• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

Маңғыстауда «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды...

Маңғыстауда жаңа су құбырының құрылысы басталды...

Ақтауда «Жаныңда жүр жақсы адам» байқауының жеңімпаздары анықталды...

Футболдан Англия құрамасы Еуро-2024 финалына шықты...

  • USD: 474.09 ₸
  • EUR: 514.01 ₸
  • RUB: 5.48 ₸

Бұрын-соңды ешбір тілге аударылмаған «Жаһан нама» қазақша жарық көрді

[ 2018 ] 30 қараша, 05:14  |  Сұхбат

Жақында өлкемізге белгілі парсы, ағылшын тілінің маманы Нияз Тобыштың аудармасымен жарық көрген «Жаһан нама» атты кітаптың Мұнайлы ауданында таныстырылымы өтетінін естіп, өзімен арнайы сұхбаттастық. Кітаптың алғысөзінде: «Бүгіндері [бұл] кітап парсы тілінің қазынасын іздеушілер мен жанашырлары үшін жетінші ғасырдың басынан қалған парсы тіліндегі біртұтас мәтін ретінде де, сонымен бірге сегіз жүз жыл бұрынғы Иран мен бүкіл әлем қоғамдастығынан өте сирек кездесетін ақпараттар жинақтаған тарихи география есебінде де құнды. Сонымен бірге сол дәуірдегі Иран қоғамынан және көршілес тайпалардан, солардың ішінде Хатаның, Оғыздың, Маңғышлағтың, Жазырдың, Халадждың, т.б. қоныс аударуларынан, және де шәһарлардың жазбаша мен ауызша тілдерде әртүрлі аталулары, және де Бәсрада орнатылған теңіз суының көтерілуі мен қайтуын пайдаланатын жел диірмені туралы, суық климатты солтүстік аймақтардағы отты астынан жағатын монша тәрізді үйлер туралы мәліметтер бар», - деп жазылған. Ал, кіріспесінде кітап туралы: «Европалық ғылыми әдебиетте Жаһан нама жөніндегі мәліметтер алғаш рет 1862 жылы белгілі француз арабтанушысы Реноның  Жаһан наманың париждік қолжазбасынан азғантай үзіндінің мәтіні мен аудармасын, шығарманың атын көрсетпей, келтірген даталанбаған хаты жарияланғанда пайда болды» делінген. «Осы кезге дейін градустық торы бар тек екі мұсылман картасы белгілі еді: Хамдаллах Мұстауфи Ғәзвинидің географиялық шығармасы Нозһәт-ол-ғолубқа (740/1339-40 жылдар) жасаған картасы және Хафиз-и Абрудың географиялық еңбегіндегі (823/1420 жыл) карта. Мұхаммед ибн Нәжиб Бәкранның картасы Хамдаллах Мұстауфи жасаған картадан 130 жыл бұрын істелген және бізге белгілі градустық торы бар ортағасырлық әлем картасының ең көнесі болып табылады. Алайда Мұхаммед ибн Нәжиб Бәкранның картасы Птолемей карталарына қарағанда бір қадам ілгері басу еді» деп жазыпты Ю.Е.Борщевский. Қолжазбаның көшірілген датасы - 28 рамадан 663/ 1265 жылдың 15 шілдесі. Көшіруші - Масғұт  ибн Мұхаммед ибн Масғұт Кермани. - Нияз аға, еңбегіңіз жемісті бола берсін! Оқырмандарға жалпы кітап туралы, оны аударуға не себеп болғанын айтып берсеңіз? - Басында бұл үлкен 3х3 9 шаршы метр ақ матаға сызылған Мұхаммед ибн Нәжиб Бәкран атты ғалымның сызған картасы. Картаның ішінде ондаған, жүздеген түстер, белгілер болған. Мысалы, тауды – қоңыр қызыл, суды – көк түспен, теңізді - жасылмен белгілеген деген секілді. Сол түстерді, сол белгілерді түсіндіру үшін ол кісі шағын кітап жазып, ол еңбегін «Жаһан нама» деп атаған. «Жаһан нама» - әлем кітабы деген сөз. Ол әлемнің алғашқы географиялық кітабы 1208 жылы жазылған. Қазір оған 810 жыл болып отыр. Ол ешбір тілге аударылмастан ұзақ жылдар бойы осыны мен кездейсоқ Болат Көмеков деген тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, араб тілінің маманымен осыдан 10 жылдай бұрын танысқанмын. Ол кісі: «Мен жас кезімде Ленинградқа барып жүргенімде сол жердің үлкен шығыстану орталығында осы кітап-қолжазбаны көріп, көшірмесін алып келгенмін. Менің қолымда жатқанына да 40-50 жылдай болды» деген. Екеуміз келісіп, мен бұл еңбекті аудара бастадым. Маған әрине, оңай болған жоқ. Өйткені ол – қолжазба. Қолжазбаны аудару әруақытта оңай болмайды. Оның үстіне сол кезде, демек бұдан 810 жыл бұрын, Иранда ғалымдар мен ақын-жазушылар арасында қолжазбада бір үлгі пайда болған екен. Әр кезде киім т.б үлгісі сәнге айналатыны болады ғой, сол сияқты қолжазбада араб әріптерінің жоғарылы-төменді нүктесін қоймайтын үлгі сәнге айналыпты. Бұл кітап сондай үлгі сәнге айналып тұрған заманда жазылған дүние екен. Мен оны көпке дейін оқи алмай қиналдым. Көп іздендім, интернеттен  іздедім. Осыдан шамамен, 55-60 жылдар бұрын, Мұхаммед Амин Рияхи деген Теһран университетінің үлкен ғалымы, парсы тілінің маманы, профессор 1962 жылы 2 жылдай уақытын сарп етіп, осы кітапты толық жазып шығарған екен. Мен кітаптың осы нұсқасын, осы заманның әрпімен астына, үстіне нүктесін қойып, адам түсінетіндей қылып, қайта жазыпты. Оны біреу көшіріп, түптеп, тыстап шығарған екен, маған соны біреу жіберіп, мен 2 кітапты салыстыра отырып, 2 жылда аударып шықтым. Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің фундаменталды жобасына «Елдің зияткерлік әлеуеті» Басымдығы бойынша 2012 жылғы грантын жеңіп алды. Сонымен бұл еңбектің үстінде 2012, 2013, 2014 жылдары жұмыстандық. Мен оны әуелі қазақ тіліне аударып қойғанмын, кейін  өзімнің мамандығым болғасын, ағылшын тіліне де аудара бастадым. Бұл еңбекті аудару барысында, ұзақ уақыт жергілікті өлкетанушы ақсақал Алқажан Еділханның көп еңбегі сіңді. Аударманың 2 бөлімін бітіріп жібергесін, Болат аға, меніңше оны біздің қазақшамыздан орысшаға аударған. 2014-тің аяғында гранты бітті. Арада 3 жылдай демеуші таба алмай қиналдық. 2018 жылы маусым айының соңғы күні мені облыс әкімі Ералы Тоғжанов мырза шақырды. Одан 7 ай бұрын, 2017 жылдың желтоқсанында мен «Қоғамдық кеңеске» барып, жағдайымды айтып, арызымды беріп кеткенмін. Әңгімеден әңгіме шықты. Маңғыстаудың географиясы, Каспий теңізі, сол кезде осы жерде өмір сүрген түрікмендердің жағдайы әңгіме болды. «Нәке, бұл кітапты шығарамыз. Тамыздың 12-сінде Саммит болады. Соған бес елдің президенттері келеді. Ар жағы Ираннан шыққан дүние ғой, соған дейін әдемілеп шығарып, біреуін Иранның президентінің қолына ұстатып жіберейік» деді. Сөйтіп, әкімдіктің қаржылай көмегімен, 25 күндей жүріп, тамыздың 9-ында, Саммитке 3 күн қалғанда, Алматы қаласындағы «Тоғанай Т» баспасынан 408 беттік кітап болып, 15 данасы ғана шықты. Оның менің қолымда 1 данасы ғана қалды. Таратып айтатын болсақ, бұл кітап 20 тараудан тұратын үлкен дүние. Бір тарауы - көлдер, бір тарауы - мұхиттар, бір тарауы мұхит ішіндегі - аралдарға байланысты болса, 14 тарауы – «Елдердің қоныс аударуы» деген тақырыпқа арналған. Соның ішінде, бірнеше ұлт пен ұлыстың атауларының арасында «Маңғышлақ» деген бір сөз бар. Маңғыстау емес, Маңғышлақ. Нияз аға айтқандай, аталмыш кітаптың 52 бетінде: «Маңғышлақ - бұлар түркілердің бір қауымы. Ғоздармен (Оғыздармен) арада болған келіспеушілік олардың бұрынғы өз жерлерінен кетуіне себеп болады. Абескун көліндегі (Каспий теңізі) Қара тау маңына келіп орналасады, өйткені бұл аймақта жайлы өрістер мен суы мол бұлақтарға тап болады, қоныстанады. Оларды «Маңғышлақ елі» деп атайды, олардың ұлығы «Хан» делінеді» деп жазылыпты. - Еңбектің құндылығын алғысөзінде айтыпты, ал біз үшін, қазақтар үшін маңызы неде? - Бұның маңызы неде десек, бұл кітапты әлемнің алғашқы кітабы деп есептесек, бұл кітапты біздерден, қазақтардан бұрын ешбір ұлт ешқандай тілге тұтасымен аудармаған. Орыстың Ю.Е.Борщевский деген ғалымы аздап жұмыстанып, кіріспесін жазып, болашақта аударам деп жүр екен, бірақ көп ұзамай өмірден озып кетіпті. Сол кітапты, аталар қолдап, үлкен дүниенің, киелі Маңғыстаудың жерінен менің аударуыма, Алла бұйырып тұр екен. Мен соны - қазақ, ағылшын  тілдеріне аудардым. Ғылыми жетекшім Болат Көмеков менің қазақша аудармамнан орысшаға тәржімалады. Бұл қазақ болып, Қазақстан болып қуанатын жағдай, өйткені бұл бұрын-соңды ешбір тілге аударылмаған дүние. Мен осы дүниені аударып болғасын, Астанаға жолым түскенде, Қазақстандағы Иран ислам республикасының елшілігіне барып, бастығымен сөйлестік. Бұл кісілер маған уәде берді. «Сіз бен жетекші ұстазыңызды Теһранға алып кетеміз. Ол жерде үлкен халықаралық деңгейде үлкен конференция өткіземіз. Сосын сіздерге ғылыми атақ, шапан береміз. Өз қаражатымызбен алып барып, әкелеміз деген. Бірақ, өкінішке орай, олар уәдесінде тұрмады. Енді Мұнайлы ауданында кітаптың таныстырылымын өткіземіз, содан соң, осы айдың соңына дейін 2000 данасын шығарамыз. Әуелі осы Ақтауда тұсаукесерін өткіземіз, сосын, Алматы не, Астанада кешегі кеңестер одағының үлкен ғалымдарын жинап, конференция өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

1496
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
сұхбат рухани жаңғыру
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Сен ойлағандай тәтті емес: қант диабеті қандай ауру?

Келесі жаңалық

Биыл Бейнеу ауданының қоғамдық кеңесі қандай мәселелерді қарады?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маман: "Жаңа емле - қазақ тілінің табиғатына сай болуымен ерекше"

    [ 2019 ] 5 наурыз, 06:04
    2190

    Бұрын-соңды ешбір тілге аударылмаған «Жаһан нама» қазақша жарық көрді

    [ 2018 ] 30 қараша, 05:14
    1497

    Өнерге бай Маңғыстау ауданы

    [ 2018 ] 2 қараша, 11:31
    1350

    Қасиетті Қашекем

    [ 2018 ] 14 тамыз, 14:07
    1678

    Мұхиттың телегейін түгел қамту мүмкін емес!

    [ 2018 ] 31 шілде, 12:01
    1172

    Ақтауда "Фариза мен Мұқағали" спектаклі сахналанбақ

    [ 2018 ] 18 сәуір, 12:15
    1769

    Рубрикалар

      ФотоҚұқықМаңғыстау жаңалықтарыБейнеуБайланыс мәліметтеріМәдениетРедакция ұжымыТағайындау

    Автордың басқа да жазбалары

    Жерлесіміз жүлдегер атанды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
    2186

    Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

    [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
    2356

    Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

    [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
    2070

    Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

    [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
    1873

    Мұрын жырауға арналған кеш

    [ 2019 ] 29 қазан, 06:32
    2372

    Скрипкашы Айман

    [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
    2322

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»