• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Айжан Құттыбаева: "Өзіме «сен» десем де, аяғыма «сіз» деймін"

    [ 2019 ] 21 қыркүйек, 11:04  |  Қоғам

    Тағдырдың теперішті ауыр сыны сол бір жол көлік оқиғасынан басталды... Ол – небәрі 1-сынып оқушысы еді. Қаһарлы қыс. Тұманды дала. Қас-қағым сәтте тұман ішіне тығылған жүк көлік қаршадай ғана қызды бір аяғынан айырды. Қытымыр қыстың қырсықтығын қарашы, ойын баласын ойда жоқта жығып түсті. Алайда Айжан Құттыбаева аяғының ақсақтығына қарамастан алға қарай жылжудан қорықпады. Тағдыр тәлкегіне түскен кейіпкер қарсы келген қиындықтармен қалай күресті? Өмірдің кей сәтсіздігін қалай қабыл алды? «Жүк көліктің жалпақ дөңгелектері аяғымды жансыздандырғанымен өмірге құштарлығымды жоғалтпады. Көшеде шаң шығарып ойнамасам да бақытты сәттерім аз болмаған еді. Балалық шағым – төзім мен шыдамдылықтың биігінде тұр. Білесіз бе, аяқ шолақ болса да мектепке қарай, білім алуға асығатын едім. Қатарластарымның қол шошайтып, мені мазақ еткен кездері де болды. Сонда да берілмедім. Себебі бұл – маған берілген Алланың үлкен сынағы. Аяқпен арпалысып мектепті аяқтадым. Ақ халатты абзал жан атану – арманым, бірақ әкем тігіншілік өнерін меңгеруімді қалады да 6 айлық оқуға түсірді. 4-сыныптан бастап қолға ине мен жіп алып, кестелегенді ұнататынмын. Содан болар оқуда озат болдым, бір айдың ішінде шебер санатына қабылдандым. Әке ақылын тыңдап, әлі күнге дейін тігіншілікті тастаған емеспін. Тігін тігу – менің өмірім. Бойға дарыған өнер арқылы өзімді және балаларымды адал асырап келемін...». «Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсұнбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін. Өкінішті болуы мүмкін емес». (Ә.Кекілбаев) Жүзім күліп тұрғанымен іштей жан азабы тыныштық бермейді. Әсіресе, аяғым сыздап ауырғанда жанымды қоярға жер таппай қиналамын. Күндіз күйбең тіршілікпен жүріп, өзіме қарауды ұмытып кететінім бар. Тек түнде ғана қалың оймен арпалысамын, аяғыма көзім түссе еріксіз жанарым жасқа толады. Бірақ, мен өмірге өкпелемеймін, налымаймын. «Неге мені мүгедек етті?», «Неге мен аяғымнан айырылдым?», «Неге менің жолым болмай-ақ қойды?» деген сауалдармен әлек болмаймын. Керісінше, Жаратушы иемнің көзі маған түскеніне қуанамын. Алла пендесіне көтере алмайтын жүкті бермейді. Демек, әрбір бетпе-бет келген қиындыққа төтеп берер әркімнің өз күші бар болғаны. Менің қорғаным – Жаратушы бір Алла, байлығым – балаларым, арым – адал еңбегім. Еңбек етуге қауқарым жетіп тұрғанда ешкімге алақан жайғым келмейді. Тіпті 19 жылдан соң аяғымды кестіріп, ота жасату үшін Ташкент қаласына жалғыз өзім, сенесіз бе, жалғыз барғанмын. Құлағымдағы алтын айшық сырғам мен жүзігімді сатып, ешкімнен, туған-туыс, бауырларымнан да ақша, қол көмек сұрамастан... Сонда ауруханаға барғанымда, бармағы жараланған жандардың қасына еріп келген қаншама адамды көрдім. Көрдім де таңқалдым. Сонда маған:«тұтас бір аяғымды кестіруге жалғыз барып тұрған ер екенмін, мүмкін ақымақпын» деген ой келді. – Құттыбаева Айжан кім? – Мен. – Жалғыз келдің бе? – Ия, жалғыз келдім, қолымда азғантай ақшам бар. Аяғымды кестіруім керек, - деп өз жағдайымды айттым. – Ер екенсің, сенен ақша алмаймыз, отаны тегін жасаймыз, тек наркозға ақша төлесең болды, - деді дәрігерлер. Осылайша аяғымды кестім, қазір темір аяқ киіп жүрмін. Өзіме «сен» десем де, аяғыма «сіз» деймін. Себебі – аяқтарымды жақсы көремін, құрметтеймін және шүкіршілік етемін!

    Мен аяғымнан ғана айырылмадым...

    Ақсақтығыма қарамастан алақанында аялаған асыл азаматымнан айырылдым. Менің өмірімдегі екінші ауыр соққы осы болды. Өмір – өзен, ағады да кетеді, уақыт зулап өтеді. Ал екінші көтерген шаңырағым шаттыққа толды деп айта алмаймын. Жолдасым ащы суға алданып, маған қол жұмсап жүрді. Он үш жыл бойы шыдадым, бірақ амалым қалмаған соң ажырасып, екі баламмен бөлек кеттім. Паналайтын үйіміз жоқ. Айлық берер жұмыс та жоқ. Бар болғаны мүмкіндігі шектеулі жандарға төлейтін зейнетақымен күн көрдім.  Тоғыз жыл бойы қала аралап, пәтер жалдаумен жүрдім. Түн ұйықтамай тігін тіктім. Тулаған толқынға еңбек арқылы ғана төтеп бердім. Еңбек – менің бойтұмарым. Бүгінде еңбектің нәтижесінде бақыт басын иіп тұр. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85526,85529,85524"] Маңғыстау облысындағы «Бизнес 3 күнде» жобасы аясында өз кәсібімді бастадым. Тапсырыс алып, шеберлігімді салып, тапсырыс берушілердің талабына сай киім тігіп жүрмін. Үй алу үшін тоғыз жылдан бері кезекте тұрмын. Тек өз үйімнің болғанын қалаймын. Қазір әкімшіліктен бөлінген баспанасы жоқ, мүгедектерге көмек ретінде берілген пәтерде тұрып келемін. Ол үшін Маңғыстау облысы әкімдігіне өз алғысымды білдіремін. Жанға сая болар қызым, қорғаным болар ұлым бар. Олар бала кезінен бастап маған қолғанат болып, еңбек етіп көмектесіп жүр. Сәл қиналып, ауырғанымды көрсе, бала жүрегі шыр етіп, жанымнан табылады. Мен – балаларыммен мақтанамын. Қызым Астанада оқып, жұмыс істейді. Ұлым – 8-сынып оқиды. Қазірден бастап бизнес бастаудың қыр-сырын үйреніп, оқып жүр. Ал өзім заманға сай білімімді жетілдіріп, түрлі курстарға барып, жаңашылдыққа ұмтылудамын. 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі 15 қыз-келіншек болып Астана қаласына барып тігу/пішу курсын 2 ай оқып келдік. Ендігі мақсатым – кәсібімді  дөңгелетіп, мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге тігін тігу шеберлігін тегін үйрету. Оларды да сан қилы қиындықтан қорықпауға, өздігімен еңбек етуге, жетістікке жетуге баулығым келеді. Нағыз байлық – еңбек пен қанағат, балаларыңның амандығы. Сондықтан мен – баймын. Жаным әлсіз болғанмен, рухым мықты. Кемдігімді сезінсем де, өзгеге күнімді салдырмай, еңсемді түсірмей жүру үшін алдыма мақсат қойдым. Аллаға шүкір, мақсатым мен арманым орындалуда. Кейіпкер Айжан Құттыбаева ағысқа қарсы жүзген кеме секілді. Оның ерлігі – көпке үлгі. Ол – бүгінгі күннің батыры.

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    2167
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Әр қазақ – менің жалғызым» акциясы Мұнайлыда жалғасын тапты

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық жастар Сайын Назарбекұлымен кездесті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Айжан Құттыбаева: "Өзіме «сен» десем де, аяғыма «сіз» деймін"

      [ 2019 ] 21 қыркүйек, 11:04
      2168

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2679

      Ербол Өтеев: «77,3 мың маңғыстаулықтың 2 млрд теңгеден аса қарызы бар»

      [ 2019 ] 2 тамыз, 11:38
      3016

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2023

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4560

      Жасөспірім және қылмыс: кім кінәлі?

      [ 2019 ] 13 ақпан, 06:25
      3927

      Рубрикалар

        МұнайлыАудан тынысыКомплаенсСпортҚұқықХабарландыруРедакция туралыЖарнамаЖаңалықтар

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      7615

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3059

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3195

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1527

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      547

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      442

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»