• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Әбілқайыр Ищанов: Жойқын күштің иесі де бапкерсіз жеңіске жете алмайды

    [ 2019 ] 18 ақпан, 06:41  |  Спорт

    ©

    Бейнеу ауданының ардагер спортшыларымен әңгімелескен кезімізде салауаттылық ежелден тұрмыс салтымызға айналғанын, қай кезде де қазақтың ұл-қыздары спортқа бір табан жақын жүргенін аңғарамыз. Опорный орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі, есімі ауданымыздың ардақты ардагер спортшы Әбілқайыр Ищановпен сұқбаттасуымызда осы жайт анағұрлым айқындала түсті. "Қазіргі Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының Жылыой ауданының Құлсары кентінде 1959 жылы өмірге келген мен кіндік қаным тамған мекенімдегі «Абай» атындағы орта мектепте оқып жүріп 1971 жылы 12 жасымда Ембі аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қабылданып, алты жыл тәлім алдым", - деп бастады әңгімесін Әбілқайыр. - Әбеке, спорт табалдырығын аттаған алғашқы жылдардағы әсеріңізді еске түсірумен әңгімеңізді жалғастырыңызшы. - Спорт мектебі қабырғасында жүргенімде жеке бапкерім, спорт шеберіне үміткер Төлеген Сағатов деген ағайымның жаттықтыруында еркін күрес секциясында жүріп, аудандық, облыстық жарыстарда көріне бастадым. Нақтылап айтсам, 1975 жылы Доссор кентінде ұйымдастырылған Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұқанов атындағы сол жылдардағы дәстүрлі қалааралық турнирде екінші орынды алып, келесі 1976 жылы дәл осы турнирде бірінші орынды иелендім. Сол жылы ересектер арасындағы қазақша күресте Ембі ауданының чемпионы атандым. 1975-1977 жылдары Гурьев қаласында классикалық күрестен бірнеше мәрте жүлделі орындарды иемдендім. Бұлардың барлығы әрі мектеп оқушысы, әрі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қатысушысы болып жүрген мен үшін үлкен жетістік саналатын. - Бұл бойыңызға біткен ерекше күштің нәтижесі ме, әлде жаттықтырушыңыздың сізді спортқа баулудағы шеберлігінің жемісі ме? - Бойыма біткен күштің де әсері тиген шығар, бірақ қандай жойқын күштің иесі болсаң да жаттықтырушы мен бапкердің тәрбиесін алмасаң спортта жеңіске жете алмайтының анық. Біздерді спортқа қызықтырып, жеңіске жетелеуде мен тәлім алған спорт мектебінің 1969-1992 жылдар аралығындағы директоры Диас Сүлейменов қыруар қызмет атқарды. Бұл ағамыз волейбол, баскетбол, футбол ойындарының хас шебері, қол добынан (гандбол) Қазақстан құрама командасының белді мүшесі еді. 2009 жылы 72 жасында өмірден озған Диас ағамыздың еліміз спортшылары арасында беделі зор болды. 2010 жылдан бастап Қазақстанымызда волейболдан «Диас Сүлейменовты еске алу» турнирі өткізілуі менің сөзімнің дұрыстығын айғақтайды. Мені жеңіске жетелеу жолында классикалық күрестен бапкерім Амангелді Бисенқожин орасан еңбек етіп, тер төкті. Бұл кісілерге мен өте ризамын. Олар жайлы айтарым көп, бірақ бір мақалаға сыймайды-ау. - Шынайы пікіріңіз үшін риза болып отырмыз. Жарайды. Спорттағы жетістіктеріңіз жайлы әңгімеңізді одан әрі жалғастыра түссеңіз. - Мектептен кейін Қарағанды қаласындағы техникумның дене тәрбиесі бөлімінде білім алып, Отан алдындағы әскери борышымды өтеп елге оралғасын отбасымыз Бейнеу ауданындағы Опорный елді мекеніне қоныс аударды. Сол жылдарда – теміржол саласында еңбек етіп жүргенімде ауданымыздағы спорт мектебінің жаттықтырушысы Тимур Бисенқұлов ағамыздың жетекшілігінде Батырхан Оссаламов, Нұржау Жалғабаев, Кенжебай Елубаев, тағы басқа жігіттермен бірге сансыз спорт сайыстарында ауданымыздың абыройын асқақтаттық. 1981-1982 жылдары Шетпеде ұйымдастырылған еңбек ардагері Оспан Шамғұлов атындағы турнирде 100 келіден жоғары салмақта қазақша күреске қатысып, облыс чемпионы атандым. 1988 жылы Бейнеуде ұйымдастырылған самбо күресі бойынша облыс біріншілігінде бірінші орынды иелендім. Сол жылы ауыл-село спортшыларының облыстық спартакиадасында қазақша күрестен жүлделі орынды жеңіп алдым. 1991 жылы ауданымыздың орталығында жаңадан ашылған «Әли Балта палуан атындағы» стадионда өткен облыстық чемпионатта қазақша күрестен ауыр салмақтағы балуандар арасында жүлделі орынды иелендім. «Шығатын биіктерім алдымда. Спорт алаңынан кетпесем, оларға қол жеткіземін» деп ойлайтынмын. Бірақ, шынымды айтайын, отыз жастан кейін топ ортасындағы алаңға шығып, 18 бен 25 жас аралығында жалындап тұрған жастармен күш сынасу ыңғайсыз екен. 1997 жылы 38 жасымда Опорный орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызметке орналасқан кезімнен бастап спорт алаңынан кеттім. Спорт алаңынан кетсем де спорттан кетпедім. Енді жас ұрпақты спортқа баулуға біржолата ден қойып, бапкерлікке бет алдым. - Кеше спортшы едім, бүгін бапкерге айналдым, дейсіз ғой. Ендеше болашағынан мол үміт күттіретін шәкірттеріңіз жайлы айтып өтсеңіз. - Бапкерлікке бет бұрғанда байқағаным, ерінбей спортқа баулып, жаттықтырсақ, ауылымыздағы жастардан талай дүлдүлдер топ жарып шығады. Шәкірттерімнің арасында Исламбек Нұрмағанбетов Павлодар қаласында өткен қазақша күрестен республикалық біріншілікте жүлделі орынды иеленіп, «Спорт шеберіне үміткер» атағын алып, «Рауан» газеті бұл жайында мақала жариялады. Тағы бір шәкіртім Мерей Сатқанұлы 2018 жылы Алматыда испаниялық скаут бапкерлерінің арнайы іріктеуінен өтіп, Барселона кәсіпқой спорт клубында оқу-жаттығу жиынына қатысты. Тума спортшы бұл шәкіртімнің спортқа сәтті қадамын одан әрі жалғастыруына қаражат тапшылығы қолбайлау болғанын жасырмаймыз. Ал мектебіміз 2012 жылғы оқушылар спартакиадасында арнайы кубокпен марапатталды, 2018 жылы облыстық «Мектеп лигасы», «Алтын доп» сайыстарында спортшы шәкірттеріміз арнайы кубок және төсбелгілермен марапатталды. Сөзімді түйіндей келе айтарым, ауылымызда спорттан топ жарып шығайын деп тұрған жастар аз емес. Оларды қолдап отыруымыз керек. - Сұхбатыңыз үшін рахмет.

