• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Сам орта мектебіндегі кездесу

[ 2018 ] 19 қараша, 06:44  |  Қоғам

Баспасөзге жазылу науқанына орай Бейнеу ауданындағы үлкен мектептердің бірі Сам орта мектебінде болып, оның кең залында ұжым мүшелерімен кездесу өткізген едік. Жиын соңында мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты, өнер жанашыры, аудандағы жас мектеп директорының бірі Сағатбек Жұбановпен сұхбаттасуға мүмкіндік болған еді.

- Сағатбек Орынғалиұлы, бұрын ауданның маңдай алды оқу орындарының бірі болған Бейнеу лицейін басқарған едіңіз. Енді, міне, сол қызметті ұжымы лицейден гөрі әлдеқайда көп үлкен Сам мектебінде жалғастырып отырсыз. «Жас келсе іске» деген мектеп өмірінде қандай жаңалықтар болып жатыр? Бұл кейінгі жылдары салынған жаңа мектептердің бірі ғой, жалпы жағдайы қалай?

– Ең алдымен, мектепке газет жұмысымен атбасын тіреп келіп жатқандарыңызға қош келдіңіз деп қояйын. Өзіңіз айтқандай Сам мектебі – аудандағы үлкен мектептің бірі. Ел­басының «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мәң­гілік ел жолының бастауы – мектеп» дейді ғой. Осы мақсаттағы Сам орта мектебінің пайдалануға берілгеніне бес жылдай уақыт болды. Материалдық-техникалық базасы туралы айтар болсақ 33 оқу кабинеті, жаңа өздеріңіз кездесу өткізген екі жүзге жуық орындық акт залы, спорт залы, үш-­үштен медициналық, лингафон кабинеттері, сондай-­ақ асханасы, ағаш өңдеуге, металл өңдеуге және мата өң­деуге арналған үш шеберханасы, абономент залы мен 24 орындық оқу залы бар кітапхана­сы бар.

Аталған мектептің алғашқы директоры Же­ңісбек Күзекбаев мектеп мұғалімдерінің пе­дагогикалық ұжым болып қалыптасуына қызмет арнады. Одан соң мектепте Марат Мол­дағалиев басшылық қызмет атқарды. Бес жыл­дың ішінде мен осы мектепке үшінші дирек­тор болып келген екенмін. Келгелі бұрынғы қызметті жалғастырумен қатар, мектептің іш­кі және сыртқы жағдайларына көптеген өзге­рістер енгізуді қолға алдық. Бұл мектептің өз­ге мектептерден ерекшелігі – мектеп жанында жылыжайы бар. Атап айтар болсақ, қияр, қы­занақ, аскөк сияқты өнімдерін бере бастаған жылыжай жұмысын одан әрі дамытуға кірістік. Кітапхана қоры көбейді. Мектеп ішін безенді­ру мақсатында көптеген стендтер жаңартылып, «I love Sam» инсталляциясы жүзеге асты. Мек­теп тұтас интернет желісімен қамтылды. Газон­ға отырғыштар орнаттық, мектепті оқушылар­ға қажетті әртүрлі спорт құрал-­жабдықтарымен қамтамасыз етуге назар аудардық.

Алдағы уақытта мектеп мұражайы мен «Табиғат мүйісін» жасап, әртүрлі гүлдермен безендіру жоспарланып отыр.

– «Мектептің тірегі – ұстаз» демекші, білім беру ісін дамытуда мұғалімдер тарапынан жүзеге асырылып жатқан істерге тоқтала кетсеңіз?

– Қазіргі мектеп мұғалімі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық мін­деттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологиясын меңгерген, білім беру үрдісін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұл­ғасының дамуына бағыттап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. Мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілді­ру, оқушының сабаққа деген қызығушылы­ғын арттыру, қабілетін арттыру міндеттері тұр. Демек, мұғалім бір ғана әдіспен шектел­мей, шығармашылығын шыңдап, озық іс­-тә­жірибелерді пайдалана білуі шарт.

Қазіргі таңда еліміздің педагогтары үшін Қазақстан Республикасы педагог кадрлары­ның біліктілігін арттырудың деңгейлік бағ­дарламасының алатын орны ерекше. Мекте­бімізде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарынан бірінші деңгей бойын­ша екі мұғалім, екінші деңгей бойынша бір мұғалім, үшінші деңгей бойынша тоғыз мұға­лім оқып, сертификат алып, қазіргі таңда заман талабы бойынша шығармашылықпен жұмыс жасауда. Педагогикалық ұжым оқушылар­ға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында шығармашылықпен жұмыстанып келеді. Мек­тепте 107 мұғалім еңбек етуде. Педагогика­лық ұжым үшін жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғандығы анық. Осы тұрғыда қызмет жасап келе жатқан педагогикалық ұжымның айтарлықтай табыстары бар.

Қазіргі заманның талабы – көптілділік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін, ой­өрісін жан­-жақты дамыту керек. Сол себепті бола­шақ ұрпағымызға үштілділікті қажетті деп ұғындыру ұстаздың ең басты міндеті болып табылады. Білікті ұстаздарымыз баршылық. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұға­лімі Нұрсұлтан Оңғарбаев, тарих пәнінің мұғалімі Бағила Айсұлтанова облыстық сай­ыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Алаш партиясының 100 жылдығына орай Атырау қаласында өткізілген аймақтық ғы­лыми-­тәжірибелік конференциясында тарих пәнінің мұғалімі Бағила Айсұлтанованың «Азаттықты аңсаған алаш арыстары» атты мақаласы жинақ кітапшаға енгізіліп, арнайы сертификатқа ие болды. Математика пәні мұ­ғалімі Айнұр Төлегенова жас мамандар са­йысының облыстық турында командалық құрамда ІІІ орын алды. Ал аудандық сайыстар­ да тарих пәні мұғалімі Ұшыға Оразбекова, ағылшын тілінің мұғалімі Толғанай Таңбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжамал Телмағамбетова, информатика пәні мұғалі­мі Әсем Ерғалиева, әлеуметтік педагог Ақзия Ұлыкманова, өзін­-өзі тану пәні мұғалімі Жаңылсын Айтжанова жүлделі орындардан көрініп, өздерінің білімдері мен мүмкіндіктерін көрсетіп жүр.

