• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

    [ 2018 ] 9 шілде, 05:29  |  Қоғам

    Айналамыздағы тылсым табиғатқа жанашырлықпен қарау, ортақ үйіміз – Жерді аялау баршамыздың парызымыз. Бүгінгі таңда өңірімізде қоршаған ортаны қорғау саласында өзекті болып отырған мәселенің бірі – құм көшкінін тоқтату. Осыған орай Қазақстан Республикасы Экология саласының үздігі, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкері Орынбасар Тоқжановпен сұхбаттасқан едік.

    - Орынбасар Әбдіұлы, өлкеде қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының ішінде соң­ғы жылдары көшпелі құмды тоқтату ісі де жүргізіліп жатқанынан хабардармыз. Жалпы, құм көшкіні қалай пайда болды және бұл мәселе қалай шешілуде?

    – Әуеден түсер ылғалдың мөлшері жылына небәрі 12-170 мм болатын Маң­ғыстау өлкесінің ойында Бостанқұм, Түйесу және Қызылқұм құм сілемдері астында миллиондаған жылдар ішінде пайда болған тұщы су көзінің біраз мөлшердегі қоры бар. Осы су кенорындары елу жылдан астам бойы үздіксіз Жаңаөзен қаласы мен Қаламқас кенорындарындағы халықты ауызсумен қамтамасыз етуге пайдаланылып келеді. Қарқынды пайдалану салдарынан жерасты сулары көздерінің деңгейі төмендеп, қоры сарқыла бастады. Мысалы Түйесу құм сілемінің оңтүстік бөлігіндегі жерасты суы бұрынғы деңгейінен 10­-12 метрге дейін төмендеп кетті. Батыс Қызылқұмның жерасты су қоры сарқылды. Мұндай жағдайда көптеген өсімдік тамыры суға жетпей қалатыны сөзсіз. Сонымен қатар ауылдарға табиғи газ жеткізілгенге дейін тұрғындар өздерінің табиғатқа қысастық жасап отырғанын ойламастан, құмдағы бұталарды отай шауып отқа жақты және малды есепсіз жайды.

    Мұның бәрі құм сілемдері үстіндегі өсімдік жамылғысын мүлдем жойып жіберді. Бұрынғы аса шұрайлы, өсімдікке бай бұйраттар орнына дәл Сахарадағыдай биіктігі 50–80 метрлік «құм таулар» пайда болып, желдің басым бағытымен көшіп, елді мекендерді көме бастады. Сенек, Үштаған, Тұщықұдық ауылдары көшпелі құмдардың екпінді «шабуылына» ұшырады. Бір ұрпақтың көз  алдында құм көмген Ұштаған өз орнын екі рет, құм көшкініне Тұщықұдық үш рет өзгертті. Бұрынғы колхоздардың орны мен қорымдардың көміліп қалғандығы сондай, тұрғындар ата­-бабасының қайда жатқанын таба алмайтын күйге түсті. Қазіргі заманғы жаңа орыннан салған ауылдарды да құм баса бастады.

    Алда мәселені шешудің екі жолы тұрды: біріншісі – жыл сайын миллиардтаған теңге қаражат бөліп, ауылдарды бірте­-бірте басқа жерлерге көшіріп орналастыру, екіншісі – не де болса жауапкершілікті мойынға алып, көшпелі құмды тоқтату.

    Жауапкершілікті мойынға алу дейтініміз – бұрынғы жылдары да осы ауылдар маңындағы көшпелі құмдарды тоқтатуға әрекеттер жасалып көрген, бірақ жұмсалған азды­көпті қаражат пен еңбек желге ұшып, бәрі де сәтсіз аяқталған болатын.

    2002 жылы 29 сәуірде облыс әкімдігінің №97 қаулысымен құрылған Маңғыстау облысының табиғат пайдалану жөніндегі басқармасы» жауапкершілікті мойнымыз­ға алуға шешім қабылдадық.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Шебер қолдар» балаларды шыңдайды

    2003 жылы Алматы қаласындағы География ғылыми-­зерттеу институтына барып, өзекті мәселелерді талқылаған соң ғалымдарды арнайы шақырдық. Олар қазақстандық Ботаника институтының, Түрікменстандағы атақты «Шөл» инсти­тутының ғалымдарымен бірге ең алды­ мен қатты құм қыспағында қалған Сенекте ғылыми­-зерттеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде ауылды көшпелі құмнан қорғаудың ғылыми негізделген жобалық­ сметалық құжаттамасы жасақталды.

    – Сонда құм тоқтату жұмыстары, ең алдымен Сенекте басталды ма? Құм­ның ауыл іргесіне таман сырғи жыл­жып келу құбылысына қалай қарсы тұрдыңыздар?

