• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Сахи Хибасов: “Ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жұмыс істедік”

    [ 2018 ] 21 қыркүйек, 08:43  |  Қоғам

    ©

    «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері Сахи Хибасов Бейнеу ауданы құрылған алғашқы жылдар туралы әңгімелеген еді. Сұхбатты оқи отырыңыз.

    - Бейнеу ауданы құрылған күннен бастап қызмет еткен аға ұрпақ өкілісіз. Ширек ғасыр Бейнеу аудандық «Сельхозтехника» бірлестігінің бастығы болып қызмет етіпсіз. Кезінде аудан шаруашылығын дамытуда маңызды болған осы мекеме қалай құрылды? Өткен жылдар туралы естеліктеріңізбен бөліссеңіз?

    - Аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігі аудан құрылғаннан кейін бір жылдан соң ұйымдастырылды. Бейнеу ауданының алғашқы басшысы, партия комитетінің бірінші хатшысы Арон Өтеуов соғыс ардагері, көпті көрген азамат болатын. 1973 жылы жаңа ашылған «Бейнеу жолдары» мекемесінде бас инженер болып жұмыс жасап жүрген едім. Келер жылы сәуір айында мені жаңа ашылған сельхозтехника мекемесіне сауда қызметкері етіп ауыстырды, еңбек ақысы жасап жүрген қызметімнен жүз сом төмен екен, солай бола тұрса да партияның тапсырмасын орындау міндет. Мекеме бастығы Ершора Қайболдиев еді. Әрине алғашында ұйымдастыру жұмыстары қиындау болды, жұмыс орны үшін ғимарат, қойма, жөндеу гараждары дайын емес, механизатор-шофер жүргізушілер тапшы, тұрғын үй жоқ, ауданның жаңа ұйымдасқан кезі, мекеме басшысы Е.Қайболдиев бергісі Атырау, Құлсары, арғысы Түрікменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстанға барып, жұмысшы механизаторларды үгіттеп, шақыра бастады. Горем-22 мекемесінің теміржол тұйығы бойындағы қойманың біреуінде қарауыл отыратын екі бөлмелі ғимаратты кеңсе ретінде пайдаланып, жұмыс бастадық. Кейін қажетті ғимараттар, алғашқы үйлер салынды. Мен алғашында сауда қызметкері, сосын тағы бір жыл бас инженер болдым, ал 1976 жылы Е.Қайболдиев денсаулығына байланысты су айдау мекемесіне қызметке ауысты да, басшылық жауапкершілікті аудандық партия комитеті мен облыстық сельхозтехника бастығы С.Амиров маған жүктеді. Содан 25 жыл бойы осы мекеменің  жұмысын жүргізіп, «ыстығына күйіп, суығына тоңып» жұмыс жасаған екенбіз.

    - Жылдар сынаптай сырғып өте шықты дейсіз ғой?

    - Иә, дәл солай! Жаңа аудан қарқынды дамып, тапсырмалар мезгілінде орындалып жатты. Кейін Дүйсенбі Әріпов бірінші хатшы, Бердібай Сарбалаев атқару комитетінің төрағасы болды, екеуі де іскер адамдар. Бердібай Сарбалаев әр жұма күні таңертең екі совхоздың отарларын түгел аралауға шығып, шаруашылық жағдайларын тексеріп, кемшіліктерді анықтап, жексенбі күні кешке қарай келетін еді. Сосын мені шақырып, шаруашылыққа қиындық тудырып отырған жағдайларды түзетуге шара алып, әр отарға қажет заттарын жіберіп отыратын едік.

    - Бірлестіктің қандай қызметтер атқарғаны туралы нақтырақ айта кетсеңіз?

    - Аудандық бірлестіктің сауда, автотранс, механикаландырған суландыру бөлімшесі, құрылыс, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, (монша, дүкен, балабақша т.б.) техникалық күтім, айырбастау бөлімдері болды. Мысалы, сауда бөлімі совхоздарға, ауыл шаруашылығы мекемелеріне техникалар, қосалқы бөлшектер, сала мамандары мен шаруашылықпен айналысатын адамдарға лайықты, әдемі киімдер жеткізіп беру үшін жұмыстанды, сондай-ақ құрылыс материалдарымен, қажетті құралдармен қамтамасыз ететінбіз.

    Аудандағы төрт совхозға, тағы да ауыл шаруашылығы мекемелеріне жұмыс көлеміне, техникалардың санына, нормативіне қарай салынатын құрылысқа қор бөлініп отырады. Бөлінген материалдарды дер кезінде жеткізіп беру, шөл және шөлейтті өңір болғандықтан шалғайда орналасқандықтан көршілес облыстарға, орталыққа, өзге де республикаға барып, қосымша материалдар, жем-шөп бөлдіруге жұмыстанып, жоғымызды тауып келуші едік.

