• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 20 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

    Майкл Малутчи: "Қазақстан мені маман ретінде шыңдады"

    [ 2019 ] 6 наурыз, 07:48  |  Сұхбат

    «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзін Майкл мырза да дәлелдеп жүр. Африка топырағында туып, Лондонда қызмет еткен ол бүгінде қазақ балаларына математиканың қыр-сырын үйретіп жүр. «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет Алғысқа да ие болған. Ақтаудағы зияткерлік мектепке барып мұғалімнің өзімен тілдесіп қайтқан едік. Майкл Малутчи қазақ даласына келген 8 жылда не өзгерді, не түйді? Өзі айтып берсін.

    - Қайырлы күн, Майкл мырза. Әңгімемізді Назарбаев зияткерлік мектебіндегі қызметіңізден бастасақ. Мұнда қалай келдіңіз? Арнайы шақырту болды ма?

    - Қайырлы күн. Лондон қаласында мектепте математика департаментінің басшысы қызметін атқардым. 11 жыл тапжылмай бір жерде жұмыс істеген соң болуы керек, өмірімде бір өзгеріс жасауды қаладым. Сөйтіп шетелде қызмет ету жайлы ойға келіп, жұмыс іздестіре бастадым. Қытайдың бір мектебінен лайықты жұмыс табылып, келісімімді беріп қойғанмын. Сол кезде Қазақстандағы Назарбаев мектебіне де маман іздеп жатқаны туралы хабарламаны байқадым. Бірақ мұнда ұсыныс білдіргендер аз екенін байқаған соң, Қазақстанға келейін деп шештім. Дәл сол тұста қазір мектепте бірге жұмыс істеп жатқан Камс мырзаны кездестіріп қалып, оны да Қазақстанға келуге көндірдім. Камсты университеттен бері танимын, 36 жылдан бері араласып келеміз. Сөйтіп екеуміз Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне келіп, қызметімізді бастадық.

    - Одан бұрын Қазақстанға келіп пе едіңіз? Жалпы қазақ халқы жайлы естіп, біліп жүр ме едіңіз?

    - Жоқ, сол кезде алғаш келдім. Бұл ел туралы көп білдім дей алмаймын. Тек Кеңес Одағының құрамында болған мемлекет екенінен ғана хабарым бар. Сондай-ақ Семей полигоны туралы жиі естігенмін, тіпті Семейге келерде осы үшін алаңдаушылық та болды. Бірақ бәрі жақсы.

    - Қазақстанға келуге не түрткі болды? Елдің өзі ме әлде мектептің оқыту жүйесі ме?

    - Жоғарыда айтқанымдай, өмірімде бір өзгеріс жасауды қаладым. Назарбаев мектебіндегі математика пәнінің оқыту бағдарламасымен танысқан кезде дәл мен сабақ бергім келетін жүйе екенін білдім. Себебі менің бұрынғы жұмыс істеген мектебіме қарағанда Қазақстандағы математиканың деңгейі жоғарырақ.

    - Көптеген шетелдік мектепте сабақ бердіңіз? НЗМ оқушыларының басты айырмашылығын, ерекшелігін айта аласыз ба?

    - Ерекшелікті оқушылардан байқадым. Олар білімге өте құштар, жаңа нәрсені үйренуге талпынып тұрады. Бұған дейін мен Семейдегідей мотивациялы оқушыларды кездестірмеген екенмін. 2011 жылы Семейге алғаш келгенде маған ол жер кедей аймақ сияқты көрінді. Кедейліктен шығудың жолы тек – білім алу.

    - Ал Семейден Ақтауға қалай келдіңіз?

    - Ой, ол өте ұзақ әңгіме (күліп). Барынша қысқартып баяндауға тырысайын. Семейде 5 жыл жұмыс істеген соң елге қайтуды ойладым. Өйткені барлық іс-тәжірибемді қолданып көрдім, бұл шетелдегі тәжірибе жеткілікті болды деп есептедім. Сол тұста Семейдегі мектепте менімен бірге Ринат Жұмабаев та математикадан сабақ беретін. Ол Финляндияға барған сапарында қазіргі директорымыз Ермек Пайзовпен танысып, достасып кеткен екен. Ермек Пайзов Ақтаудағы НЗМ-не директор болып келгенде Ринат Жұмабаевты шақырады. Артынша менің еліме қайтқалы жатқанымды білген Ринат мені де Ақтаудағы мектепке шақырып, осында қалуға көндірді. Өзім келіскен соң енді мен Камс мырзаны осында келуге көндірдім (күліп). Ол физикадан дәріс береді. Семей, Қызылорда қалаларында, Қытайда қызмет етіп келген.

    - Шынында, өте қызық жағдай болған екен. Ал Қазақстандағы оқу жүйесінен қандай айырмашылық байқадыңыз?

    - Ұлыбритания мен Қазақстанның оқу жүйесіндегі басты айырмашылық – мұнда тек қана математиканы үйретеді. Әлемнің ең мықты математиктері осында. Бірақ Қазақстанда кейде математиканы өмірде қолдануды (ауруханада, банкте) білмей жатады. Дегенмен қазір біртіндеп бұған келе жатырмыз.

    - Сіздің ойыңыздағы ең жақсы оқушыны үш сөзбен сипаттап беріңізші.

    - Үш емес екі сөзбен айтайын: «Just Intelligent» - ақылды оқушы.

    - Сіздіңше «қабілет» деген не? Ол тұқым қуалайтын, генмен берілетін нəрсе ме, əлде еңбектің, ізденістің арқасында келетін дүние ме?