    –    Иә, солай. (Жұмыс басталғанда: «Мемлекет қаржысын далаға босқа шашып жатырсыңдар» деп айыптағандар аз болмағанын айта кету керек.) География институты ғалымдарының бізбен және жергілікті тұрғындармен бірге 4 жыл бойы тынбай жасаған жұмыстары жемісін берді, 2007 жылы Сенек  ауылының  маңын­ да 400 гектардай тоғай пайда болып, құмның жылжуы тоқтатылды. Осылайша Маңғыстаудың шөл даласында тұңғыш рет бір ауылдың маңы жасыл алқапқа (оазиске) айналды. Бұл үшін бюджеттен төрт  жылға 72,3 млн. теңге  қаржы  бөлініп,  игерілді. Жалпы алғанда 2004–2018 жылдары мұнда 990 га алқапта жасыл желек өсті.

    Осындай жұмыстарды Үштаған, Тұщы­құдық ауылдарында жүргізу, сонымен қатар жоғарыда айтылған үш құм сілеміндегі аса қатты деградацияға ұшыраған 200 шаршы шақырымдай алқаптың және өлкедегі азып­-тозуға ұшыраған өзге де жерлердің өсімдік дүниесін қайта қалпына келтіру қажет етілді. Осы себептен 2008 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен Сенек ауылында «Жасыл әлем» МКК құрылды. Мекеме өз жұмысында ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып отырады. Әр жылдары Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының, Е.Бектұров атындағы химия ғылыми ­зерттеу институтының, Қазақ орман орналастыру және орман жобалау мекемелерінің, Шалқар тәжірибе станциясының мамандары шақырылып, құм басқан алқаптардағы жұмыстар зерттелді, семинар­-кеңестер өткізілді. Мамандар бірнеше облыстарға барып, тәжірибе алмасты, әсіресе тартылып кеткен Арал теңізінің түбіне сексеуіл тоғайларын өсіру жұмыстарымен танысу пайдалы болды. Республикадағы осы саладағы ең белгілі ғалымдардың пікірінше біздегі жұмыс дұрыс бағытта жүріп келеді.

    - Өңірімізде осы құм көшкініне құ­рық салу, жасыл желекке айналдыру мақсатында құрылған «Жасыл әлем» кәсіпорнының жүргізген жұмыстары жүйелі ме?

    - «Жасыл әлем» кәсіпорны 2008–2018 жылдар аралығында Ұштаған ауылын құм көшкінінен қорғау үшін орасан зор жұмыстар атқарды. 4 жыл аралығында бұл жобаны іске асыруға 108,0 млн. теңге қаржы жұмсалып, елді мекен маңында көшпелі құмның 530 гектары қалың тоғайға айналды. Жұмыс жалғасты. Қазір Үштағанның құбыла бетін алып, Бостанқұмды бойлай орналасқан тоғайдың ұзындығы – 13 шақырым, ал аумағы – 1230 га, қалың нудың ішінде далаға тән аң түрлері пайда болды. Ауыл сыртқы­ішкі туризмнің бір нысанына айналды. Жұмыс бүкіл Бостанқұм алқабындағы өсімдік жамылғысы қалпына келгенге дейін жалғаса беретін болады.

    Иісі қазақ баласына аты мәлім Сәттіғұл Жанғабылов ақын, бүкіл Маңғыстау қадір тұтатын Айдар ишан мәңгілік қоныс тапқан Тұщықұдық жанындағы қоңыр төбедегі қорым түгелдей құм астында қалды. Сталин атындағы колхоздың орнын көнекөз қарттардан басқа ешкім білмейді. Одан кейінгі Амангелді атындағы іріленген колхоздың орталығын да құм түгелге жуық бауырына басты. Бейкүнә құм жаңадан салынған Тұщықұдық совхозының орта­лығына елеусіз түрде еніп, қымтай бастады.

    Бұрын екі ауылды құмнан қорғау­дан әбден тәжірибе алған Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және та­биғат пайдалануды реттеу басқармасы енді осы ауылға бет бұрды. Басқарманың тапсырысымен 2010 жылы Тұщықұдық ауылын көшпелі құмнан қорғаудың жо­ балық-­сметалық құжаттамасын тағы да Алматының География ғылыми­зерттеу институты жасақтап шықты.