     Сұхбаттасқан Қартбай ҚОЖАЕВ

    1332
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    спорт сұхбат аудан тынысы бейнеу
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Мұнайлыда айтулы күнге орай каратэ-додан жарыс өтті

    Келесі жаңалық

    Республикалық конкурста "Жас батыр" мектебі үздік атанды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Әбілқайыр Ищанов: Жойқын күштің иесі де бапкерсіз жеңіске жете алмайды

      [ 2019 ] 18 ақпан, 06:41
      1333

      Мақсатымыз – терең білім, өнегелі тәрбие

      [ 2019 ] 14 тамыз, 10:37
      1868

      Тәртіп пен жауапкершілік қалыптасқан ұжым

      [ 2019 ] 7 тамыз, 05:21
      1476

      Құрылысшы ана: "Бұл - жүрек қалауымен таңдаған мамандық"

      [ 2019 ] 12 наурыз, 11:30
      2103

      Биыл Бейнеу ауданының қоғамдық кеңесі қандай мәселелерді қарады?

      [ 2018 ] 25 желтоқсан, 11:47
      1355

      Сам орта мектебіндегі кездесу

      [ 2018 ] 19 қараша, 06:44
      2094

      Рубрикалар

        анонсЖарнамаКомплаенсӘдебиетРедакция туралыӘлем жаңалықтарыСпортАНТИКОРБіле жүріңізАшық қоғамАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»