Маңғыстаулық дәрігерлер бетінен ат тепкен балаға ота жасады
[ 2019 ] 9 сәуір, 12:11 | Жаңалықтар
Басынан ауыр жарақат алған 13 жасар балаға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері шұғыл ота жасады. Ата-анасының айтуынша, баланың бетінен ат тепкен. Қазір науқастың жағдайы жақсы, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Бала Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылында тұрады. Ата-анасының айтуынша, аттан құлаған кезде жануар артқы аяғымен баланың бетінен теуіпті. Оқиға 26 наурыз күні болған», - деп мәлімдеді МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. Дәрігерлер балаға «ашық бас сүйек-ми жарақаты, маңдай қуысы мен сол жақ көз ұяшығының ішкі қабырғасының сынуы, бас миының ауыр дәрежедегі жарақаты, мұрыннан қан ағу, мұрын сүйегінің сынуы, 2-3 дәрежелі зақымданудан есеңгіреу, қансыраудан болатын анемияның ауыр түрі» деген диагноз қойған. Мұрын сүйегі қозғалған балаға лор дәрігер шұғыл ота жасаған. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Үйіне шығуға дайындалып жатыр.
1569
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.