• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 12 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Маңғыстаудың балабақшаларына маман жетіспейді

    [ 2018 ] 20 қараша, 13:50  |  Қоғам

    ©

    Маңғыстау облысы көлемінде орналасқан жекеменшік балабақшалардың бірқатары талапқа сай жұмыс жасамай отыр. Ол туралы «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының мәжілісінде айтылды. Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясының өкілдері, білім сараптама тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция басшылығы, білім және денсаулық басқармасы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс сапасы төңірегінде өзекті мәселелерді талқылады. Айта кету керек, осыған дейін «Нұр Отан» пар­тиясы Маңғыстау облыстық филиалында Маңғыстау облысы әкі­мінің қатысуымен саяси кеңес өткен болатын. Онда Елбасының «Қазақстандықтардың әл­-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған жобалар мен тапсырма­лар талқыланған­ды. Соның бі­рі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сапасын түбегейлі жақсартып, бүлдіршіндердің қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында балабақшалар толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталуы тиіс. Осыған орай облыс әкімі Е.Тоғжанов құзырлы органдарға арнайы мониторин­гтік топ құрып, балабақшалардың мәселесін анықтау үшін тапсырма берген болатын. Арнайы мони­торингтік топтың қорытындысы бойынша бүгінгі таңда жеке­меншік балабақшаларда бір­неше олқылықтар анықталып отыр. Ол туралы жиында сөз ал­ған «Нұр Отан» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы төр­ағасының орынбасары Звира Түгелқызы айтып өтті. «Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, қаладағы 37 жеке балабақша бей­небақылау жүйесімен яғни 90% жабдықталған. Алайда жүргізілген мониторингке сәйкес 37 жекемен­шік балабақшаның тек 21-­і ғана бейнебақылау жүйесімен қам­тамасыз етілген, ал қалған бала­бақшалардағы қадағалау камерала­ры істен шығып қалған. Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларда келесі мамандықтар бойынша ма­мандар жетіспейді: орыс тілді топтарға білім беретін оқытушылар, әдіскерлер, логопед, бала психолог­тары. Кейбір балабақшаларда пе­дагогикалық қызметкерлердің білімі тек орта арнайы деңгейде. Тағы бір мәселе: жеке балабақша­лар негізінен коттедж үлгісінде­гі үйлерде орналасқан. Мұндай үйлердің мақсаты әдетте құрылыс талаптары мен ережелеріне сәй­кес келмейді. Сәйкесінше бала­бақшаларда орналасқан құрылғы­лар мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысын, яғни санитарлық-­эпидемиологиялық талаптарды бұзады. Сондай-­ақ кейбір балабақшаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қау­лысымен бекітілген «Білім бе­рудің тиісті деңгейлерінің мем­лекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту» тура­лы ережеге сәйкес келетін ойын алаңдары жоқтың қасы», – деді З.Есбергенова. Қалалық білім бөлімінің мәлі­метіне сүйенсек, бүгінгі таңда Ақ­тау қаласында 41 жекеменшік ба­лабақша бар. Оның 5-­еуі Өмірзақ елді мекенінде орналасқан. Мемлекеттік тапсырыс алып отырған­дарының саны 31 болса, ал 4 бала­бақша мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс жасауда. «Біз балабақшаларға мемлекет­тік тапсырыс берер кезде конкурс жариялаймыз. Олар тізім бойынша бізге құжат тапсырады. Құжаттар­дың ішіне арнайы талаптарға сай денсаулық сақтау басқармасынан, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен және құрылыс басқармасынан алынған анықтамалары кіреді. Яғни біз же­кеменшік балабақшаның құрылыс нысанын, санитарлық­-эпидемио­логиялық жағдайын және тағы да басқа қауіпсіздік жағдайын анық­тау мақсатында жоғарыда аталған мекемелердің көмегіне жүгінеміз. Олар талапқа сай деген анықтама берсе біз оларға мемлекеттік тап­сырысты береміз. Дегенмен тапсы­рыс алып отырған балабақшаларда бүгінгі таңда кемшіліктердің бар екенін жасырмаймыз. Оны өзіміз де жылына екі рет тексеру кезін­де анықтадық. Балабақшаларды бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету мәселесіне ке­лер болсақ, жоғарыда анықталған ұйымдарға 15 қарашаға дейін уа­қыт берген болатынбыз. Қазіргі таңда олар толық бейнебақылаумен қамтамасыз етілді. Енді мамандардың жетіспеуіне келетін болсақ тек жекеменшік балабақшада емес, мемлекеттік балабақшада да осы мәселе бар. Бұған бірден-­бір себеп – мектепке дейінгі ұйымдарда жалақының аз­дығы. Күні кеше ғана білім және ғылым министрі Е.Сағадиев келесі жылы мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық дипломы бар ма­мандарды жұмысқа алуға талап қойып отыр. Егер осы жағдай болса маман мәселесі шешіледі деген ойдамыз. Екіншіден, орыс тіл­ді мамандардың жетіспеуі. Әрине, бұл – үлкен мәселе. Осыған байла­нысты Маңғыстау гуманитарлық колледжімен меморандум жасақталып, биылғы оқу жылында ба­лабақшаларға арналған орыс тілі бойынша бір топ ашылды. Алай­ да жастар төленетін жалақының аздығына байланысты барлығы бірдей балабақшаға барып отыр­ған жоқ. Осы орайда Елбасымыз­дың мұғалімдер мәртебісін көтеру­ге байланысты бастамасы өзекті мәселелерді шешеді деп үлкен се­нім артып отырмыз", – деді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бағдат Сырымқызы. Осы орайда жиынға ар­найы қатысқан денсау­лық сақтау басқармасы­ның өкілі де балабақшалардағы санитарлық­-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты өз жауа­бын жіткізді. "Денсаулық сақтау министрлігі­нің 2017 жылдың 17 тамызда шыққан мектепке дейінгі ұйымға және балалар үйіне қойылатын санитарлық-эпидемиология­лық талаптар ережесі бойынша 615­-бұйрығы бар. Осыған орай облыс бойынша қазіргі таңда 213 балабақшаға тексеру жүргіздік. Жүргізілген тексеріс бойынша барлық ұйымда кемшіліктер анық­талды. Оларға ұйғарымдар беріл­ді. Оның ішінде 97-­сіне айыппұл салынды. Әрине біздің міндеті­міз – тексеру, ұйғарым беру немесе айыппұл салу. Бірақ бүгінгі таңда өзін-­өзі бақылау деген бар. Осы өзін­өзі бақылау бұйрықтары ба­лабақшаларда орындалмай отыр. Олар бізден анықтаманы жаңа­дан ашылған кезде алады. Ал одан кейін де әртүрлі кемшіліктер болады. Біз анықтама бергеннен кейін күнде келіп тексеруге қа­қымыз жоқ. Тамағын да күнде­лікті қадағалай алмаймыз.  Біз  тек  өзіміздің жоспарымызға сай тексеруге шығамыз. Осы орайда менің ұсынысым бар. Кез келген ұйымдарда мамандардың білік­тілігі маңызды рөл атқарады. Же­кеменшік балабақшалардағы ма­мандар медициналық, балаларға тәрбие, білім беру және қауіпсіздік жағынан өте төмен көрсеткіште. Оларды тиісті органдар болып бірігіп оқытып, біліктіліктерін арт­тыруымыз керек", – деді денсаулық сақтау басқармасының бөлім бас­шысы Нұрсұлу Аманбекқызы. