• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру: кім қанша төлейді?

    [ 2019 ] 21 ақпан, 06:57  |  Сұхбат

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Маңғыстау филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовпен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға өзгеріс енгізілуіне байланысты сұхбаттасқан болатынбыз. - «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру тура­лы» заң 2015 жылы қабылданғалы бүгінге дейін осы заңға 2 рет өзгеріс енгізілді. Заң бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін 2017 жылғы 1 шіл­деде енгізу керек болатын. Кейін оның нормасы сақталып, кірістері өзгертілді. 2017 жылғы 1 шілдеден бері барлық жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы ауда­рып келеді. Жеке кәсіпкерлер (ЖК) де қарамағында жұмыскерлері бол­са, төлейді. ЖК-­лер 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қорға қаржы аударып келді, ал қазір уақытша тоқтатылды. Тек жұмыс берушілер ғана қорға ақша аударып отыр. Сондай­-ақ жарна ставкалары да қайта қаралды. Бізде жарнаны мемлекет төлейтін азаматтар бар. Азаматтардың бұл тобы басын­да 12 еді, кейін 14 болды, енді 13 болып қалды. 2020 жылдан бастап бұл топтар үшін мемлекет тарапынан орташа еңбекақының 1,4 пайызын төлесе, 2022 жылға қарай ол 1,7­-ге жететін бо­лады. Ал жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін 2020 және 2021 жылдары еңбекақының 2 пайызын, ал 2022 жылы 3 пайыз аударады. ЖК-­лер, шаруа қожалықтары 2020 жылдан төменгі еңбекақының 1,4­-нен 5 пайыз төлейді. Мысалы, төменгі еңбекақы мөлшері 42 мың 500 теңге десек, 1,4 көбейткенде 59 500 теңге болады. Оның 5 пайызы не бары 2975 теңге. – Бұл азаматтардың қалтасына ауыр тимей ме? – Қазір екінің бірінің қолында смартфон, ұялы телефон бар. Сонымен әлеуметтік желілерге кіреді, оның тарифіне төлейді, автокөлігін сақтандырады. Мұның барлығы ақша емес пе? Ал медициналық сақтандыру дегеніміз – ол денсаулық қой. Әркімнің өзінің, баласының, ата­-анасының денсаулығы. Денсаулықтан қымбат не бар, айтыңызшы? Оның үстіне азаматтардың 13 тобы үшін жарнаны мемлекет мойнына алып отыр, оның ақшасы бөлінді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық қызмет бұрынғыша көрсетіліп жатыр. Ауруханаға шұғыл жатқызу, жедел жәрдем, санитарлық авиация қызметі тегін, оның шығынын мемлекет көтереді. Апатқа тап болу мүмкіндігі басым болып тұрған бүгінгі техногенді заманда қызметтің бұл түрлерінің маңызы өте зор. Аурудың алдын алу үшін егу тегін, әлеуметтік маңызы бар аурулар да мемлекет есебінен емделеді. Диагностикасынан бастап барлық емі мемлекет мойнында. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе­сін енгізумен қатар бірқатар проблемалар­дың беті ашылды. Мәселен, біздің арамызда өзін-­өзі қамтамасыз етіп жүрген азаматтар бар. Еш жерде ресми жұмыста жоқ, бірақ өз бетінше түрлі жұмыстарды атқарып, отба­сын асырап жүргендер аз емес екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін-­өзі жұмыс­ пен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырғаны белгілі. Бірыңғай жиынтық төлемнің көлемі қала тұрғында­ры үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК. 2 525 теңге төлеген қалада тұратын қазақстандық айына аударымды бірден төрт бағыт бойынша жүргізеді. Олар жеке табыс салығы, БЗЖҚ­-дағы өз шотына зейнетақы жарнасын аудару, әлеуметтік сақтандыру мем­лекеттік қорына және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударым жасайды. Бұл биылғы 1 қаңтардан басталды. Сөйтіп, өзін­-өзі жұмыспен қамтушылар ММС енгізіл­геннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізеді. – Бүгінде ауырып жүрген адамдарға қиын болып кеткен сияқты. Емханаларда дәрігерге көрінетіндер кезегі әлі де аз емес, ал ауруханаға қабылдай бермейді. – Біз Кеңес дәуірінен үйреніп қалдық ауруханаға жатып емделуге. Әсіресе үлкен кісілеріміз солай. Алайда ол заман өтті. Оны мойындау керек және ауруханаға жатпау жағын қарастырған жөн. Өзіңіз ойлаңызшы, ауруханаға ем алам деп жатқан кісі қандай жағдайға тап болады? Айналаңда ыңырсу, жаны қиналған науқастың даусы қатты шығып жатады, жүйкесі сыр бере бастағандардың жағдайы басқа да түрлі жайттар адамға оң әсер бермейді. Керісінше, жазылып кетуге ке­сірі тиіп жатады. Түрлі бактериялар өз алды­на. Сондықтан ауруханаға тек қиын жағдай­да ғана жатуға мәжбүр болғанмен, өзі жүре алатын адамның үйде немесе күндізгі ста­ционарда ем алғаны дұрыс. Бүгінде күндізгі стационарда емдеуге көшіп жатыр емханалар. Биыл мұның нормативті құжаттары дайын­далып жатыр. Кадрларды дайындау, жабдық­тар сатып алу керек болады. Еліміз бойынша күндізгі стационардың тарифі де артады. Бұл медициналық ұйымдар үшін үлкен ынталан­дыру болмақ. Рас, учаскелік дәрігерлердің әр­ қайсысы күні кешеге дейін 2000–2500 адам қабылдайтын. Қазір бұл жүктеме жеңілдеп келеді. Жыл аяғына дейін 1700 адамға дейін төмендетуді көздеп отырмыз.

    Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    1346
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    сұхбат маңғыстау жаңалықтары денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Шайырлық шебер: "Халықтың ықыласынан шабыт аламын"

    Келесі жаңалық

    Жастарға арналған жаңа жоба: грант ұтып ал да кәсіп аш

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Р.Бектубаев: «Сын сағатта медициналық қызмет себепсіз үзілмеуі тиіс»

      [ 2020 ] 20 сәуір, 10:23
      1928

      Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

      [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
      9793

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2742

      Медициналық сақтандыру: 2020 жылы қандай өзгеріс күтіп тұр?

      [ 2019 ] 20 маусым, 12:05
      1736

      Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру: кім қанша төлейді?

      [ 2019 ] 21 ақпан, 06:57
      1347

      Сен ойлағандай тәтті емес: қант диабеті қандай ауру?

      [ 2018 ] 20 қараша, 09:59
      3224

      Рубрикалар

        Редакция газеттеріӘлем жаңалықтарыМұнайлыТағайындауХабарландыруӘдебиетЭкономикаанонс

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2386

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2527

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2936

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2742

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2330

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2946

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»