• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 4 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Өңірде іш ауруы азайып, қызылша «қызып» тұр     

    [ 2019 ] 9 желтоқсан, 06:59  |  Жаңалықтар
    Өңірімізде биылғы 10 айда аса қауіпті және басқа да карантиндік  инфекциялар, іш сүзегі, паратиф, іріңді менингит және вакцинамен сақтандырылатын құрөзек, сіреспе, полиомиелит, қызамық, эпидемиялық  паротит сияқты аурулар тіркелген жоқ. Осы уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындарымен байланысты топтасқан аурулар да кездеспепті. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде болған баспасөз мәслихатында департамент басшысы Ерғали Сыдыманов айтты. Келтірілген мәліметтерге сенсек, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жоспарлы жүргізілгендіктен жекеленген аурулардың төмендеуі байқалады. Көптеген аурулар көрсеткіштері біршама азайған. Атап айтқанда, бұлар — сальмонеллез-2,4 есеге, бактериальды дизентерия–2,5 есеге, жіті ішек инфекцияларының тобы–1,5 есеге, ротавирус инфекциясы-38,6%, тағам токсико инфекциясы–9,0 есеге, серозды менингит–4 жағдайға, жіті вирусты гепатиттер–7 жағдайға, оның ішінде «А» вирусты гепатит-2 жағдайға, «В» вирусты гепатит–4 жағдайға, «С» вирусты гепатит–1 жағдайға, созылмалы вирусты гепатиттер  4 жағдайға, эхинакоккоз–39,3%, бруцеллез–3 жағдайға, энтеробиоз–4,5%, ЖРВИ–0,48%, мерез-36,9% азайған. Керісінше, менингококк инфекциясы 1 жағдайға, көкжөтел–1 жағдайға, туберкулез 7 жағдайға және тұмау көрсеткіштері 7,5% артқан. Өткен жылғы желтоқсан айынан бері қызылша ауруының  эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып отыр. Осы жылғы 10 айда 1137 қызылша ауруы тіркеліп, оның ішінде 887 (72,5%) жағдайы зертханалық, 250 (27,5%) клиникалық түрде нақтыланған. Науқастар санына жастары бойынша талдау жасағанда, ауырғандардың 718-і (63,0%) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі болса, 419 (37,0%) ер адамдар болып отыр. Ал контингент бойынша талдағанада, ауырғандар арасынан ең жоғарғы үлесі  ұйымдаспаған топтардан–515 жағдай (45,3%), жұмыссыздар–163 жағдай (14,4%) тіркелді. Оқи отырыңыз: «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолын жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр - Облыс аумағында биылғы 1 сәуірден  бастап желтоқсан айына дейін 9-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізілді, - деді департамент  басшысы. - Егілетін балалардың жоспары жасақталып, барлығы 15 090 болды. Сәуір-қазан айлары аралығында 13645 бала жоспарланып, оның ішінде екпемен қамтылғаны—10591 бала (77,6%). 2019 жылдың 16 сәуірінен бастап 20-29 жас аралығындағы тұрғындарды қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілуде. Облыс бойынша егілуге 66 240 адам жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 61 167 адам немесе 93,1% егілді. Бұдан басқа 20 жасқа дейінгі 306 адам, 30 жастан асқан 4248 адам өз еріктерімен қызылшаға және қызамыққа қарсы екпе алды. Ақтау қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары облыстық жұқпалы аурулар бөлімшелерін 2018-2019 жылдары ерекше тәртіппен екі рет тексерді. Өткен жылы жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша құрамында жұқпалы аурулар бөлімшесі бар Маңғыстау облыстық ауруханасы сотқа берілді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қайта ұйымдастырылуына байланысты нысанның қызметін тоқтата тұру мүмкін болмады. Бірақ 4 айыппұл салынды және 1 ұйғарым шығарылды. 2019 жылғы тексеру қорытындысы бойынша 11.11.2019 ж. №75 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. 30 АЕК көлемінде екі әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар биыл жоспардан тыс 3 рет тексеру жүргізілген. Оның біріншісі — ауруханаішілік жұқпалы аурулардың тіркелуі бойынша жоспардан тыс тексерілді. Тексеру нәтижесінде директордың орынбасары М.Бекбаевқа 20 АЕК (50500 тг.) көлемінде әкімшілік жаза қолданылды. Екіншісі тексеру емделушіге берілген түскі аста тарақан бар екендігі туралы шағым бойынша жоспардан тыс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде осы мәселе бойынша анықталған ескертулер болмаған. Ал үшіншісінде ауруханаішілік жұқпалы аурулардың тіркелуі бойынша жоспардан тыс тексеріліп, нәтижесінде 04.05.2020 жылға дейінгі мерзімге ұйғарым берілді. Сондай-ақ, Е.Сыдымановтың айтуынша, құрамында инфекциялық бөлімшесі бар облыстық балалар ауруханасы Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын дамытудың 2026 жылға арналған аймақтық перспективті  жоспарының тізіміне енгізілген. Жоспарға сәйкес балалар жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жүргізу 2020 жылға жоспарланған. Мұндағы барлық бөлмелерде, бокстарында, жартылай бокстарында, ас тарату орындарында, медициналық қалдықтарды уақытша сақтау бөлмесінде және санитарлық тораптарда күрделі жөндеу жұмыстары талап етіледі. Қабырғалардың, төбелерінің сырлары түскен, қабырғаларында  төбеден аққан сары су іздері көрінеді, едендердің линолеум төсеніштері бұзылған, ем-шара және ас тарату орындарында  кафельдері сынған. Кереуеттер, манеждер, кувездер сияқты жиһаздар өте ескі, жарамсыз, ауыстыруды қажет етеді. Жұқпалы аурулардың маусымдық көтерілуі кезінде науқастардың инфекциялық бөлімшелерде шамадан тыс көбеюі де жағдайды күрделендіріп тұр.

      Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    1636
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар маңғыстау жаңалықтары денсаулық анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтау қаласы аумағында 81 қоқыс алаңы анықталды

    Келесі жаңалық

    Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы-ректор сайланды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Алты айда 18 адам АИТВ инфекциясымен тіркелді

      [ 2017 ] 10 шілде, 05:06
      2055

      Облыста денсаулық сақтау саласына қазынадан 4 млрд теңге бөлінді

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:29
      3491

      Өңірде іш ауруы азайып, қызылша «қызып» тұр     

      [ 2019 ] 9 желтоқсан, 06:59
      1637

      ДСБ балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жағдай туралы пікір білдірді

      [ 2019 ] 28 қараша, 07:39
      1920

      Маңғыстауда 40 адамнан АИТВ инфекциясы табылды

      [ 2019 ] 20 қараша, 10:46
      1831

      Маңғыстаулық дәрігерлер бетінен ат тепкен балаға ота жасады

      [ 2019 ] 9 сәуір, 12:11
      1534

      Рубрикалар

        ЖарнамаАнықтама бюросыКомплаенсБайланыс мәліметтеріДенсаулықМұнайлыРедакцияТүпқарағанМаңғыстау жаңалықтарыСараптама

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2286

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2402

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2837

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2646

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2216

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2836

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»