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы мониторингтік топ мүшелерінің бақылауы барысында жекемен­шік балабақша тәрбиешілерінің біліктілік арттыру семинарлары­на бармайтыны анықталды. Сол ұйымдарда жасайтын медбикелер де арнайы семинарларға қатыспайды екен. Оны Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау депар­таменті басшысының орынбаса­ры Гүлнар Өтебаева айтты. Осы уақытқа дейін жекеменшік бала­бақшалар тарапынан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына біліктілік арттыру семинары бо­йынша өтініштер түспеген. "Мемлекеттік балабақшалардың барлығы аймақтық емханаларға тіркелген. Медбикелері уақытылы оқытылып отырады. Оқуға байла­нысты қаражат сол емхана есебі­нен бекітілген. Ал жекеменшік балабақшаларда медициналық қызметкерлердің санатын жетіл­діруге, оқытуға, біліктілігін арт­тыруға жұмыс беруші жауапты. Бізге жекеменшік балабақшалар басшыларының тарапынан оқы­туға ешқандай ұсыныстар келіп түспейді",– дейді Г.Өтебаева. Ақтау қалалық білім бөлімі өкілініңайтуынша, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға байланыс­ты семинарлар барлық жекемен­шік балабақшаларға хабарланады. Алайда мамандарын оқытуға бюд­жеттен арнайы қаржы бөлінсе де, басшылық тарапынан жауапкер­шілік төмен. Жақында өткен тәр­биешілердің біліктілігін арттыру семинарына 125 тәрбиеші қатыс­қан. Соның 25-­і ғана жекеменшік балабақшадан келген. Осы орайда жиынға қа­тысқандар тарапынан аталған мәселе төңіре­гінде арнайы мониторингтік топ құрылып, бақылау жүргізу ұсы­нылды. Бала – еліміздің болашағы. Бұл жерге ешкім балабақшалардың жұмысын сынауға келген жоқ. Дегенмен бүлдіршіндердің қа­уіпсіз жерде тәрбиеленіп, сапа­лы білім алуы – басты мақсат. Ал мониторингтік топтың көздегені – олқылықтар анықталған бала­бақшалардың жұмысын жолға қоюға көмектесу, кеңес беру және тәрбиешілер мен медбикелердің біліктілігін арттыруға атсалысу. Бөбектердің болашағы сөз бол­ған жиынды Звира Түгелқызы қо­рытындылады. "Мәселелердің өзекті екенін бі­ліп отырмыз. Елбасының Жолдау­да айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында біз атқарылып жатқан қызметтерге бақылау жұмысын жүргізуге құқылымыз. Біз ешкімді сынап, әшкерелемейміз. Бірақ ба­лалардың қауіпсіздігі біз үшін ма­ңызды. Осындай арнайы монито­рингтік топ құрып, жұмыстарды бақыламағанда көптеген мәсе­лелер назардан тыс қалар еді. Осы бағытта тиісті жұмыстарды жалғастырамыз. Айтылған өзекті мәселелерге байланысты сіздерден ұсыныстар күтеміз. Біз де өз та­рапымыздан бірнеше ұсыныстар дайындап, облыс әкіміне жеткі­зетін боламыз. Бұл жерде барлық жекеменшік балабақшалар дұрыс жұмыс жасамай отыр деген тү­сінік болмасын. Біздің мақсат – балабақшалардағы кемшіліктерді жоюға көмектесу", – деді. Алдағы уақытта бөбектердің болашағы үшін қызмет атқарып жатқан балабақшалардың қызмет сапасы жақсарып, айтылған кем­шіліктер бойынша нәтижелі жұ­мыстар атқарылады деген сенім­деміз.

    Айгүл ОРЫНБАЕВА, Басты сурет сайттың архивінен алынды

    1142
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Сам орта мектебіндегі кездесу

    Келесі жаңалық

    Жастарға жат ағымнан сақтанудың жолдары айтылды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3647

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3384

      Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

      [ 2019 ] 11 шілде, 07:05
      5699

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2566

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4388

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2438

      Рубрикалар

        СараптамаМәдениетҚұқықҚоғамАудан тынысыӘдебиетЖастар бетіКомплаенсРедакция

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»