• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Құрылысшы ана: "Бұл - жүрек қалауымен таңдаған мамандық"

[ 2019 ] 12 наурыз, 11:30  |  Сұхбат

Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей қыз-келіншектерді құрылыс саласында көп кездестіре бермейміз. Жұмысы ауыр сала. Онда ер мінез, қайратты бірен-саран ғана қыз-келіншек еңбек етеді. Солардың бірі - Бейнеу ауылында тұратын еңбек ардагері Ұлбике Ермақанова болатын. Құрылысшы анамен сұхбаттасып, еңбек жолынан біршама әңгіме қозғағанбыз. Сол сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

- Ең алдымен сізді мерекеңізбен құттықтаймын. Қыз-келіншектерге ауыр соғатын құрылыс жұмысына қалай келдіңіз? Осы мамандықты өз қалауыңызбен таңдадыңыз ба, әлде кездейсоқ келдіңіз бе? - Мен құрылысқа кездейсоқ келгенім жоқ. Өзімнің қалауыммен келдім. Алғашқы еңбек жолымды Қарақалпақстанның Хожелі ауданындағы 22-партия сьезд атындағы совхозда құрылыстан бастадым. Құрылыста жүріп, ағаш шебері Алпысбаймен танысып, тұрмыс құрдым. Дәм-тұзымыз жарасып кетті. Содан кейін атажұртқа аңсарымыз ауып, 1976 жылы Бейнеуге көшіп келіп, №1202 жылжымалы механикаландырылған колонноға сылақшы-сыршы жұмысына қабылданып, еңбек жолымды жалғастырдым. Жолдасым Алпысбай да осы мекемеге ағаш шебері болып орналасты. Мен ПМК-да шебер құрылысшы Антонина Григорьевна Ивченконың бригадасында сылақшы болдым. Уақыт өткен сайын тәжірибем арта түсіп, шебер сылақшы-сыршы ретінде көзге көріндім. Ол кезде мектептегі 10-11 сынып оқушылары жазғы демалыс кезінде құрылыс жұмыстарына келіп, жұмыс жасап, еңбекақы табатын еді. Біздер оқушыларға және жаңадан жұмысқа кіріскен жас мамандарға құрылыстың қыр-сырын үйретуден де жалыққан жоқпыз. Келе-келе қатарымыздағы жастар көбейді. Бригадиріміз Антонина Григорьевна бір күні бригаданы бөліп, кезең талабына сай комсомол жастар бригадасын құруды ұсынды. Оның өзі облыстық советтің депутаты еді. Бұл ұсыныс мекеме басшылығы тарапынан қолдауға ие болды. Сонда маған сенім артып, комсомол жастар бригадасының жетекшілігіне ұсынды. Сөйтіп ұжымның қолдауымен «Жалын» деп аталған комсомол жастар бригадасының бригадирі болып шыға келдім. Менің бригадамда жалындай жарқылдаған қыздар болатын. Біздер кәнігі сылақшы-сыршы шебер Антонина Григорьевнаның бригадасымен социалистік жарысқа түсіп, аянбай еңбек етіп, озат болуға ұмтылдық. Тапсырмаларды орындау барысындағы көрсеткішіміз жаман болған жоқ. Сол кезде бес жылдық жоспар деген болды. Айлық жоспарымызды асыра орындап, абырой биігінен көрініп жүрдік. Бейнеу ауданының көлеміндегі совхоздардың құрылыс жұмыстарында мектеп, балабақша, тұрғын үй ғимараттарын салуға атсалыстық. Аудан орталығындағы «Айгүл» балабақшасы, аудандық аурухана, екі қабатты тұрмыс қызметін өтеу комбинаты мен мемлекеттік банк ғимараттарында біздің құрылысшылардың қолтаңбасы бар. Бригадамызда қолынан іс келетін құрылысшы қыз-келіншектер көп болды. Атап айтқанда, Қуанбибі Нұрқожаева, Мариям Ермақанова, Хансұлу Дәулетова, Айжан Тәжмұханова... аттары есіме түсіңкіремей отыр, тағы да басқалары ерлерше еңбек етті. Еңбек еш кеткен жоқ. Мекеме тарапынан ай сайын мерекелерде ақшалай және заттай сыйлықтар алып, грамоталармен марапатталдық. Бұл біздердің ұзақ жылғы маңдай тер, табан етіміздің жемісі деп білемін. - Ұлбике апа, бір үйде екі адамның құрылыс саласында жұмыс жасағаны отбасына қиын болған жоқ па? Әйелдердің үйдегі жұмысы да аз емес, бала тәрбиесі деген тағы бар... - Жоқ! Бір үйден екі адам құрылыста жасасақ та қиындық көрмедік. Себебі отбасы, ағайын-туыс арасындағы татулықтың көрінісі шығар, қайын сіңлім, абысыным мен қайын ағам біздің үй шаруашылығымызға қолғабысын аяған жоқ. Бала күтіміне де солар көмектесіп отырды. Өзіміз де «Ерте тұрып, кеш жатып» дегендей, бәріне де үлгеріп жүрдік ғой. Сосын Алпысбай екеуіміз алаңдамай, білекті сыбанып жұмыс жасай бердік. Құдай берген 3 ер бала, 2 қыз баланы тәрбиелеп, оқытып, ешкімнен кем қылған жоқпыз. Балаларым ел қатарлы оқып, мамандық алды. Қазір ұлды ұяға қондырып, қызды қияға ұшырып дегендей, әрқайсысы - бір-бір шаңырақ иесі, өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп отырған отбасы. Соларды қызықтап өмір сүріп жатқан жайым бар. «Сіздердің еңбек жолыңызды қуған балаларыңыз бар ма дейсің бе?» ...Иә, Жамбыл Бегелеков деген баламның қолы ұсынақты, шеберлігі бар. Қазіргі кезде Бейнеу гимназиясында оқушыларды еңбекке баулып жүрген ұстаз. - Осы жыл Жастар жылы деп аталып жатыр. Одан хабарыңыз бар шығар. Өмірде еңбекпен шыңдалған ардагер құрылысшы, отбасында ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана ретінде жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? - Ең бірінші кезекте сіңлілерім мен қыздарыма айтарым, қыз балаға тән инабатты, ибалы болып, ата-ананы сыйлай біліңдер дер едім. Бүгінгі қыз бала-ертеңгі отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиелеп өсіретін ана болатынын естен шығармағаны дұрыс. Сондықтан қыздар отбасы тәрбиесіне құлақ асып, адамгершілік тұрғысындағы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, алдындағы аналардың өнегелі жолынан адаспаулары керек. Ал мамандық таңдау мәселесіне келетін болсақ, оның негізі білімге тірелетіні белгілі. Сол үшін әркім өзінің біліміне, қарым-қабілетіне қарай мамандық таңдауы қажет-ақ. Қазіргі жастардың білімді болуын заманның өзі талап етіп отыр. Баяғыдай емес, қазір компьютермен жұмыс жасайтын кез. Компьютердің кілті - ағылшын тілінде. Сол үшін тіл білу керек. Әсіресе, қазір ағылшын тілінің заманы туып отыр. Тіл білмеген адам шетел компанияларында, компьютерде жұмыс жасай алмайды. Яғни тіл білмесең, қазіргі технологияны меңгеру қиын болады. Жастар «жұмыс жоқ» деп жүре бермей, кәсіпкерлікпен айналысқаны жөн. Елбасының тапсырмасы бойынша кәсіпкер боламын деушілерге қолдау жасалып, мол мүмкіндік туып отыр. Осы мүмкіндікті мүлт жібермеу керек деп ойлаймын. Сөзімнің соңында әйелдер және амал мерекесі құтты болып, әрбір отбасының берекесі арта бергей, ұл-қыздарымыз аман, дендері сау болғай! Заманымыз тыныш, қуанышымыз көп бола бергей деп тілеймін. - Рахмет! Өзіңізге де бар жақсылықты тілейміз. Ұл-қыздарыңыздың қызығын көре бергейсіз!

