Пайғамбардан жеткен хадисте айлардың қайырлысы Рамазан, түндердің қайырлысы Қадір түні, күндердің қайырлысы жұма күні екені айтылған. Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсті. Түндердің ең қайырлысы саналатын бұл түнді құлшылықпен өткізу үшін ақтаулықтар орталық Бекет ата мешітіне жиналды. Алдымен мешітке жиналған халық ауызашарға жайылған дастарханнан дәм татып, тарауық намазына қатысты. Жиналған жұртлышылық таңға дейін көз ілместен Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тіледі, бес уақыттық қаза намаздарын өтеді. Мешіттің бас имамы Смайыл Сейітбеков жиналған жамағатқа Қадір түнінің қадірі, бұл түннің ғажайыбы мен сауабы жайлы уағыз айтты. Таңға дейін кірпік ілмей, күнді құлшылықпен атырған халық сәресінде ауыз бекітіп, үйлеріне тарасты.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="80561,80560,80562,80559,80564,80563"]