• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

    [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24  |  Жаңалықтар

    ©

    Таяуда Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы алаңында 1–7 тамыз Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орай баспасөз мәслихаты өтті. Жиында тұрғындардың уақытында скринингтен өтуі, жүкті әйелдердің 12 аптаға дейін есепке тұруы, 1 жасқа дейінгі балаларды дәрігерлік бақылауда ұстау, баланы емізудің маңыздылығы сияқты мәселелер айтылды.

    - Әрбір бала біздің бақылауымызда. Дегенмен 1 жасқа дейінгі ба­лалар ұдайы қадағалауда болады. Мәселен, салмағы 1,5 келіге жет­пейтін шала туылған нәрестені ай сайын және 1,3,6 айда педиатр, хи­рург, сонымен қатар отоларинголог, невропатолог және офтальмолог, эндокринолог дәрігерге қарату ке­рек. 1 жасқа дейінгі сәби 1,5 келіден жоғары болса ай сайын педиатрға, 6 айында лор мен көз дәрігеріне, 1 жасында лор, көз, невропатолог, хирург дәрігерлерге қарату тиіс, – деді Ақтау қалалық №2 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Айжамал Молдабаева.

    Облыстық онкологиялық диспансердің директорының орын­басары Жаңыл Жарылқасынованың айтуынша, өткен жылдың соңында шыққан бұйрыққа сәйкес сүт безі және жатыр мойны қатерлі ісік ауруын ерте анықтауда халықтың скринингтен өту жасы ұлғайтылды. Мәселен, бұрын әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау үшін скринингтен 30 бен 60 жастың аралығында өтетін болса, биылғы жылдан бастап жас 70-ке дейін ұзарған. Бұл скринингтен әр 4 жыл сайын өтіп тұру керек. Ал сүт безі қатерлі ісігін анықтау мақсатында өтетін скринингтен 40 пен 70 жас аралығында әр 2 жыл сайын өтуі қажет. Тоқ және тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау жасы бұрынғыдай 50 мен 70 жастың аралығында қалған.

    – Скринингтен өтетін халықтың жасы ұлғайтылғаннан кейін биыл өткен жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда қатерлі ісік ауруы­мен тіркелген науқастардың да саны артып отыр. Осы жылдың 1-жартыжылдығында 29 сүт безі қатерлі ісігі, 14 жатыр мойны обыры, 10 колоректалды қатерлі ісігі анықталды. Бұл науқастар біздің қадағалауымызда. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда денсаулығына алаңдап, скринин­гтен өтетін халықтың саны өсті. Уақытында дәрігерлік тексеру­ден өтпей, денсаулығына салғырт қарайтын жерлестеріміз де бар. Үйіне барып, шақырсақ та әр нәрсені сылтауратып келмейтін тұрындар да кездеседі. Қаражаттың тапшылығынан халықтың 100%-ын скринингтен өткізуге мүмкіндігіміз жоқ. Қатерлі ісік бұрын жасы үлкейген адамдарда кездессе, қазір бұл ауру жасарып барады. Бізде облыста емдеу мекемелерінде 9 маммографиялық құрылғы жұмыс істейді. Кадрлар да жеткілікті. Бұл аурудан сақтану үшін әр тұрғын өз денсаулығына жауапкершілік­пен қарауы қажет. Егер бір адамда қандай да созылмалы ауру болса, емделіп, дәрігерге қаралып тұруы қажет. Жылына 1 рет медициналық алдын алу тексеруден өту керек. Қазір ер адам мен әйел адамдар да әр емханадағы тексеру кабинеттері­нен өте алады. Қатерлі ісік асқынған кезде ғана белгі береді. Басым көпшілігі ауырмағаннан кейін мән бермейді. Сондықтан да қандай ауруға шалдықсаңыз да дер кезін­де емделген жөн, – деді облыстық онкологиялық диспансердің директорының орынбасары Жаңыл Жарылқасынова.

    Ақтау қалалық емханасының акушер-гинекологі Сәуле Сариева кез келген жүкті әйел тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханаларға барып, жүктіліктің 9-12 аптасында есепке тұруы қажеттігін айтып өтті. Сол уақытта есепке тұрып, әртүрлі тек­серулерден өту ана мен баланың денсаулығы үшін аса маңызды екенін жеткізді.

    – Дүниеге келген баланың денсаулығының мықты болуында, өсіп-жетілуінде, айналаны танып білуінде, дүниетанымының қалыптасуында ана сүтінің маңызы өте зор. Құнарлы, нәрлі ананың сүтін дүкен сөрелеріндегі сүттермен алмастыруға болмайды. Сондай-ақ ешкінің, түйенің, сиырдың сүттері де ағзасы толық жетілмеген балаға ауыр тиеді. Әрбір әйел дүниеге сәби әкелгеннен кейін өзін күтуі тиіс. Емізетін анаға отбасы, жары қолдау көрсетіп, физикалық-моральдық тұрғыдан салмақ салмауы тиіс. Кей­бір әйелдеріміз сүттің жоқтығына шағымданып, бізге келіп кеңес сұрайды. Әйел адамның бала емізу­ге сүтінің болмауы тамақтан емес, ол жүйке жүйесінің тыныш бо­луына байланысты. Әсіресе біздің қазақ отбасыларында құттықтап келушілер көп болатындықтан перзентханадан шыққан ана келе салысымен дастархан жаюдың қамына кірісіп кетеді. Бұл – дұрыс емес. Босанған әйелдің денсаулығы қайта қалпына келуі үшін, баланың дұрыс режимінің қалыптасуы үшін отбасы түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуі керек. Бала – біздің болашағымыз. Ана сүтімен мейірі қанғанша тамақтанған баланың денсаулығы да мықты, әкесі мен анасына қамқор, жанашыр, ұлтшыл болып өседі, – деді Ақтау қалалық перзентханасының директоры Га­лия Махимова.

    Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

    1642
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қос елдің жолын қосты

    Келесі жаңалық

    Бүгін - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Күйіп қалған бүлдіршіннің оқиғасына кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 06:32
      3144

      Облыста денсаулық сақтау саласына қазынадан 4 млрд теңге бөлінді

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:29
      3477

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2823

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2633

      Өңірде іш ауруы азайып, қызылша «қызып» тұр     

      [ 2019 ] 9 желтоқсан, 06:59
      1622

      Өңірге танымал хирург Намаз Ізімбергенов өмірден озды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 11:25
      2168

      Рубрикалар

        Қызық дерекАуыл өміріҚазақстан жаңалықтарыМаңғыстауСараптамаАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

      [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
      3450

      Күйші Серіктің еңбек белестері

      [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
      2073

      Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

      [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
      2302

      Мерекедегі мерей    

      [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
      1707

      Бітімгершілікке келу – береке бастауы

      [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
      1878

      Әкім жамағатқа ауызашар берді

      [ 2018 ] 12 маусым, 09:22
      1835

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»