29 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Қарақия ауданы Жетібай ауылында 12 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Ауыр жарақат алған бала шұғыл Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Дәрігерлер науқасқа бас сүйегінің сынуы, сол жақ сүйегінің желілік сынуы және травматикалық шок диагнозын қойды. Нейрохирург дәрігер Ербол Кенжебалов науқасты тексергеннен кейін шұғыл операция жасады. Жарты сағатқа созылған отада дәрігерлер сынған бас сүйекті қалпына келтіріп, басындағы қанды ісіктерді алған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Әжесінің айтуынша, оқиға футбол ойнап жүргенде болған, яғни қақпаға гол салар кезде баланың үстіне құлап кеткен.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті ұсынған Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі