• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    «Маңғыстаудың көзі тірі энциклопедиясы...»

    [ 2018 ] 21 қыркүйек, 05:41  |  Қоғам

    Әбілқайыр Спан Қазақстанға белгілі жазушы, журналист, өлкетанушы. Ол Маңғыстау өлкесінің әдебиеті мен өнерінің тарихы тақырыбын көтерген, жүздеген саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін жаңғыртып, ақтауға ат салысқан қаламгер. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан 30-дан аса кітаптың авторы. Назарларыңызға Әбілқайыр Спанмен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

    - Әбеке, «Жұлдыздар отбасы» атты республикалық журналдың былтырғы қазанда шыққан 20-санында сіз туралы осылай депті. Дәлірек айтқанда сізді ел осылай мадақтайды дегенге келтіреді. Оған қалай қарайсыз?

    – Иә, солай деп жазып жіберіпті. Мақтаған жақсы ғой. Кім жек көреді оны. Онысы үшін басылымға рақмет.

    – Ол сөз қазақ суретшісі Сердалы Бекшорин (1820–1892) туралы болған суретшінің шөбересі Қаражан Сердалиевпен әңгіме-сұхбатта айтылыпты. Сұхбаттан білгеніміз сіз Сердалыны да зерттеп бірнеше мақала жазыпсыз. Алдымен осы суретші туралы аздап тоқталып өтсеңіз.

    – Сердалының руы әлім ішінде төртқара. Би, шешен, суретші, төртқара руының правителі. Үкіметтен алған шені – зауряд-хорунжий. Үкімет ол кезде азаматтық қызметтегі чиновниктерге осындай атақ беретін. Зауряд соны білдіреді, ал хорунжий – кіші офицер, біздің лейтенант дәрежесінде.

    1860 жылы Батыс Қазақстаннан Санк-Петербургке 10 адам депутация  барады. Бірі  –  Сердалы. Топ басшысы әрі тілмашы – Орынбор губернаторының көмекшісі Лев Плотников. Топ тамыздың 9-ында патшаның қабылдауында болады. Суретке түседі. Қаланы жақсылап аралайды. Табиғатынан зерделі Сердалы көргендерін суретке сала жүреді. Өте қызыққаны Карл Брюлловтың эрмитажда сақталған «Помпейдің ақырғы күні» картинасы. Л.Плотников оны Сердалы жадқа көшіріп салды дейді. Көргенін есінде сақтап, соның жады бойынша көшірмесін салу – бұл енді нағыз хас таланттылық. Санк-Петербургта топ Шоқан Уәлихановпен кездеседі. Шоқан ол туралы елге жазған хатында замандасы Г.Обручевқа айтады. Суретші Сердалыға тоқталады. Шоқан сонда оған сағатын сыйлапты. Ол сағаттың қорабы Қаражан Сердалиевте сақтаулы. Мен оны көріп «Қазақ әдебиетіне» мақала жаздым ертеректе. «Жұлдыздар отбасында» Ә.Спанов бұл тақырыпта 4-5 мақала жазды дегеніндегі алғашқы жазба сол. Сол кезде осыны тілге тиек етіп КазТАГ мен туралы арнаулы мақала жазып, ол республиканың біраз мерзімді басылымдарында жарияланған.

    Бізде қазақтың алғашқы суретшісі Шоқан, сосын оның інісі  Мақы  Уәлиханов  делініп келді. Шоқан сурет салды, бірақ оның салғандары эскиздер ғана. Ал Мақы болса – Сердалы Санк-Петербургта жүргенде ауылда ойнап жүрген 10 жастағы бала. Екеуінің жас айырмашылығы аттай 30 жас. Осыдан-ақ ақиқат шыға келмей ме?! Мені Сердалы тақырыбына жетелеген Л.Плотниковтың, Ш.Уәлихановтың, соларда айтылған деректерге сүйеніп қалам тартқан Ә.Марғұлан, Ә.Әлімжанов, А.Сатаев, Ә.Ахметовтердің жазбалары.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бейнеу ауданына 45 жыл

    – Енді біліп отырмыз, Сердалы салған суреттер белгісіз. Әлі табылмаған. Аталған журналдағы сұхбатта «олар қайда болуы мүмкін?» деген сауалға сіздің тұспалыңыздың дұрыстығы меңзеліпті. Бұған не айтасыз?

    – Екі Плотников болған. Бірі Лев те, екіншісі Владимир Николаевич Плотников (1832–1885). Екеуі тумалас. Соңғысы – кәсіпқой суретші. Ресей географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің мүшесі. Оның қазақтың салт-дәстүрі туралы 1859–1862 жылдары салған 253 суреті бар альбомы Ресей Ғылым академиясының этнография мұражайында сақтаулы. Альбом кезінде Москвада өткен арнаулы көрмеге қойылып, күміс медальмен марапатталған. Осындағы суреттердің біразын В.Плотников қазақ жайын өте жетік білетін Сердалыға сұраныс беріп салғызуы не салған суретін пайдалануы әбден ықтимал. Шынында да бір ғана суретшінің айналасы 3-4 жыл ішінде 253 суретті және бөгде халықтың ұлттық ерекшелігі туралы салып шығуы ақылға да сыймайды емес пе?! Альбом бар, суреттер тұр дедік. Әдетте суретшілер дәстүрінде салған суретінің соңына оң бұрышына авторының аты мен әкесінің есімінің бас әрпі елеусіздеу түсіріледі. Мына альбомда оның сурет сыртына жазылып жіберілуі мүмкін. Осыған арнайы маман зер салса сурет авторы, яғни Сердалы Бекшорин мұрасы табыла кетеді. Альбомның мұражай куәландырып берген құжатымен ала қойса бітті. Мен суретші маман емеспін. Әуесқой, зерттеуші журналист, жазушы ғанамын. Негізгі тақырыбымның аясы – өзімнің Маңғыстауым ғана. Плотников альбомына «онда біздің өңір туралы ештеңе жоқ па?» екен деген әуесқойлығым апарып жүр. Мемлекетімізде ғылыми зерттеу институттары, мұражайлар, өнер зерттеушілері бар ғой. Сердалының – қазақтың шын табиғи талантты суретшісінің бар мұрасын тапсын солар, шығарсын. Президентіміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жасап беріп, жұмыс жасаң деп отыр емес пе?! Ендеше, тиісті жұмыстарын жасауы керек.

    – Журнал сізді «Маңғыстаудың көзі тірі энциклопедиясы» атанған деп жазыпты. Бұл атаққа қалай, қашан, кімнің айтуымен ие болып жүргеніңізді білсек деп едік.

    – Осы сұраққа жауап бермей-ақ қойсам қайтеді. Себебі жауап артынан «Мені ол ағам осылай деп мақтап еді» деп күпіп жүр мына неме деген жаманаттың, бөспе сөздің іліне жөнелуінен сақтанамын. Рас, олай делінгені. Аталған басылым сол сөзді дерек етіп пайдаланып отыр. Ол айтылғанды естігендер осы ел ішінде де бар еді ғой. Ерінбесе айта жатар, жаза жатар. Бәрін уақыт иелігіне тапсыралық.

    – Әңгімеңізге көп рақмет. Жақсы атыңыз шыға берсін.  – Сізге де рақмет.

    Әңгімелескен Кенже БӘЙІМБЕТ

    2831
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Азия чемпионына қамқорлық көрсетілетін болды

    Келесі жаңалық

    Сахи Хибасов: “Ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жұмыс істедік”

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Айжан Құттыбаева: "Өзіме «сен» десем де, аяғыма «сіз» деймін"

      [ 2019 ] 21 қыркүйек, 11:04
      2163

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2667

      Ербол Өтеев: «77,3 мың маңғыстаулықтың 2 млрд теңгеден аса қарызы бар»

      [ 2019 ] 2 тамыз, 11:38
      3011

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2019

      Жасөспірім және қылмыс: кім кінәлі?

      [ 2019 ] 13 ақпан, 06:25
      3912

      «Маңғыстаудың көзі тірі энциклопедиясы...»

      [ 2018 ] 21 қыркүйек, 05:41
      2832

      Рубрикалар

        Ашық қоғамҚұқықТүпқарағанФотоТағайындауМәселеБіле жүріңізДенсаулықЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»