• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Бітімгершілікке келу – береке бастауы

    [ 2018 ] 25 маусым, 05:51  |  Қоғам

    Таяуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен облыста «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының аясында «Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» тақырыбында алқалы жиын өтті. Жиынға Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Нұрсапа Примашев және алқа төрағалары, сот саласының ардагерлері, «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорының президенті Н.Қарағойшина, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Жиында Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен баяндама жасап, ұсыныс-­пікір біл­дірді.

    – Жыл басында Жоғарғы Сотта жобалық менеджмент әдісімен 7 топ жұмыс істеуді бастады. Ақ­ парат құралдарында әрбір жоба ашық  талқылануда.  Атап айт­сақ, «Мінсіз  судья»; «Үлгілі сот»; «Әділ процесс»; «Сапалы нәти­же»; «Оңтайлы орта»; «е­-Сот» және біздің жоба «Татуласу: сотқа дейін, сотта». Біздің елде жыл са­нап сотта істер саны еселеп өсуде. Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, өршіп тұрған даулардың көпшілігі  –  отбасылық даулар. Оның ішінде неке бұзу, баласын, ата­-анасын, жұбайын асырау үшін алимент өндіру даулары. Елімізде әрбір үшінші отбасының шаңыра­ғы шайқалып, неке бұзылуда. Сонда орта есеппен әр отбасын­ да 2 бала деп алсақ, бір жылда 100 мыңнан астам бала әке не ана тәрбиесінен айырылып, әлеумет­тік жетім балалардың қатарына қосылады. Дәстүрлі құндылықтар құнсызданып, материалдық игілік­тер көбірек дәріптелетін бүгінгі қоғамда бір­-біріне деген мейірімі мен сыйластығы азайып, адам­дар қатыгез болып барады. Бізде ажырасу оңай шешілетін шаруа­ға, процедураға айналған. Соттар ерлі-­зайыптыларға тек татуласуға мерзім берумен шектеліп, олар­дың арасында жүрмейді, қарым­-қатынас жасап, үгіттей алмайды, – деді ол.

    Кеңесші өз сөзінде осы қоғам дертімен күресу үшін ақсақал­дардың кеңесі, медиаторлар мен кәсіби психологтардың, жастар саясатымен айналысатын ұйым­дардың жүйелі көмектері қажет екенін жеткізді. Жиында Сағат­бек Сүлеймен жер және мүлік дауы ел арасында жиі кездесеті­нін айтып, дауды сотқа жеткізбей, ушықтырмай, бітімгершілікпен, ымырамен шешу жолдарын қа­растырудың маңыздылығын атап өтті.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспий теңізінде екі балықшы құтқарылды

    – Халықтың дауларды сотсыз шешу әдістерін білмеуінен, ке­лісім жасау дағдыларының жеткі­ліксіздігінен, татуласу келісімінің орындалуына сенімнің аздығынан даулар өсіп отыр. Бітімгершілікке келу туралы сіз бен біз насихат­тай берсек, билер институты қайта жаңғырмақ. Өткен жылы Маңғыс­тау облысы соттарының статис­тикасы бойынша қарауға 44 626 іс түскен. Оның 58,1%-­ы азаматтық, 38,2%­-ы әкімшілік, 3,6%-­ы қыл­мыстық істер. Маңғыстауда әрбір бесінші адам дауға тартылған. Жо­ба бойынша ашылатын «Татуласу орталығымыз» айтысып жүрген ағайындарымызды ымыраға кел­тіріп, бітімге шақыратын, оның артықшылығын, ұтымды жағын ашып көрсететін, сотқа жеткіз­ бей татуласатын орын болады. Орталық қызметіне медиаторлар, адвокаттар, психологтар, отстав­кадағы судьялар, елге қадірі бар ақсақалдарымызды, қоғамдық бірлестіктерді, әлеуметтік қызмет мамандарын, т.б. тартуды көздеп отырмыз, – деді Жоғарғы Сот төр­ағасының кеңесшісі Сағатбек Сү­леймен.

    Жиында облыс әкімінің орын­басары Мақсат Сқақов дауласып жүрген тараптардың бітімгершілік­ кекелуі ұлттық салт­-дәстүрімізге, мәдениетімізге сай келетінін айтып, дауларды сотқа жеткізбей шешудің артықшылықтары жөнінде айтып өтті. Алқалы жиында сөз алған­дар ұсақ­-түйек даулар үшін сотта­сып, әуре-­сарсаңға түсіп, шығынға ұшырап жүрген халық арасында ата-­бабамыздың сара жолымен дауларды бітімгершілікпен шешу рәсімдерін қалыптастыруға, ұлт­тық болмысқа оралуға қатысты ой­-пікірлерін білдірді.

    Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

    1877
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам құқық маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жауһар жырдың падишасы

    Келесі жаңалық

    Қарақияда мемлекеттік қызметші күні аталып өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2611

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5770

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2537

      Жаңаөзенде мас күйінде көлік айдаған 8 көлік жүргізушісі ұсталды

      19 тамыз, 14:42
      653

      Мұнайлыда тас жолда қауіпті маневр жасаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

      19 тамыз, 14:14
      583

      Ақтауда көлік жүргізушісі жол жүрісін реттейтін белгіге зақым келтірген

      6 тамыз, 12:53
      689

      Рубрикалар

        МәселеМаңғыстау жаңалықтарыЭкономикаанонсЖарнамаБайқауҚоғамАнықтама бюросыҚұқық

      Автордың басқа да жазбалары

      Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

      [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
      1642

      Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

      [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
      3450

      Күйші Серіктің еңбек белестері

      [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
      2073

      Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

      [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
      2302

      Мерекедегі мерей    

      [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
      1707

      Әкім жамағатқа ауызашар берді

      [ 2018 ] 12 маусым, 09:22
      1835

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»