсегенов Дина Нұрпейісованың «Көңілашар» күйін шертсе, Жанбибі Дүйсенбаева Ғарифолла Құрманғалиевтың «Әнші дауысы» әнін шырқапты.

    – Шетпедегі 10 жылдық мектепті бітіргеннен ке­йін әкемнің ақыл-­кеңесімен Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Ұлттық аграрлық университет) ауыл шаруашылығы процестерін механикаландыру мамандығына оқуға түстім. Өзімнің қалауым заңгерлік немесе журна­листік мамандықты меңгеру болған еді. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде А.Жұбанов атындығы ұлт аспаптар оркестрінің қыл қобызшысы және жеке домбырадағы солисі, институттың жанынан құрыл­ған «Алтын дән» фольклорлық ансамблінің дом­бырашысы, қыл қобызшысы болдым. Шет мемле­кеттерде гастрольдік сапарда болып, өнер көрсеттік. Қазіргі «Тамаша» ойын­сауық отауы алғашында, яғни 1978 жылдың сәуірінде «Тамаша» телевизиялық хабары көрерменге жол тартқанда әртістер Тұңғыш­бай Жаманқұлов, Сұлтанбек Құдайбергеновпен бірге өнер көрсеттім. Сонымен қатар «Алтыбақан» және «Ән­-78» телехабарларын да сазды сәлеммен көмкеруге атсалыстым. Менің өнердегі ұстазым – Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастырушылардың бірі, көптеген күйлерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші, домбырашы және қобызшы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Самиғолла Андарбаев болды. Оқу мен өнерді қатар алып жүрген сол кездер студенттік шақтардың бір қызықты дәурені еді, – деді Серік Нұрғазыұлы.

    Жас маман туған жердің төсіне келіп, алғашқы еңбек жолын бастады. Шетпедегі «ПМК­-1203» құрылыс мекемесінде бас механик болып жұмысқа тұрды. Шайырдағы орта мектептің, Шетпедегі бала­ бақшалардың, басқа да әлеуметтік маңыздағыны­ сандардың құрылысында қолтаңбасы қалды.

    1981–1986 жылдары комсомол қызметіне алын­ған елгезекте іскер маман алғашында нұсқаушы, кейін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2 хатшы болып абыройлы еңбек етіп, жастық күш­-қайратын танытты. Кейіпкеріміз 1986 жылы Қазақстан Ком­партиясы Маңғыстау аудандық комитетінің бірін­шісі хатшысы Сақып Керелбаевтың тапсырмасы­мен «Октябрьдің 50 жылдығы» совхозына (Шайыр ауылына) партком хатшысы қызметіне жіберілді. 1990 жылы Алматы Жоғары партия мектебіне оқуға түсіп, кейін жабылғанда КИМЭП­-ке ауысып, 1993 жылы саясаттанушы мамандығы бойынша бітіріп шықты. Білімін жетілдіріп, елге білікті маман бо­лып оралған Серік Нұрғазыұлы ел егемендік алған жылы «Маңғыстаумұнайгазға» қарасты автомобиль жолдары басқармасында (қазіргі «OSC» ЖШС) ше­бер, учаске бастығы, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші қызметтерін атқарды.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Бейнеу» бөбекжайына — 20 жыл

    Туып-­өскен мекенінде түрлі істің тұтқасын ұс­таған атпал азаматтың өткерген қызмет баспал­дақтарын тізбелесек, жекеменшік компанияларда әртүрлі лауазымда, жекеменшіктендіру жөніндегі басқарманың бөлім бастығы, ақпарат және қоғам­дық келісім басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік­тің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы, шағын бизнес және кәсіпкерлік басқар­масының басшысы, мәдениет басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар басқармасы бас­шысының орынбасары, облыстық индустриалды­ инновациялық даму басқармасының шет елдермен байланыс бөлімінің басшысы қызметтерін жауап­кершілікпен атқарып, ат жалында жүрді.

    Қандай іске болса да, белді бекем буып, батыл кіріскен кейіпкеріміз 2013 жылы «Нұр Отан» парти­ясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Өткен жыл­дан бері «Қала жолдары» ЖШС директорының орын­басары. Ол еңбекқорлығының, білімділігінің арқа­сында жарқын жетістіктерімен, сіңірген еңбегімен құрметті. Осыдан 13 жыл бұрын «Қазақстанның мәдениет қайраткері» атанған Серік Нұрғазыұлы 1986 жылы Мәскеуде өткен ХІІ Дүниежүзілік жас­тар мен студенттердің фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқаны үшін «Еңбектегі озаты» үшін медалімен, «ҚР Конституциясына 10 жыл, 20 жыл» мерекелік медальдарымен де марапатталған.

    Серік Еңсегенов пен жары Светлананы тағдыр табыстырып, 1979 жылы шаңырақ көтерген. Өмір­лік жарымен Алматы қаласындағы Қазақ ауыл ша­руашылығы институтында оқып жүргенде «Алтын дән» фольклорлық ансамблінде бірге өнер көрсеткен екен. Көсегесі көгерген отбасындағы перзенттердің бәрі де – жоғары білімді. Әр салада қызмет етіп, ұяда көрген ұлағатпен еңбек етіп жүрген жайлары бар. Еңбекте абыройлы, елге сыйлы кейіпкеріміз жұбайымен бірге 3 ұл­қыздан сүйген немере­ жиен­нің қызығына бөленіп отыр.

    Шалғайдағы шағын Шайыр ауылында туып, об­лысқа танымал тұлға атанған қазақ азаматы туралы мөлтек сыр осындай. Басшылық, іскерлік, азаматтық­-кісілік қасиеттерін танытып, алпыстың асуына еселі еңбегімен, қажырлы қайратымен, ел­ жұртқа сыйлы абырой­-беделімен ат басын бұрған Серік ағамызды мерейлі жасымен құттықтап, дені­не саулық, отбасына баянды бақыт пен бақ-­береке тілейміз.

    Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

    2072
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қоныстанушыларға қолдау көп

    Келесі жаңалық

    Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Сисем ата қорымы туралы

      [ 2019 ] 10 қыркүйек, 07:03
      6961

      Бегей Қозыбақ батыр ұрпақтары жайындағы деректер

      [ 2019 ] 17 маусым, 03:48
      5585

      Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

      [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
      6467

      Жасампаз жастар жиыны

      [ 2019 ] 27 мамыр, 05:50
      2081

      Маңғыстаудың мәдениетіндегі оң өзгерістер

      [ 2019 ] 23 мамыр, 07:02
      2775

      «Парасатқа» - 30 жыл

      [ 2019 ] 15 мамыр, 05:41
      2607

      Рубрикалар

        Анықтама бюросыСұхбатАудан тынысыҚұқықМаңғыстауЖаңалықтарРухани жаңғыруЭкономикаЖарнамаКомплаенс

      Автордың басқа да жазбалары

      Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

      [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
      1642

      Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

      [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
      3449

      Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

      [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
      2302

      Мерекедегі мерей    

      [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
      1707

      Бітімгершілікке келу – береке бастауы

      [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
      1877

      Әкім жамағатқа ауызашар берді

      [ 2018 ] 12 маусым, 09:22
      1835

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»