Сұхбаттасқан Кәрісбай ӘДІЛ

2058
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
сұхбат аудан тынысы бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

21 мың теңге жәрдемақы кімге төленеді?

Келесі жаңалық

Мәңгілік өнегеге айналған тұлға

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мақсатымыз – терең білім, өнегелі тәрбие

    [ 2019 ] 14 тамыз, 10:37
    1848

    Тәртіп пен жауапкершілік қалыптасқан ұжым

    [ 2019 ] 7 тамыз, 05:21
    1455

    Құрылысшы ана: "Бұл - жүрек қалауымен таңдаған мамандық"

    [ 2019 ] 12 наурыз, 11:30
    2059

    Әбілқайыр Ищанов: Жойқын күштің иесі де бапкерсіз жеңіске жете алмайды

    [ 2019 ] 18 ақпан, 06:41
    1309

    Биыл Бейнеу ауданының қоғамдық кеңесі қандай мәселелерді қарады?

    [ 2018 ] 25 желтоқсан, 11:47
    1329

    Сам орта мектебіндегі кездесу

    [ 2018 ] 19 қараша, 06:44
    2058

    Рубрикалар

      Әлем жаңалықтарыАНТИКОРМәселеҚоғамЖаңалықтарСаясатБіле жүріңізКомплаенсХабарландыру

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2718

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2389

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2226

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2949

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2588

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2440

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»