©
Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Е.Ж.Сыдымановтың ұйымдастыруымен жұқпалы аурулардың, қызылша, менингококк инфекциясы, жұқпалы ішек аурулары және тамақтан уланулардың алдын алу бойынша Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемесі қызметкерлерінің, облыстық, Ақтау қалалық Бекет ата мешіт имамдарының және Мұнайлы аудандық мешіт имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы, менингококк инфекциясы, жұқпалы жіті ішек аурулары және тамақтан уланудың алдын алу шараларын күшейту мәселелері талқыланды. Мешіттердің үй-жайларында намаз оқу үшін қолайлы жағдайлар жасалу, тұрақты желдету және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды тазалау жұмыстарының сапалы жүргізілуі жөнінде, Сауд Арабиясы патшалығына қажылық сапарға баратын адамдарға медициналық тексеру, менингококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары туралы және жұқпалы жіті ішек ауруларының, топтасқан тамақтан уланулардың алдын алу мақсатында, мешіттерде ұйымдастырылатын Айт намазы, садақа дастархандарына қойылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне аса көңіл бөлу туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпелердің қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталды, бірлесе отырып екпеден бас тартқандардың арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуді алға қойды. Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 миллионға жуық адам қатысады, оның ішінде 3-4 мың адам Қазақстан Республикасынан барады. Ағымдағы жылы қажылыққа бару тамыз айының басына жоспарланған, ол 20 тамызға дейін жалғасады. Биыл барлығы 3200 адамның қажылыққа баруы жоспарланып отыр. Сауд Арабиясы коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел болып табылады. 2018 жылы менингококк инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалған, ол Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңде менингококк инфекциясының 96 расталған жағдайы тіркелді, оның 15 жағдайы өліммен аяқталды. Инфекцияның өршу себебі тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуі, өзін-өзі емдеуі болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730-ы өліммен аяқталған, оның 80%-дан астамы – Сауд Арабиясында. Маңғыстау облысы аймағында 2018 жылы және 2019 жылдың 5 айында менингококк инфекциясы тіркелген жоқ. 2000 жылдары қажылық кезінде менингококк инфекциясының өршуіне байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау. Менингококк инфекциясы – жедел түрде өтетін бактериальды (қоздырғышы Нейссерия менингитидис) ауа тамшыларымен жұғатын ми мен жұлын қабықшасының қабынуымен өтетін жұқпалы ауру. Инфекцияның басты көздері: ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Инкубациялық кезеңі 1-10 күн (орташа 2-4 тәулік). Жұғу жолдары:Гүлшат ШОРБАСОВА, Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы