• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 26 Маус. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қарақияда мемлекеттік қызметкер конкурссыз қабылданды...

Маңғыстаулық 60-қа жуық оқушы "IQanat" финалына бара жатыр...

Қарақияда 29 түлекке «Алтын белгі» мен «Үздік Аттестат» табысталды...

Бейнеуде «Алтын белгі» иегерлері марапатталды...

Ақтаулық түлектерге «Алтын белгі» медалі табысталды...

  • USD: 467.29 ₸
  • EUR: 501.03 ₸
  • RUB: 5.35 ₸

Сен ойлағандай тәтті емес: қант диабеті қандай ауру?

[ 2018 ] 20 қараша, 09:59  |  Сұхбат

©

Жасыратыны жоқ, адамзат нарыққа тәуелді болған сайын аурудың да түрі көбейе бастады. Ертеректе бірлі-жарым адамда, соның ішінде егде кісілерде кездесетін аурулар «жасарып» кетті. Сапасыз азық-түлікке және талғамсыз тамақтануға байланысты жас-кәріні бірдей жайлап алған аурулардың бірі—қант диабеті. Мұны тұқым қуалайтын аурулар қатарына да жатқызады. Аурудың пайда болуына басқа да себептер бар көрінеді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы медициналық қызметтердің сапасы мониторингі бөлімінің бас сарапшысы Дина Хасанқызы УТЕПБАЕВАМЕН әңгімелесудің реті келгенде осы дерттің мән-жайына кеңінен тоқталуды өтінген едік.

- Диабет – зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын эндокриндік аурулар тобына жатады. Бұл дертке шалдыққан адамдардың ағзасында глюкозаның сіңу процесі бұзылады. Инсулин –көмірсу алмасу процесіне тікелей жауап беретін гормон. Онсыз қант ағзадағы жасушаларға сіңбей, қан құрамында қалып қояды. Соның салдарынан жүйке тіндері мен органдар жұмысы бұзылады. Жалпы, инсулин - әбден зерттелген гормон. Соған қарамастан диабеттің пайда болу себебі әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. Әдетте дәрігерлер мұны тұқымқуалаушылықпен байланыстырады. Сондай-ақ диабет ұйқы безі аурулары, гепатит немесе өзге де аутоимундық сырқаттар, дұрыс тамақтанбау мен зиянды әдет салдарынан пайда болуы мүмкін.

Диабеттің негізгі төрт түрі бар — бірінші және екінші типтегі созылмалы диабет, гестациондық диабет және сусамырдың өзге формалары. Гестациондық диабетке кейбір жүкті әйелдер шалдығуы мүмкін. Ол жүктілік немесе босану кезінде қиындық тудырып, екінші типтегі диабетке ұласып кетеді. Ал, бірінші типтегі диабетте ағзаны ұйқы безіндегі зақымданбаған жасушалар шабуылдай бастайды. Салдарынан инсулин тиісінше бөлінбей, науқас қандағы қант мөлшерін үнемі тексеріп, инсулин егіп жүруге мәжбүр болады. Қант керісінше, аз болса, бұл гипогликемия делінеді, оны шырынмен немесе мұзкәмпитпен көтеру қажет. Статистикаға сүйенсек, әдетте диабеттің бұл түрі балалар мен жасөспірімдер арасында кездеседі.

- Қант диабетінің белгілері қандай болады? Адам бойындағы қандай өзгерістен сезіктенуі керек?

- Инсулинге тәуелді тіндердің гормонға сезімталдығы жойылған кезде екінші типтегі диабет басталады. Инсулин дұрыс бөлінгеніне қарамастан, глюкозаның сіңу қызметі бұзылып, қан құрамында қалып қоятын болады. Аталған дерттің тырнағына ілінгендердің 85-90 пайызы диабеттің дәл осы түрімен ауырады. Олардың басым бөлігі – ересектер. Диабеттің негізгі симптомдарының бірі – гипергликемия немесе қандағы қант деңгейінің көтерілуі. Оған шалдыққан адам үнемі шөлдеп жүреді, кіші дәретке шектен тыс көп барады, шаршағыш келеді, себепсізден себепсіз аза бастайды. Аяқ-қолдың жансыздануы, ауыруы да – сусамыр белгілерінің бірі. Қан құрамында қант көбейіп кеткеннен кейін жүйке жүйесі зақымданып, диабеттік нейропатияға ұласады. Дер кезінде дұрыс диагноз қойылса мұны тоқтатуға, тіпті, емдеп жазуға да болады. Уақтылы емделмесе аяқ-қолдың ауруы күшейіп, жазылып болмайтын жаралар пайда болады. Екінші типтегі диабет басталғанда науқастың көру қабілеті нашарлап, көз алды тұманданады. Тиісінше емделмесе пациент көз жанарынан мүлдем айырылып қалуы мүмкін. Қандағы қант деңгейін реттемесе науқас кетоацидоз, диабетик табаны, жүрек, аяқ ауруына ұшырап, аяқ-қолынан, жанарынан айырылады. Кетоацидоз – инсулин тапшылығынан пайда болатын ауру. Аталған гормон жетіспеген жағдайда қандағы қант деңгейі көтеріледі. Бірақ ол энергияға айнала алмайды да, ағза қосымша энергия көзін іздеп, майларды іріте бастайды. Содан кейін кетонды (ацетонды) денелер қосылып, адам ағзасындағы қышқыл мөлшерін арттырады. Кетоацидозды ауыздан шығатын ацетон исінен, құсықтан, шөліркеу, іштің ауруынан да байқауға болады. Мұндай науқас кейде есінен танып қалады. Диабетик табаны синдромы жүйке жүйесіндегі ақаулар кезінде күшейеді. Нәтижесінде табанның жұмсақ бөлігі жарақатқа, инфекцияларға сезімтал болып, шіри бастайды. Уақтылы ем қабылдамаса гангрена, язва сынды іріңді жаралар көбейіп, аяқты кесіп алып тастауға тура келуі мүмкін.

- Сусамырға байланысты статистика не дейді?

- Ұлттық қант диабеті регистрінің мәліметінше, жыл басында еліміз бойынша қант диабеті деген диагнозбен есепте тұрғандар саны 309 мыңға жетіп жығылған. Оның 18 мыңы бірінші типтегі диабетпен, 291 мыңы екінші типпен ауырады. Екінші типтегі диабетке шалдыққандардың 65 пайызы – әйелдер. Сусамырға шалдыққан отандастарымыздың 6 мыңға жуығы катарактадан зардап шексе, 3 мыңы инфаркт алған. Бір мың адамның аяғы немесе қолы кесілген. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы аурудың жыл санап өршіп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Атап айтқанда, 1980 жылы бұл дертпен ауыратындар саны 108 миллион болса, 2014 жылы 4 еседей артып, 422 миллионға жеткен. Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылы қант диабетімен 8 198 адам ауырған. 2016 жылы облыс бойынша 6477 адам есепте тұрған. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына облыс бойынша науқастардың саны 8 551-ге дейін көбейген.

- Бұл аурудың алдын алу жөнінде медицина не дейді?

- Доктор Крис Федтнердің пікірінше, қант диабетіне қазіргі адамдардың эпидемияға энергияны аз жұмсап, калорияны шектен тыс көп қолданатын өмір салты бірден бір себеп болып отыр. Қарыштап дамыған технологиялар қолмен атқарылатын жұмысты азайтып, адам еңбегін станоктарға алмастырды. Отырып жұмыс істейді, артық тамақ жейді, жаяу жүрмейді. Диабеттің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, шектен тыс тәтті немесе майлы тамақтардан бас тарту, спортпен айналысу, темекіден бас тарту, дәрігерге уақтылы қаралып, қандағы қант мөлшерін анықтап отыру қажет. Әлемнің кейбір елінде диабеттің алдын алу мақсатында бірқатар тағам түрлерін сатуға тыйым салынған. Немесе зиянды тағамдарға көп салық салынады. Мәселен, Венгрия билігі құрамында байытылмаған майлар, транс-майлар, қант пен тұзы көп тағамдарға салынатын салықты көтерді. Азық-түлікке салық енгізілген төрт жылда қазынаға 200 миллион евро түскен. Оның 95 мыңы дәрігерлер жалақысына 25 пайыз үстеме ретінде қосылды. Тұрғындардың басым бөлігі салық салынатын өнімдерді азайтып, пайдалы тамаққа бет бұрған. Ал, Франция, Португалия, Мексика, Чили, Вьетнам сынды бірқатар елдерде қант салығы қолданылады. Шри-Ланка «Сен ойлағандай тәтті емес» деген слоганмен әлеуметтік жарнама жасады. Авторлар аяғы кесілген прәндік-адам, көзінің қарашығы жоқ фигуралар арқылы диабеттің ампутация, инсульт, соқырлық сынды салдары жайлы баяндауға тырысқан. Биыл сәуір айында Британия билігі де қант салығын салды. Британдықтар түскен қаржыны салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектепке дейінгі балаларды дұрыс тамақтандыру бағдарламаларын ынталандыруға жұмсамақ. Салық салынатын тағамдар тізімінде алкогольсіз сусындар, атап айтқанда, құрамындағы қант мөлшері 100 миллилитрге 5 грамнан тура келетін сусындар бар. Көп ұзамай Fanta сусындарындағы қант мөлшерін 6,9 грамнан 4,6 грамға дейін төмендетті. Өкінішке қарай, заңды айналып өтетін, қант орнына қанталмастырғыш пайдаланатын компаниялар да жетіп артылады. Биылдан бастап қазақстандық мектептерде газдалған тәтті сусындар мен шоколад сатуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, енгізілген жаңа стандарттар балалардың зиянды тағамдарды пайдалануын шектемек. Министр жұртшылықты орын алған кемшіліктер жайында Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне хабарлауға шақырды.

- Аурудан емделу жолы қандай?

- Қазақстанда қант диабеті тегін емделеді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті аясында диабетке шалдыққан пациенттерге 48 түрлі дәрі мен медицина бұйымдары беріледі. Оның ішінде шприц, тест-жолақша, глюкометр, инсулин помпалары мен 22 түрлі инсулин де бар. Диабетті диетаның, жаттығулар мен дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге, сол арқылы оның асқынуына жол бермеуге болады. Ең алдымен әр пациент өз денсаулығы үшін өзі жауапты. Ол арнайы күнделік ашып, күн сайы қан мен несептегі қант деңгейін, несептегі ацетон мөлшерін, салмағы мен қан қысымын жазып жүруі тиіс. Бұл науқастың ахуалын анықтап, емдеу схемасын ауыстыруға, терапияны, диета мен физикалық жаттығулар бағытын реттеп отыруға көмектеседі. Диабет белгілерін байқаған жағдайда эндокринолог-дәрігерге қаралу қажет. Ең алдымен қандағы қант мөлшерін анықтау үшін анализ тапсырасыз. Қанды аш қарынға тапсырады. Сонымен қатар дәрігер сізге глюкозаға төзімділік сынамасына, несептегі глюкоза құрамын, қандағы инсулин, С-пептид және гликирленген гемоглобин мөлшерін анықтауға жолдама береді. Диагноз расталса, пациентті ең алдымен «Диабет мектебіне» жібереді. Әрбір емхана жанында жұмыс істейтін бұл кабинеттер глюкометрдің көмегімен қандағы қант деңгейін өлшеу, дұрыс тамақтану мен инсулин екпесін салу жолдарын үйретеді. Бұл екпелер қарынға немесе санға салынады. Диабетпен өмір сүруге болады. Бірақ ол тәртіп пен өзін-өзі бақылауды талап етеді. Технология күн сайын жаңарып жатқан бүгінгі заманда диабетке шалдыққандарға да қолайлы жағдай жасалып жатқаны шындық. Мәселен, қандағы қант деңгейі жоғарылай бастағанда смартфонға хабарлама жіберетін мониторинг құралдары бар. Шприцті аз пайдалануға мүмкіндік беретін инъекциялық порттар жасап шығарылды. iPort Advance түтікшесін үш күнге терінің астына қояды, ол қанға инсулин жіберіп тұрады. Ғылым жетістіктерінің бірі–глюкозаға сезімтал келетін «ақылды гель». Жапондық ғалымдар әзірлеген полимерлі гель терінің астына егіледі. Қант деңгейі көтеріле бастағанда ол инсулиннің қажетті мөлшерін қанға жіберіп отырады. Тышқандарға жүргізілген сынақ нәтижесіне сүйенсек, аталған құрал глюкоза деңгейін 15 минутта төмендетуге мүмкіндік берген. Ал, американдық дәрігер Сара Холлбергтің екінші типтегі диабетке қарсы күресте қолданатын арнайы аз диетасы бар. Ол өз пациенттеріне диабетке сеп болып жататын көмірсулардан, соның ішінде, жарма, картоп, қант бас тартып, олардың орнына майларды тұтынуды ұсынады. Себебі, бұл макроэлемент қант пен инсулин мөлшерін төмен деңгейде ұстап тұруға көмектеседі. Холлбергтің екінші типтегі диабетиктер арасында жүргізген зерттеулері көмірсуды аз пайдаланғанда ағзаның инсулинге тәуелділігі төмендегенін көрсетіп берді. Алайда, американдық ғалымдар бұл диетаның тиімділігіне күмәнмен қарайды. Айтуларынша, оның пайдасынан гөрі жағымсыз салдары басым.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

3060
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
сұхбат маңғыстау жаңалықтары денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

90-90-90 стратегиясы: АИТВ-мен өмір сүретіндер не білуі керек?

Келесі жаңалық

Бұрын-соңды ешбір тілге аударылмаған «Жаһан нама» қазақша жарық көрді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Р.Бектубаев: «Сын сағатта медициналық қызмет себепсіз үзілмеуі тиіс»

    [ 2020 ] 20 сәуір, 10:23
    1792

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    9456

    АИТВ-ның алдын алуға болады

    [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
    2548

    Медициналық сақтандыру: 2020 жылы қандай өзгеріс күтіп тұр?

    [ 2019 ] 20 маусым, 12:05
    1623

    Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру: кім қанша төлейді?

    [ 2019 ] 21 ақпан, 06:57
    1239

    Сен ойлағандай тәтті емес: қант диабеті қандай ауру?

    [ 2018 ] 20 қараша, 09:59
    3061

    Рубрикалар

      Анықтама бюросыМаңғыстау жаңалықтарыРедакция ұжымыЖаңалықтарЭкономикаМәселеӘлем жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріҚұқық

    Автордың басқа да жазбалары

    Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

    [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
    2179

    Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

    [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
    2287

    МӘМС жайында не білеміз?

    [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
    2731

    АИТВ-ның алдын алуға болады

    [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
    2548

    Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

    [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
    2110

    Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

    [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
    2702

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»