Тайландта 15 және 20 жастағы балуандар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасында Маңғыстау облысының 4 спортшысы белдеседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
16-24 шілде күндері жалауы желбірейтін додаға еліміздің қыздар құрамасында U-15 және U-20 санаты бойынша 20 балуан күреседі. Ал 15 жастағы спортылар арасында Маңғыстау облысының 4 өкілі сынға түседі.
U-15 құрамасы:
33 кг: Арайлым Убайдулла )Түркістан)
36 кг: Інжу Баққожа (Алматы обл)
39 кг: Раян Жамсапқызы (Қызылорда)
42 кг: Карина Дьяченко (Павлодар)
46 кг: Ангелина Селезнева (Маңғыстау)
50 кг: Назерке Оразбекова (Түркістан)
54 кг: Аружан Бақытнұр (Жетісу)
58 кг:Арина Қуанышова (Маңғыстау)
62 кг: Мия Микаилова (Маңғыстау)
66 кг: Сидра Жаксыбай (Маңғыстау)
U-20 құрамасы:
50 кг: Лаура Ғаниқызы (Алматы қ.);
53 кг: Еңлік Қабылбек (Түркістан);
55 кг: Алиана Махамбетова (Қарағанды);
57 кг: Шұғыла Өмірбек (Түркістан);
59 кг: Ангелина Первухина (Қарағанды)
62 кг: Софья Змазнева (Павлодар)
65 кг: Қорлан Аманова (Қарағанды);
68 кг: Бейбіт Сейдуалы (Шымкент);
72 кг: Жібекжан Сабыржанова (Қызылорда);
76 кг: Алина Ертөстік (Алматы қ.).