    Ал автотранспорт бөлімшесі совхоздардың автокөліктері жетіспегендіктен көші-қон, шөп, жем, құрылыс материалдарын тасымалдауда белсенді еңбек етті. Аудандық сельхозтехника бірлестігінде әртүрлі маркалы 62 автокөлік болды, сұранысқа қарай шаруашылыққа жіберілетін. Бұл бөлімшені алғашқы кезде Шест Шыңғысов, кейін Құрбанбай Шаханов, Жауғашты Шеркешов, т.б. азаматтар басқарды. Диспетчер Өсербай Кеукенов, автомеханиктер Қасым Баймұналов, Андрей Утеев, т.б. тасымал жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан шаруашылықтарына шөп Қостанайдан, Оралдан, Ақтөбенің Байғанин ауданынан, Түрікменстаннан, т.б. аймақтардан тасымалданды.

    Шоферлар Базарбай Амандықов, Жақсылық Оралов, Жақсылық Қилыбаев, Жалғас Қыстаубаев, Муханбет Бағитов, Қосбармақов, Сақып Жұбанов, Тілектес Таңатаров, Жамиғат Жакипов сияқты көптеген техника тілін меңгерген озат жүргізушілер болды.

    Қажетті техникалар Волгаград, Ульяновск, Рязан, Краснодар сияқты қалалардан автокөліктермен тасымалданды.

    - Тек алыстан шөп тасу емес, бөгеттер жасап, жайылымды суландыру арқылы да шаруашылыққа қыруар пайда келтірген деп естиміз.

    - Иә, аудан шаруашылығы үшін механикаландырған суландыру бөлімшесінің атқарған жұмысы тіптен маңызды болды. Жайылым жерлерді суландыру,  шөп дайындау  қажет болғандықтан «К-700А», «ДТ-75», «МТЗ-82» шөп шабатын, шабылған шөпті тығыздап баулап, тасымалдауға дайындайтын қажетті техникалар алдырдық. Негізгі мақсат — Қарақұм совхозы жерлеріндегі таулы жыра сайлардан бөгет жасап, су жинап, малға жайылымды кеңейту, мал басын өсіру. Бұл бөлімге Құлыбек Оразбаев, Қайыр Орамалов, Есиркеп Айжариков деген азаматтар басшылық жасады.

    Төңірекшың жерінде ертеде мұнай үшін қазылған скважиналардан су атқылап тұрды, осы суды пайдаланып (лиманный орашение), құрақ өсіріп, жылына екі рет орып, мал азығын дайындадық. Тіпті жылына 300 мың тоннадай құрақ өсіріп, шауып, шаруашылыққа жеткізіп беріп отырған кездеріміз болды.

    Шиланды, Қарасай, Дәуқара, Ырғызбай, Жоғарғы Қарасай, Төменгі Қарасай жерінде де мех.отряд жұмыс жасады. Механизаторлардың еңбектері де жоғары бағаланды. Мысалы, «Құрмет белгісі» орденді механизатор Тұрсынбай Үсенбаев «Жигули» маркалы автокөлікті сыйлыққа алды. Сондай-ақ Айдарбай Ибрашов, Есенғали Камиев, Ондаған Еркебаев, Зинекеш Жумагалиев, Халбай Ходжаев, Сатберген Сатбаев, Тиркеш Шалмуханов, Дуйсен Куттымуратов, Өтеу Майлыбаев секілді озат механизаторлар болды.

    - Бейнеудегі «Селхоз ауылды» салған да сіздер ғой?

    - Бірлестік  ұйымдасқаннан  кейін  құрылыс салуды бастады. Ең алдымен автогараж, шеберхана, айырбастау пункті сияқты құрылыстарды салды. Содан үш төрт пәтерден 33 тұрғын үй, аралас дүкен, 20 орындық монша, 50 орындық «Балдырған» балабақшасын, үйлерге, ғимараттарға жылу беретін қазандық (котельный) салды. Әр үйге су құбырларын жүргізді. 1975 жылдан бастап құрылыс жұмыстарын басқарған Түгелбай Айтмұханов, Адилхан Чутеев, Сали Исатаев осы аталған ғимараттарды салуда жұмысты жақсы ұйымдастыра білді. Бұл құрылыстардың игілігін халқы көрді. Осы салынған үйлерге қысы-жазы ыстық суы мен суық суы жүріп тұрды, тұрғындар үйлерінің ауласына ағаш бау-бақшалар өсіріп, көрікті сельхоз ауыл бойтүзеді. «Балдырған» балабақшасы жыл сайын аудандағы алдыңғы қатардағы екі топ болатын, 50 бүлдіршінді тәрбиелеп, мектепке әзірлеп отырды. Сельхоз ауылдың моншасы Бейнеудің тұрғындарына кідіріссіз жұмыс жасап тұрды. Бұл ғимараттар 1988 жылы аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесіне берілді.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Сәби шетінеді. Себебі не?