    «Жасыл әлем» МКК­-ны 2011 жылдың күзінен бастап Маңғыстау ауданындағы Тұщықұдық елді мекенін көшпелі құм­нан қорғау жобасын жүзеге асыру жұ­мыстарын бастап кетті. Алғашқы жоба  іске асырылған  аумақтың  жалпы  ауданы 640 гектарды, ал бес жылға есептелген жобаның құны 156,8 млн. теңгені құрады. Бір қарағанда жұмсалған қаражат көп сияқты болып көрінеді. Атқарылған жұмыстарды көз алдымызға елестетіп қарайықшы. 2011­-2012 жылдары 640 га жер аумағындағы шағыл құмды қоршай 6250 ағаш баған орнатып,  қолдан  жалпы ұзындығы 19 шақырымнан астам сым шарбақ тоқылып, орнатылды. Сусыма шағылды тұрақтандыру үшін құм ой­паттарға ұзындығы 1000 метр қамыстан тоқылған шарбақ кедергі орнатылды. Шағылдардың қырлары мен ұшар бастарын салмақпен басып, биіктігін аласарту үшін ондаған тонна саз қолмен тасылып, үйіншіктер жасалды. Тек 2012 жылы ғана қоршау ішіне 140 мыңдай сексеуіл, жүзгін, жыңғыл өскіндері мен көшеттері отырғызылды. Басқа ауылдардан алған тәжірибеге сүйеніп, сусымалы құмның елді мекен жағындағы етегіне тек қана сексеуіл өскіндері отырғызылып, аз ғана уақыт ішінде ауыл маңын жартылай қоршай өскен аумағы 890 га әсем орман халықтың көз қуанышына айналды. Құм боран тоқтады. Ауыл көрікті елді мекенге айналды. Тыныстайтын ауасы тазарды. Елдің еңсесі көтерілді.

    Бұл жұмыс Қызылқұмның азып­-тозған барлық алқабы қалпына келтірілгенге дейін жалғасын табатын болады.

    Кезек көршілес Шебір ауылына да келді. 2016 жылы басталған  игі іс жемісін бере бастады. Қазір 250 га учаскеде болашақ тоғай өсіп келеді. Мұнда да жұмыс жалғасады. Аймақтың экологиялық мәселелерін шешуге бағыт­ талған игі шаралар бұдан әрі де өз жал­ғасын тауып, құм басу қаупі төнген елдімекендер табиғаттың қысастығынан толық құтқарылып, ол жерлердің өсімдіктер әле­мі қалпына келтірілетініне жергілікті тұрғындар әбден сенді.

    Енді осындай жұмыстарды тек бір басқармаға жүктеп қоймай, барлық жерде бірлесе атқарып, ел мен жердің келбетін өзгертіп, экологиялық жағдайды жақсарта алатынымызды билік басында отырған азаматтарға көрсету, олардың жігерін шыңдау қажет болды. Осыған байланысты мамыр айының басында аудандар мен қалалардағы және облыстағы білім беру саласының басшыларына, сол айдың екінші жартысында аудандар мен қалалардың әкімдеріне, одан соң маусым айының ортасында аудандар мен қалалардың әкімдерінің орынбасарлары мен Маңғыстау ауданы ауылдарының әкімдеріне аталған ауылдардың және басқа да нысандардың базасында «Өлкемізді өзіміз көркейтеміз!» деген тақырыптағы көшпелі семинар­ кеңес ұйымдастыруға тура келді. Бұл ша­раларға қатысушылардың барлығы риза болып тарасты.

    - Сөз соңында облыс тұрғындарына айтар қандай тілегіңіз бар?

    – Осыдан 300 жылдай бұрын біздің аталарымыз көбіне дәл осындай қаңсып тұратын далаға қызығып  көшіп  келмеген болар. Сол заманнан жеткен әфсанаға сенсек, өлке табиғаты неғұрлым жайлы болғанын сезінеміз. Оны тоғайын жойып, топырағын таптап, ауасын ластап бүлдірген өзіміз. Табиғат – бүкіл тіршіліктің анасы. Ол перзентінің өзіне жасаған қиянатына қысастықпен, жақсылығына жақсылықпен жауап береді. Сондықтан әр жасыл өскін мен тіршілік иесіне қамқорлық жасап, өсуіне мүмкіндік берейік. Табиғат  ананы аялайық! Сөйтсек өзіміз де оның аясына бөленеміз. Өлкемізді өзіміз бірігіп көркейтейік, ағайын!

    – Сұхбатыңызға рахмет!

    Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

    3449
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзен - облыс бойынша ҰБТ қорытындысынан 1-орында

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Айжан Құттыбаева: "Өзіме «сен» десем де, аяғыма «сіз» деймін"

      [ 2019 ] 21 қыркүйек, 11:04
      2146

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2645

      Ербол Өтеев: «77,3 мың маңғыстаулықтың 2 млрд теңгеден аса қарызы бар»

      [ 2019 ] 2 тамыз, 11:38
      2995

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2004

      Жасөспірім және қылмыс: кім кінәлі?

      [ 2019 ] 13 ақпан, 06:25
      3876

      «Маңғыстаудың көзі тірі энциклопедиясы...»

      [ 2018 ] 21 қыркүйек, 05:41
      2812

      Рубрикалар

        ЖаңалықтаранонсӘлем жаңалықтарыАшық қоғамКомплаенсРухани жаңғыруСұхбатТүпқарағанМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

      [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
      1642

      Күйші Серіктің еңбек белестері

      [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
      2073

      Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

      [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
      2302

      Мерекедегі мерей    

      [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
      1707

      Бітімгершілікке келу – береке бастауы

      [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
      1877

      Әкім жамағатқа ауызашар берді

      [ 2018 ] 12 маусым, 09:22
      1835

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»