Маңғыстауда сайлаушылардың 52 пайызы өз таңдауын жасады
[ 2019 ] 9 маусым, 08:55 | Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 14.00-ге дейін Маңғыстау облысында сайлаушылардың 52,4 % өз таңдауын жасады. ҚР Президенттік сайлауында өңірде барлығы 390 мың адам дауыс береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. https://youtu.be/f98v2iqz1_w ҚР Орталық сайлау комиссиясының
хабарлауынша, 9 маусым сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 % сайлау бюллетеньдерін алған. Ақтөбе облысында сайлаушылардың жартысынан көбі, яғни 69,4 % өз таңдауын жасап үлгерген. Сайлауға келу белсенділігі бойынша Алматы қаласы соңында тұр. Сағат 14.00-ге дейін дауыс берушілердің 37,0 % ғана келген. Жалпы республика бойынша 11 947 995 сайлаушы тізімге енгізілген. Айта кетелік, Қазақстан президенті сайлауына жеті кандидат түсіп жатыр:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәді-Бек Түгел.
Суреттер мен видеоларды түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="81124,81123,81122,81121,81120"] https://www.youtube.com/watch?v=gf8BSw_m2iQ
2217
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.