    - Кезінде Бейнеудегі үлкен мекемелердің жанында қосалқы шаруашылықтар болғаны есімізде. Сіздерде де болған сияқты?

    - 1982 жылы КПСС-тың май пленумы болып, ауыл шаруашылығын жақсарту мақсатында әрбір кәсіпорын өз жұмысшы, қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету керектігі жайлы қаулы болды. Біздің мекеме бір гектар жерге жуа, сәбіз егіп, жақсы өнім алды. Бұл жұмысты агроном Сағын Давлетов ұтымды ұйымдастырды.

    Сондай-ақ 500 бас саулық қаракөл қой өсірдік, әр жылына жүз аналыққа 116-121 бастан қозы алынып, мал көбейді. Бұл қой шаруашылығын дамытуға Саду Ашықбаев сияқты малбегі еңбек сіңірді.

    Айта кетейін, мекемеде қосалқы шаруашылықпен қатар техникалық күтім, айырбастау пункті жұмыс істеді. Совхоздар үшін автотракторлардың иінді вал (коленвал) май насостарын, гильзаблоктарын, «ВЛМ-100» су насостарын, қырқым агрегаттарын жөндеп, қалпына келтіріп, беріп отырдық. «К-700А» тракторларына техникалық күтім жасалып, моторын, КПП тездеткіштерін автодвигательдерді Орал, Шымкент, Сайрам жөндеу орындарына алып барып, жөндетіп, жеткізіліп берілді.

    «К-100А» тракторын жөндеу, реттеу жұмыстарын шебер Асқар Дуйсенгалиев Ленинград қаласына «Кировец» заводына барып үйреніп келді, Орал қаласындағы жөндеу зауытында болып, жақсы маман ретінде көп қызмет атқарды.

    1988 жылы біздің облыс Атырау облысына қосылған кезде Атырау облысының совхоздарына ұлу тас жіберу үшін Атырау мұнай өнімдерін өндіретін мекеменің ұлу тас өндіретін карьерінің шетінен 10 га жерге рұқсат алдық. Қажетті техникалар болды. Жаңадан ұлу тас өндіріп, ауыл шаруашылығы саласына жіберіп отырдық. Ұлу тас жібергесін мекеменің жағдайы жақсара бастады. Карьерді Қылыш Мадиев басқарып, жақсы абыройға ие болды. Көп ұзамай Маңғыстау облысы қайтадан ашылып, ұлу тас карьерлі болып қалдық. Бір сөзбен айтқанда аудандық сельхозтехника мекемесі өте абыройлы болды, бірнеше рет облыстың, республиканың сельхозтехника аралық ауыспалы туын жеңіп алды. Одақтың вымпел сыйлығын иелендік. Бұл марапат аудандық музейде сақтаулы тұр.

    - Әңгімеңізге көп рақмет! Ауданды дамытуға атсалысқан біраз адамдардың аты-жөндері аталды, өзіңіз де осы салаға үлкен еңбек арнап, әрі барлық уақытта еңбегіңіздің жемісін көріпсіз. Марапаты көп еңбек ардагерісіз, аман болыңыз, жас ұрпақ сіздердей ел ағаларынан үлгі алсын, еліміз көркейе берсін!

    Айнахан ЕСЕТ

    Көрнекі сурет iegres.kz сайтынан алынған

    1695
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат бейнеу
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Маңғыстаудың көзі тірі энциклопедиясы...»

    Келесі жаңалық

    Боз кілемнің батыры

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мақсатымыз – терең білім, өнегелі тәрбие

      [ 2019 ] 14 тамыз, 10:37
      1888

      Тәртіп пен жауапкершілік қалыптасқан ұжым

      [ 2019 ] 7 тамыз, 05:21
      1494

      Сам орта мектебіндегі кездесу

      [ 2018 ] 19 қараша, 06:44
      2114

      Ауылдың көркі - тазалық

      [ 2018 ] 24 қазан, 06:35
      1582

      «Мал-жаның аман ба?» дейтін қазаққа төрт түліктің орыны бөлек

      [ 2018 ] 8 қазан, 07:22
      2496

      Сахи Хибасов: “Ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жұмыс істедік”

      [ 2018 ] 21 қыркүйек, 08:43
      1696

      Рубрикалар

        Жастар бетіМәдениетанонсРедакцияЭкономикаҚоғамКомплаенсСаясатРедакция туралыАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»