    - Екеуі арқылы да. Оны өз шәкірттеріме қарап айта аламын. Мәселен, менің қолданбалы математика туралы ештеңе білмейтін шәкірттерім болған. Бірақ оған өзі өте жақсы білетін математиканы өмірде қолдану әдісін үйреткенімде бірден түсінді. Қазақстандағы бірнеше шәкіртім шетелде білім алып, осы қолданбалы математикадан диплом, диссертация қорғаған. Сондықтан туабітті қабілет те керек, оны дамытатын еңбек те қажет.

    - Қазақстанға келгеніңізде сізді не таң қалдырды ?

    - Камс мырза екеуміз Семейге алғаш келгенімізде қаладағы қара нәсілді адам тек екеуміз болған шығармыз (күліп). Оқушылар, ұстаздар, көшеде көргендер, барлығы таң қалатын. Бізбен суретке түскісі, танысып, сөйлескісі келетін. Мұндағы халық өте жылы шырайлы, қамқор.

    - Бұл жердің климатына, тұрғындарына, тағамдарына тез үйрендіңіз бе ?

    -Бейімделу оңай болған жоқ. Алғаш жаз мезгілінде келгенде өте ыстық болды. Күз мезгілі өте қолайлы, бірақ қыс ерте түседі екен және қазаннан наурыз айына дейін созылады. Сол жылы біздің өміріміздегі тым суық қыс болды. -52 градусқа дейін суытып, тіпті кірпіктерімізге қырау қатып қалған еді. Қысқасы, Семейде аман-сау қалсаңыз, кез келген жерде өмір сүре аласыз (күліп). Ал Ақтауда желтоқсан айында да ауа райы жылы болуы мүмкін. Тағамдарға келсек, қазақ асханасы Африка асханасына өте ұқсас. Бұл жағынан жолым болды. Май, қуырылған тағамдар жиі қолданылады, фаст-фудты сирек тұтынады. Ал бешбармақ пен кәуаптың жөні тым бөлек, өте дәмді.

    - Адам ортасын өзгертеді, сол сияқты Адамға тұрған ортасы да əсер етеді. Қазақстандағы тұрмыс сізді өзгертті ме?

    -Жалғыздыққа үйрендім. Өзім ғана тұрғандықтан, асты өзім әзірлеуіме тура келді. Қазір өте жақсы аспазбын дей аламын. Тіпті отбасыма барғанда бәрі менің дайындаған тағамымды жегісі келеді. Сонымен қатар Қазақстанға келуім мені маман ретінде шыңдады. Ақылды оқушылармен жұмыс істеудің арқасында өзімді де дамыттым. SAT, NUFYP емтихандарына бірнеше оқушыны дайындадым. Дайындық курстарына арнап әзірлеген нұсқаулықтарым барлық НЗМ-де қолданылып жүр. (SAT – шетелдік оқу орындарына, NUFYP – Назарбаев университетіне түсуге арналған емтихан). Шынымды айтсам, мұнда 5 жылда атқарған жұмысым Ұлыбританияда 10 жылда жасаған жұмысыммен пара-пар.

    - Өзіңіз араласатын қазақтардың бойынан сізге ұнайтын жəне ұнамайтын қасиетті атасаңыз.

    - Семей халқы тілтабысқыш, кез келген сәтте көмекке әзір. Ақтаудағы қазақтар да солай, бірақ өте ұстамды келеді.

    - Мектепте француз үйірмесін жүргізеді екенсіз. Жалпы қанша тіл білесіз? Қазақстандықтармен түсінісу қиынға соқпай ма?

    - Ағылшынша, французша және төрт африкалық тіл білемін. Олар: лингала, чилуба, киконго, суахили. Қазақша түсінбеймін, орызша аздап түсінемін.

    - Өзіңіз, отбасыңыз жайлы айтып беріңізші. Олардан жырақ жүру қиын емес пе? Жиі барып тұрасыз ба?

    - Конгода туып, өстім. Мектепті сонда аяқтадым. 1990 жылы Лондонға магистратураға түсуге келіп, сонда тұрақтап қалдым. Сонда жарымды кездестіріп, отбасын құрдым. Қазір үш балам, үш немерем бар. Олар Лондонда тұрады, алғашында олардан жырақ жүру қатты қиынға түсті. Қазір үйрендім, екі ай сайын барып тұрамын.

    - Майкл мырза, әңгімеңізге рақмет. Жұмысыңызға табыс тілеймін.

    - Сізге де рақмет!

    П.С. Біз әңгімелесіп бола бергенде ішке қоңырау соғылды. Майкл ұстаз оқушыларды халықаралық емтиханға дайындау сабағына кірісіп кетті.

    Әңгімелескен Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    1438
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    сұхбат жастар беті
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жастарға арналған жаңа жоба: грант ұтып ал да кәсіп аш

    Келесі жаңалық

    21 мың теңге жәрдемақы кімге төленеді?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1845

      Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
      2446

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2648

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2006

      Өжет те өткір тергеуші қыз

      [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
      2520

      Майкл Малутчи: "Қазақстан мені маман ретінде шыңдады"

      [ 2019 ] 6 наурыз, 07:48
      1439

      Рубрикалар

        Қызық дерекБайланыс мәліметтеріҚоғамМәселеЖастар бетіРедакция ұжымыРедакцияӘдебиетТүпқараған

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1812

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1733

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2177

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      1984

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2511

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2047

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»