• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Биыл Бейнеу ауданының қоғамдық кеңесі қандай мәселелерді қарады?

    [ 2018 ] 25 желтоқсан, 11:47  |  Сұхбат

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 99-шы қадамын және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылған Бейнеу аудандық қоғамдық кеңесі де 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Осы кеңестің атқарып жатқан жұмысы жайлы Бейнеу аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шайхы Азановпен журналист Кәрісбай Әділдің жүргізген сұхбатын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

    - Шайхы Жаңабайұлы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың бастамасымен 2015 жылы «Қоғамдық кеңес туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Осы заңның талаптары бойынша жергілікті дең­гейдегі қоғамдық кеңестер құрылып, оның төр­ағалығына ел ішінде беделді, мемлекеттік қыз­мет пен бастамаларға құлшыныспен жұмыс іс­тейді деген сеніммен сізді сайлағанын білеміз. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтпасақ та түсінікті. Сондықтан кеңес құрылғаннан бері атқарған жұмыстарын ішінара атап айтсаңыз?

    - 2015 жылғы қарашаның 2-інде №383-V "Қоғамдық кеңес туралы" Заң шықты. Осы заңға сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қаңтардағы №41/287 шешімімен ұсынылған саны 11 адамнан тұратын аудандық мәслихат депутаттары қоғамдық кеңестің құрамын мақұлдады. Қоғамдық кеңестің ұстанымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.

    Аудандық қоғамдық кеңес жоғарыда аталған міндеттері мен өкілеттіктеріне сәйкес жоспар бойынша 2016 жылы қоғамдық кеңестің 26 отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен 9 мемлекеттік мекеменің басшыларының есебі тыңдалды. Сонымен қатар әкімдіктің және мәслихаттың 25 нормативтік құқықтық актілері кеңеске ұсынылып, барлығына қорытынды жауап берілді.

    Алғашқы жылы жоспарлы жұмыстарын уақытында жүргізіп жалғастырған кеңес мүшелері 6 маусымда аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашев және аудан тұрғындарының қатысуымен «Жер реформасына қатысты өзекті мәселелерді талқылау, оларды сараптау және түсіндірме беру» туралы жиын өтті. Сол жиында аудан тұрғындарының жер мәселесі туралы пікірлері, ескеріліп, хаттама толтырылып, жер комиссиясына жолданды.

    Сол секілді 2017 жылы қоғамдық кеңестің 35 отырысы өткізілді. Онда 11 мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тыңдалып, 33 нормативтік құқықтық актілер ұсынылып, барлығына қорытынды жауап берілді.

    Қоғамдық кеңестің отырысында есебі тыңдалған «Бейнеуэнергосервис» КМК-нің директоры Б.Құдасбаевқа қоғамдық кеңестің берген ескертулерін дер кезінде орындамағаны, сонымен қатар қоғамдық кеңестің 2017 жылдың 9 желтоқсанындағы отырысына қатыспағаны үшін Б.Құдасбаевқа шара алу туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Нұрмағанбетовке хаттама жолданды. Осы мәселеге орай бөлім басшысы Т.Нұрмағанбетов 29.11.2017 жылы №482 шығыс хатымен және 24.11.2017 жылғы №80 бұйрықпен Б.Құдасбаевтың «Бейнеуэнергосервис» КМК-ның директоры қызметінен босатылғандығын хабарлады.

    Осы жылдың алғашқы жарты жылдығында қоғамдық кеңес 25 отырыс өткізді. Бұл отырыстарда 5 мемлекеттік мекеменің басшыларының есебі тыңдалды. 16 нормативтік құқықтық актілері ұсынылып, барлығына қорытынды жауап берілді.

    Қоғамдық кеңес жоспарлы түрде мемлекеттік мекеме басшыларының есебін тыңдаумен ғана шектеліп қалмай, аудан тұрғындарының тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер мен арыз-шағымдарды да назардан тыс қалдырмай, олардың көтерген мәселелерінің оң шешімін табуына да ықпал жасап отырды. Оған мысал ретінде айтсақ, 2018 жылдың 27 ақпанында Бейнеу ауылының әлеуметтік атаулы көмекті дұрыс ала алмай жүрген тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар қаралды. Отырысқа әлеуметтік қорғау орталығының басшысы Қ.Назарханов, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Сейлханов және арыз-шағым берген тұрғындар шақырылып, өзекті мәселелер талқыланып, оң шешімін тапты.

