Англия құрамасы жартылай финалда Нидерланд құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Матчтың 7-минутында Хави Симонс есеп ашып, Нидерланд алға шыққан. Ал 18-минутта Нидерланд қорғаушысы айып алаңында Англия ойыншысы Харри Кейннің аяғынан теуіп, төреші пенальти белгіледі. Кейн пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Осылайша есеп теңесті. Матч аяқталуға аз уақыт қалғанда Англия ойыншысы Олли Уоткинс Нидерланд қақпасына гол салып кетті.
14 шілдеде Берлинде өтетін финалда Англия мен Испания ойнайды.
Англия биыл екінші рет қатарынан Еуропа чемпионатының финалына шықты. Еуро-2020 додасының финалында Англия Италиядан жеңілген еді.