• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Жастарға арналған жаңа жоба: грант ұтып ал да кәсіп аш

    [ 2019 ] 1 наурыз, 10:58  |  Сұхбат

    Биылғы наурыз айының 15-і мен сәуірдің 15-і аралығында Маңғыстаудың жұмыссыз жастарына кәсіп ашу үшін грант ұтып алу үшін өтінімдер қабылданады. Бұл жөнінде көпшілік құлағдар. Дегенмен, талапты жасқа қолдау болар жобаның жүзеге асыру барысына қанық болу үшін Маңғыстау облысындағы жастар корпусын дамыту жобасының үйлестірушісі Гүлбаршын Қарабалинамен әңгімелескенімізде, төмендегідей әңгіме өрбіді. - Гүлбаршын Аманқосқызы, алдымен жастар корпусын дамыту жобасы туралы түсіндіріп өтсеңіз. - Жастардың өз кәсібін ашып, табыс табуына қолдау көрсету мақсаты көзделген бұл жоба — Бүкіләлемдік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің біріккен жобасы. Жоба 2017 жылдан жүзеге аса бастап, Қарағанды, Алматы облыстары мен Түркістан, Павлодар қалаларынан 589 жоба қаржыландырылды. Былтыр Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл және Қостанай облысын қамтып, 1027 жоба мақұлданды. Ал үстіміздегі жылы Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары мен Аста­на, Алматы қалаларының жастары үшін 1100 жоба толық қамтылады деген үміт бар. Жобаға қатысып, әлеуметтік жобаларын ұсынған 14–29 жас аралығындағы жастардан құралған топтарға 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы, яғни грант беріледі. Грант иеленген топтың әр мүшесінің жоғарғы білімділеріне ай сайын 60 мың теңге, ал қалғандарына 40 мың теңге стипендия төленеді. Бірақ мектепте оқитын жасөспірімдер жобаға қатыса алмайды. 15 наурыздан 15 сәуірге дейін өтінімдер қабылданады, ал 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында үміткерлер іріктеледі. Содан кейін, 15 мамырдан 1 маусымға дейінгі аралықта жеңімпаздармен келісім шарт жасалып, олар 1 маусымнан жұмысын бастап кетеді. 4 облыс, 2 қала бойынша барлығы 1100 жоба таңдап алынады. Бірақ қай өңірге қанша бөлінеді деген жоқ. Жоба көп берілсе, соншалықты көбірек ұтып алуға мүмкіндік болады. - Егер жоба 14-29 жастағы қыз-жігіттерді қамтитын болса, он төрттегі бала мектеп жасында емес пе? Гранттан үміткер бір топта қанша адам болуы керек? - Тағдыр дегеніміз әркімде әр түрлі болады ғой. Қиын тағдырға балалардың да тап болып жататыны бар. Алуан түрлі себептермен мектептен шығып қалып, бос жүрген балалар да қатыса алады жобаға. Бір топта кемі 3 адам болуы керек. Солардың ортасынан жасы кәмелетке толған 1 адам көшбасшы болады. Негізгі жұмысты сол көшбасшы жүргізеді. Алайда, бірден айтайын, грантқа ие болған топ 6 ай бойы табыс таппайды. Олар стипендиясын алып, жұмысын тегін жүргізе береді. Мысалы, бір топ нан өнімдерін пісірумен айналысқысы келді делік. Сонда олар пісірген өнімдерін мүжәлсіз отбасыларға тегін таратады немесе үйде отырған көп балалы аналарға ұннан түрлі өнімдер пісіруді тегін үйретуіне болады. - Жастарды жобаға неғұрлым көбірек тарту үшін, соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қалыс қалмауы үшін жобаны жастар арасында кеңінен тарату керек қой. - Әрине. Осы мақсатта Жаңаөзен қаласына екі мәрте барып, жастармен кездестік. Жастар қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Оларға толық мағлұматты www. zhasprojekt.kz сайтынан алу керек екенін айттық. Облыстық жастар саясаты басқармасының қызметкерлері де түсіндіру шараларын жүргізетін болды. Біз бұған дейін 20-дан астам аутрич қызметкерлерді оқытып, дайындадық. Олар тапсырмаларын алды. Аутрич қызметкерлердің қолдарына жұмыспен қамту бөлімдерінен алынған жұмыссыз және әлеуметтік жағдайы төмен жастардың тізімін береміз. Олардың әрқайсысы осы тізім бойынша өздері тұратын жердегі 150 үйді аралайды. GPS арқылы қайда барғандарын қадағалап отырамыз. Жаңаөзен қаласында да буклеттер таратты, әлі де таратып жүр. Қазір аула клубтарының мұғалімдерін оқытып жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі, мектепте оқымайтын балаларға осы бағдарлама туралы жеткізе беру керектігін айтып жатырмыз оларға да. Ақпараттандыруы шаралары жақсы жүріп жатыр. - Жобаға қатысуға ниетті жастар қалай қатыса алады және жеңімпаздар қалай таңдалады? Грант ұтқандардың жұмыстарын жүргізуге қандай көмек болады? - Үміткелер сайтқа кіріп, топ мүшелері әрқайсысы өздері тіркеледі. Сондағы анкетаны толтырады. 6 ай бойы стипендия алып тұру үшін жоғары білімі барлары дипломын көрсетеді. Сөйтіп тиісті орындардың барлығын толтырады, жобасын жібереді. Жобаның тақырыбына шектеу қойлымайды. Бірақ жоба жасаған кезде 1 миллион теңгенің екі бөлініп берілетінін ескеру керек. Яғни, 500 мың теңге жобаны бастау үшін берілсе, 3 айдан соң қалған ақша түседі. Сондықтан үміткер бағасы 1 миллион шамасындағы құрылғы сатып алу қажеттігін көрсетпеуі керек. Әйтпесе, жоба өтпей қалады. Жобаны дайындағанда жақсылап ойланып, алынатын заттар мен шығын болатын материалдарды қатесіз есептеген дұрыс. Ашқалы отырған кәсібі өздері тұратын ауылға керек пе, осы жағын да ескеруі тиіс. Жобалардың барлығы түсіп болып, техникалық іріктеу өткен соң журналистер, ҮЕҰ, жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен таңдау жүргізіледі. Оларға бағдарлама бойынша компьютерден жоба келеді, бірақ олар жоба авторының аты-жөнін көрмейді. Сарапшылар тек жобаға балл қояды, оның аталған ауылға қаншалықты қажеттігіне, тиімділігіне қарайды. Сондай-ақ жоба ұсынушылардың әлеуметтік жағдайына қатты назар аударылып, мүжәлсіз отбасылардан шыққан жастарға басымдық беріледі. Ал жеңімпаздардың жұмысты қалай жүргізетініне келсек, біз алдымен менторларды немесе нұсқаушыларды оқытамыз. Олар — түрлі саладағы тәжірибелі адамдар. Менторлар жеңімпаз жастармен 4 күндік тренинг өткізіп, жобаны қалай жүргізеді, бюджеттегі ақшаны қалай ұстау керек, есепті қалай тапсыру керектігін үйретеді және олармен тұрақты байланыста болып, кеңес беріп отырады, айына 1 рет кездесу өткізеді. Менторлар біздің оң қолымыз деуге де болады. Жоба біткеннен кейін тағы семинар өткізіледі. Онда жобаны қалай ары қарай алып қалуға болатыны, оны бизнес әлде үкіметтік емес ұйым ретінде ашу керек пе, осы жағы қарастырылады. Бұл — аз қамтылған отбасылар балаларының кәсіпкер болуына беріліп жатқан бір мүмкіндік.

      Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    1724
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    сұхбат жастар беті маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру: кім қанша төлейді?

    Келесі жаңалық

    Майкл Малутчи: "Қазақстан мені маман ретінде шыңдады"

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1883

      Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
      2484

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2710

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2049

      Жастарға арналған жаңа жоба: грант ұтып ал да кәсіп аш

      [ 2019 ] 1 наурыз, 10:58
      1725

      Мұнайлыда кәсіп жасаймын деген қыздарға мүмкіндік көп

      [ 2017 ] 3 наурыз, 09:33
      1485

      Рубрикалар

        АНТИКОРСұхбатӘлем жаңалықтарыДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыАуыл өміріРедакция туралыЖаңалықтарСаясатТүпқарағанРедакция газеттері

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2370

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2504

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2918

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2725

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2306

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2924

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»