    Сонымен қатар 2018 жылы ауыл тұрғындарынан электр қуаты мен газ бағасының қымбаттауы туралы шағым түскен болатын. Бұл мәселеде аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестің мүшелері бірлесіп, әр деңгейдегі мекеме басшыларына, антимонополия департаментінің басшыларына, Сенат және Мәжіліс депутаттарына сондай-ақ экономика министрлігіне дейін хат жолданды.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың коммуналдық қызмет тарифтеріне тікелей араласуымен Маңғыстау облысы бойынша электр энергиясының бағасы арзандады. Елбасының энергетика министрі Бозымбаевқа жүктеген тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет тарифтері тағы да 5-20% арзандайды деп күтілуде, соның ішінде газдың да бағасы бар.

    - Жоспарға сәйкес қоғамдық кеңес мүшелері есептерін тыңдаған мемлекеттік мекемелерде олардың қызмет бабындағы заң талаптарын орындауда кеткен кемшіліктерді түзетуге қолда­нылған құқықтық негіздегі шаралар немесе талап­-ұсыныстар болды ма?

    - Ия, қоғамық кеңес мүшелері есептерін тыңдаған мемлекеттік мекеме басшылары «Қоғамдық кеңес туралы» заңның 23-бабына сәйкес қаулы қабылдап, жыл бойы атқарған жұмыстарына баға береді. Хаттама толтырылып, жіберген кемшіліктерін көрсетілген күннен кешіктірмей, орындап, ұсыныстардың орындалғандығы жөнінде жазбаша түрде қоғамдық кеңеске хат жолдап отырады.

    - Қоғамдық кеңестің заңында жергілікті дең­гейдегі кеңестер бюджеттік бағдарламалар, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын, сол секілді мемлекеттік және үкіметтік бағдарла­малар жобаларын талқылауға өкілеттіктерінің барлығы жазылған. Осыған орай қандай ұсы­ныстарыңыз жүзеге асты?

    - Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестің мүшелері бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңының орындалуын талқылауға өкілеттіктері бар. Осыған орай аудандық тұрғын үй-коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту жобасын қарап, тариф бағасына келіспей, кейін қайтарды. Сол сияқты аудандық мәслихат шешімдерінің жобасы қоғамдық кеңестің отырысында қаралып, келісім алған соң ғана әділет басқармасында тіркеледі.

    - Шайхы Жаңабайұлы, қоғамдық кеңестің жа­сап жатқан жұмыстары жөнінде нақты дерек­терді келтіріп, әңгіме өрбіткеніңізге көп рахмет.

    Сұхбатты жүргізген К.ӘДІЛ

    1354
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    сұхбат аудан тынысы бейнеу
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бұрын-соңды ешбір тілге аударылмаған «Жаһан нама» қазақша жарық көрді

    Келесі жаңалық

    Ақтаулық нумеролог 2019 жылға болжам жасады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мақсатымыз – терең білім, өнегелі тәрбие

      [ 2019 ] 14 тамыз, 10:37
      1868

      Тәртіп пен жауапкершілік қалыптасқан ұжым

      [ 2019 ] 7 тамыз, 05:21
      1476

      Құрылысшы ана: "Бұл - жүрек қалауымен таңдаған мамандық"

      [ 2019 ] 12 наурыз, 11:30
      2103

      Әбілқайыр Ищанов: Жойқын күштің иесі де бапкерсіз жеңіске жете алмайды

      [ 2019 ] 18 ақпан, 06:41
      1332

      Биыл Бейнеу ауданының қоғамдық кеңесі қандай мәселелерді қарады?

      [ 2018 ] 25 желтоқсан, 11:47
      1355

      Сам орта мектебіндегі кездесу

      [ 2018 ] 19 қараша, 06:44
      2094

      Рубрикалар

        Әлем жаңалықтарыАудан тынысыКомплаенсРедакцияАуыл өміріМәселеАшық қоғамСпортРедакция газеттері

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»