Мектепте білікті математиктер қалыптасып келе жатыр десек артық айтқанымыз емес. Соның мысалы ретінде айтар болсам, аудан­дық математика пәні мұғалімдерінің сайы­сында мектебіміздің «Вектор» командасы І орынға ие болды. Команда құрамында Тойғали Сүймухамедов, Жазира Жолдасова, Айнұр Тө­легенова, Айгерім Аяпова болды.

– Ал ендігі сөз кезегі мектептің жүрегі болып саналатын шәкірттер туралы болсын?

– Әлбетте! Қазіргі таңдағы мектепте оқи­тын оқушылардың санын дөңгелектеп айтсақ мыңға жуық. Шәкірттердің тек соңғы жылдағы жетістігіне тоқталып өтейін. Жаратылыстану­-математика бағыты бойынша 7, 8­-сынып оқу­шыларының олимпиадасының аудандық ке­зеңінде математика пәні бойынша 8­-сынып оқушысы Ырысты Байеділова жүлдегер болды. Жетекшісі Зияхан Жолдасова. Осы оқушы яғ­ни Ырысты «Жарқын болашақ» республика­лық олимпиадасының аудандық кезеңінде «Тілші-­әдебиетшілер» байқауы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекші­сі Гүлжайнар Чопанова. Облыстық «Сыбайлас жемқорлық – жастардың көзімен» тақырыбын­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндейтін карикатуралық плакаттар байқауында Айгерім Өсербаева І орын иеленіп, ноутбук алды.

«Математикалық регата» турнирінің аудан­дық кезеңінде Сам орта мектебінің «Ақжел­кен» тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапаттал­ды. Туған жердің табиғатын аялап, тазалығын сақтау барысында мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары белсенді атсалысып келеді.

Мектебіміздің биылғы жас түлектері елі үшін қандайда бір жақсы іске үлес қосу мақсатында «қайырымдылық» эстафетасын ұйымдастырды.

Футболдан 2003-­2004 жылы туылған оқушылар арасында өткен аудандық «Былғары доп», «Мектеп лига­сы» турнирінде Сам орта мектебі  командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетек­шісі Қайыр Иниргалиев. Облыстық деңгейдегі жарыста ІІІ орынмен оралды. Облыстық «Caspian Start­up–2018» байқауына қатысқан 128 жобаның ішінде іріктеліп «20 үздіктер» қатарына енген мектебіміздің оқушылары Ырысты Байеділова мен Баймұрат Байеділов байқаудың ақтық кезеңінде жаңашыл идеяла­рымен көзге түсіп, «Форте Банк» демеушілігі­мен 300 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие бол­ды. Жетекшісі Айнұр Майланова. Жалпы осы сұхбатта жоғарыда аталып өткен мұғалімдер мен оқушылардан басқа да сапалы білім бе­ріп, үздіктер қатарынан көрініп жүрген Сам мектебінің мақтаныштары баршылық. Олардың барлығын атап шығу мүмкін емес.

– Рақмет, атажайлау Самның атымен аталған мектеп ұжымы жетістіктерге жете берсін! Сөз соңында «Маңғыстау» газетінің оқырманы ретінде айтарыңыз?

– Сізге де рақмет! Ұжым мүшелерінің ба­сым көпшілігі «Маңғыстау» газетінің оқыр­мандары болып табылады. Ал алдағы 2019 жылға да ұжымның осы басылымға жазылуы жүз пайыз болады деген жоспар бар. Қасиетті туған өлкеміздің атымен аталған, облыстық қоғамдық-­саяси газетке жазылу әрбір жер­лесіміздің міндеті деп ойлаймын. Газет жур­налистеріне шығармашылық табыс тілеймін. Облыс өмірінің жаңа тарихы газет беттеріне қаттала берсін!

Айнахан ЕСЕТ

2057
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам сұхбат аудан тынысы бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Студенттер сазгер Көмек Ыбыраевпен кездесті

Келесі жаңалық

Маңғыстаудың балабақшаларына маман жетіспейді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мақсатымыз – терең білім, өнегелі тәрбие

    [ 2019 ] 14 тамыз, 10:37
    1848

    Тәртіп пен жауапкершілік қалыптасқан ұжым

    [ 2019 ] 7 тамыз, 05:21
    1455

    Сам орта мектебіндегі кездесу

    [ 2018 ] 19 қараша, 06:44
    2058

    Құрылысшы ана: "Бұл - жүрек қалауымен таңдаған мамандық"

    [ 2019 ] 12 наурыз, 11:30
    2058

    Әбілқайыр Ищанов: Жойқын күштің иесі де бапкерсіз жеңіске жете алмайды

    [ 2019 ] 18 ақпан, 06:41
    1309

    Биыл Бейнеу ауданының қоғамдық кеңесі қандай мәселелерді қарады?

    [ 2018 ] 25 желтоқсан, 11:47
    1329

    Рубрикалар

      Қазақстан жаңалықтарыАнықтама бюросыСараптамаМәдениетБайқауСпортМұнайлыКомплаенсТүпқарағанМаңғыстау

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2718

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2389

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2226

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2949

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2588

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2440

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»